Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Салық милициясы органдарының қызметкерлерiне қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне 27 қызметтiк жеңiл автомобиль, оның iшiнде Бас салық инспекциясының Салық милициясы басқармасына - 2, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының салық милициялары үшiн - 25 жеңiл автомобиль лимитi
бөлiнсiн.
2. "Арнаулы жеңiл автомобильдердiң тиесiлiлiк табелiн бекiту
туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 3 тамыздағы
N 242 қаулысымен бекiтiлген Қазақ ССР Министрлер Советiнiң
қарамағындағы бюджеттiк мекемелер мен ұйымдар үшiн арнайы жеңiл
автомобильдердiң тиесiлiлiк табелi қосымшаға сәйкес толықтырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 2 желтоқсандағы
N 1344 қаулысына
Қосымша
Арнайы жеңiл автомобильдердiң тиесiлiлiк табелiне
Қосымша
---------------------------------------------------------------------
Атауы! Қызмет ! Арнайы жеңiл автомобиль ! Мекемеге, ұйымдар құрылым.
! мақсаты ! пайдалану құқы бар меке ! дық бөлiмшеге арналған ав.
! ! мелер мен ұйымдар ! томобиль саны
---------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
салық қызметiнiң салық милициясы
жедел профилакти республикалық 3
калық және облыстық 3-5
жедел қажет. қалалық және ауданаралық 2-3
тiлiктi аудандық 2
қамтамасыз
ету