1. Алматы облысы әкiмiнiң зират басына ескерткiш және С.Бердiқұлов тұрған Алматы қаласының Фурманов көшесiндегi 152-шi үйге мемориалдық тақта орнату туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Алматы облысы Жамбыл ауданының мектебiне С.Бердiқұлов
есiмi берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi С.Бердiқұловтың екi томдық таңдамалы шығармалар жинағын шығаруды қарастырсын. 4. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi спорт пен дене тәрбиесi туралы озық жарияланымдарға жыл сайын берiлетiн С.Бердiқұлов атындағы сыйлық тағайындайтын болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары