Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық аэроғарыш орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 29 қараша N 1326. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.04.03. N 382 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 55 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы

Ұлттық аэроғарыш агенттiгiне Агенттiктiң бас директорының
бiр орынбасарын, сондай-ақ 5 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат
берiлсiн.
<*>

     Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
              07.11. N 944 қаулысымен. 
     3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Ұлттық аэроғарыш агенттiгiнiң орталық аппараты үшiн қызметтiк
2 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 29 қарашадағы
                                           N 1326 қаулысына
                                            Қосымша
            Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
            жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi орталық
                        аппаратының
                         Құрылымы
     Ұлттық және мемлекетаралық аэроғарыш бағдарламасы бөлiмi
     Зымыран-ғарыш өнеркәсiбi бөлiмi
     Авиация өнеркәсiбi бөлiмi 
     Қашықаралықтан бақылау және жер серiктерi байланыстары бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп және экономика бөлiмi
     Халықаралық ынтымақтастық және шарт-хаттама жұмыстары бөлiмi
     Кадр және арнаулы жұмыстар бөлiмi
     Старттық зымыран-ғарыш кешенiн пайдалану бөлiмi
     Ұшуды бақылау және басқару жүйелерiн пайдалану бөлiмi
     Зымыран-ғарыш кешенiн конверсиялау және қайта құрастыру бөлiмi
     Зымыран-ғарыш техникасы бойынша мамандар даярлау бөлiмi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады