1. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы мен "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының Орал-Каспий балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының қарамағына беру және оны Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Атырау бөлiмшесi етiп қайта құру жөнiндегi Атырау облысының әкiмiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
Ғылыми-зерттеу институтын қайта құру Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясына ғылыми-зерттеу жұмыстары үшiн бөлiнген бюджеттiк қаржылар мен басқа да лимиттер шегiнде жүргiзiлсiн.
2. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы бiр айлық мерзiм iшiнде берiлген ғылыми мекеменiң ғылыми қызметiнiң негiзгi бағыттары мен ұйымдық құрылымын белгiлейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi