Патенттiк баж салығы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 5 желтоқсан N 1369. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.03. N 1139 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiлерi және тауардың шыққан жерiнiң аты туралы" Заңның және "Қазақстан Республикасының Патент Заңын" тиiмдi жүзеге асыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне отандық және шетелдiк арыз берушiлердiң мемлекеттiк қорғау құжаттарын уақтылы берудi қамтамасыз ету, республиканың патент жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн мемлекеттiк қорғауға байланысты заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн қазақстандық және шетелдiк арыз берушiлерден патенттiк баж салығын Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосы алады деп белгiленсiн.<*> 
      Патенттiк баж салығы өнертабыстарға, өнеркәсiп үлгiлерiне, пайдалы модельдерге, тауар таңбаларына және қызмет көрсету белгiлерiне, патент грамоталарын және өнертабыс сипаттамалары жарияланымдарына, өнеркәсiп меншiгiнiң тiркелген объектiлерi туралы ведомствоның ресми бюллетеньдерiне, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны дамытуға, кадр даярлауға және халықаралық патенттiк келiсiмдерге қатынасуға берiлген өтiнiмдерге сараптау жүргiзуге бағытталған қызметтi атқару үшiн ведомствоның арнаулы қаражат жөнiндегi ағымдағы есепшотына аударылады. 
      Арнаулы қаражат бойынша табыстың шығыннан асқан сомасы 25 процент мөлшерiнде тоқсан сайын республикалық бюджет табысына аударылып отырылады. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. 
N 1031  қаулысымен
        2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жаңа қаржы  жылында Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосына жыл сайын бөлiнетiн бюджеттiк қаржы көлемiн ведомствоның өткен қаржы жылының патенттiк баж салығынан алған сомасын есептей отырып, айқындайтын болсын.<*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. 
N 1031 қаулысымен. 
     3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне енгiзiлген ұсынылып отырған өзгертулер бекiтiлсiн. 

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы          
Министрлер Кабинетiнiң          
1994 жылғы 5 желтоқсандағы         
N 1369 қаулысымен             
Бекiтiлген                  

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 
шешiмiне енгiзiлетiн 
ӨЗГЕРТУЛЕР 

       1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы туралы" 1992 жылғы 21 шiлдедегi N 622 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 30, 446-бап/ 10-тармағы күшiн жоғалтты деп танылсын. 
      2.<*> 
       Ескерту. 2-шi тармақ күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1996.02.06. 
N 284  қаулысымен .  
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртiбi мен мөлшерi туралы" 1992 жылғы 20 қазандағы N 889 қаулысында /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 41, 605-бап/: 
      2 және 3 тармақтардың күшi жойылған деп танылсын; 
      аталған қаулымен бекiтiлген Өнертабыстарды, өнеркәсiп үлгiлерiн және пайдалы модельдердi патенттеу үшiн, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарының мөлшерi мен оны төлеу тәртiбiнiң 30-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Баж салығын Қазпатент алады және ол ведомствоның арнаулы қаражат жөнiндегi ағымдағы есебiне аударылады". 

О патентной пошлине

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 декабря 1994 г. N 1369. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 3 ноября 2004 г. N 1139 (P041139)

      В целях эффективной реализации Закона Республики Казахстан "О товарных знаках, знаках обслуживания и наименованиях мест происхождения товаров" и "Патентного Закона Республики Казахстан", обеспечения своевременной выдачи государственных охранных документов отечественным и иностранным заявителям на объекты промышленной собственности, дальнейшего развития патентной системы республики Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Установить, что патентные пошлины с казахстанских и иностранных заявителей за совершение юридически значимых действий, связанных с государственной охраной объектов промышленной собственности, взимаются Национальным патентным ведомством Республики Казахстан.
      Патентные пошлины зачисляются на текущий счет ведомства по специальным средствам для осуществления его деятельности, направленной на проведение экспертизы заявок на изобретения, промышленные образцы, полезные модели, товарные знаки и знаки обслуживания, публикацию патентных грамот и описаний изобретений, официальных бюллетеней ведомства о зарегистрированных объектах промышленной собственности, а также на развитие материально-технической базы, подготовку кадров и участие в международных патентных соглашениях.
      Суммы превышения доходов над расходами по специальным средствам в размере 25 процентов перечисляются в доход республиканского бюджета ежеквартально.<*>
      Сноска. В пункте 1 исключены слова - постановлением Правительства РК от 20 августа 1996 г. N 1031 P961031_ .
      2. Министерству финансов Республики Казахстан определять объем ежегодно выделяемых на новый финансовый год бюджетных средств Национальному патентному ведомству Республики Казахстан с учетом полученных ведомством сумм от взимания патентных пошлин в истекшем финансовом году.<*>
      Сноска. В пункте 2 исключены слова - постановлением Правительства РК от 20 августа 1996 г. N 1031 P961031_ .
      3. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в решения Правительства Республики Казахстан.

Первый заместитель
Премьер-министра
Республики Казахстан

                                      Утверждены
                           постановлением Кабинета Министров
                                 Республики Казахстан
                              от 5 декабря 1994 г. N 1369

                          Изменения,
              которые вносятся в решения Правительства
                      Республики Казахстан
      1. Признать утратившим силу пункт 10 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 21 июля 1992 г. N 622 P920622_ "О Национальном патентном ведомстве при Кабинете Министров Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 30, ст.446).
      2. Пункт 8 Положения о Национальном патентном ведомстве при Кабинете Министров Республики Казахстан, утвержденного постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 16 октября 1992 г. N 877 P920877_ (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 40, ст.600), после слова "бюджета" дополнить словами "а также патентных пошлин за совершение юридически значимых действий, связанных с охраной объектов промышленной собственности".
      3. В постановлении Кабинета Министров Республики Казахстан от 20 октября 1992 г. N 889 P920889_ "О порядке уплаты и размерах пошлин за патентование изобретений, промышленных образцов и полезных моделей, регистрацию товарных знаков и знаков обслуживания, регистрацию и предоставление права пользования наименованием места происхождения товара" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 41, ст.605):
      признать утратившими силу пункты 2 и 3;
      пункт 30 Порядка уплаты и размеров пошлин за патентование изобретений, промышленных образцов и полезных моделей, регистрацию товарных знаков и знаков обслуживания, регистрацию и предоставление права пользования наименованием места происхождения товара, утвержденного указанным постановлением, изложить в следующей редакции:
      "Пошлины взимаются Казпатентом и зачисляются на текущий счет ведомства по специальным средствам".