Жазушы Сейдахмет Бердiқұловты мәңгi есте қалдыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 2 желтоқсан N 1363

      Көрнектi жазушы, журналист Сейдахмет Бердiқұловты мәңгi есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Алматы облысы әкiмiнiң зират басына ескерткiш және С.Бердiқұлов тұрған Алматы қаласының Фурманов көшесiндегi 152-шi үйге мемориалдық тақта орнату туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Алматы облысы Жамбыл ауданының мектебiне С.Бердiқұлов

есiмi берiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат
министрлiгi С.Бердiқұловтың екi томдық таңдамалы шығармалар
жинағын шығаруды қарастырсын.
     4. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт 
министрлiгi спорт пен дене тәрбиесi туралы озық жарияланымдарға
жыл сайын берiлетiн С.Бердiқұлов атындағы сыйлық тағайындайтын
болсын.
        
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады