1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 55 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Ұлттық аэроғарыш агенттiгiне Агенттiктiң бас директорының бiр орынбасарын, сондай-ақ 5 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат берiлсiн. <*> Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995. 07.11. N 944 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiнiң орталық аппараты үшiн қызметтiк 2 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 қарашадағы N 1326 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi орталық аппаратының Құрылымы Ұлттық және мемлекетаралық аэроғарыш бағдарламасы бөлiмi Зымыран-ғарыш өнеркәсiбi бөлiмi Авиация өнеркәсiбi бөлiмi Қашықаралықтан бақылау және жер серiктерi байланыстары бөлiмi Бухгалтерлiк есеп және экономика бөлiмi Халықаралық ынтымақтастық және шарт-хаттама жұмыстары бөлiмi Кадр және арнаулы жұмыстар бөлiмi Старттық зымыран-ғарыш кешенiн пайдалану бөлiмi Ұшуды бақылау және басқару жүйелерiн пайдалану бөлiмi Зымыран-ғарыш кешенiн конверсиялау және қайта құрастыру бөлiмi Зымыран-ғарыш техникасы бойынша мамандар даярлау бөлiмi