Қазақстан Республикасының Ұлттық Патент ведомствосы туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 6 ақпан N 284. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 203 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы

 

Ұлттық патент ведомствосы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қазандағы N 877 


P920877_
 


қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 40, 600-бап);

     "Патенттiк баж салығы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер

Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1369 қаулысына өзгертулердiң

2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 46, 503-бап):


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


                                          Қазақстан Республикасы

                                                Үкiметiнiң

                                         1996 жылғы 6 ақпандағы

                                            N 284 қаулысымен

                                               бекiтiлген


             Қазақстан Республикасының Ұлттық патент

                       ведомствосы туралы

                             ЕРЕЖЕ



 
       1. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы (бұдан әрi - Қазпатент) өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн (өнертабыстарды, өнеркәсiп үлгiлерiн, пайдалы модельдердi, тауар таңбаларын, қызмет көрсету белгiлерiн және тауарлар шыққан жерлер атауларын) құқық қорғау саласында мемлекеттiк саясат жүргiзудi қамтамасыз ететiн, Үкiметi құрамына кiрмейтiн мемлекеттiк атқару органы болып табылады.
      2. Қазпатент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк актiлерiн, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар мен келiсiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Қазпатенттiң негiзгi мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасының бiртұтас патент жүйесiн құру және оны басқару;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне қорғау құжаттарын (патенттер мен куәлiктер) беру;
      өнеркәсiп меншiгiн қорғайтын заңдар мен нормативтiк заң актiлерiнiң жобаларын жасауға қатысу және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      мемлекеттiк патент-ақпарат базасын қалыптастыру;
      қорғалатын өнеркәсiп меншiгi объектiлерi туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз ету;
      республика өнеркәсiп меншiгiнiң шетелдердегi объектiлерiн патенттеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн құқықтық қорғау саласында мамандар даярлауды, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыруды, патенттiк сенiмдi өкiлдерiн аттестациялауды ұйымдастыру;
      ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан орталық атқарушы органдардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың және басқа да заңды тұлғалардың өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiн құқықты қорғау және пайдалану саласындағы қызметiн үйлестiру болып табылады.
      4. Қазпатент өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiп үлгiсiне патенттердi және тауар таңбаларына қызмет көрсету белгiлерiне және тауардың шыққан жерiнiң атауына куәлiктердi беруге түскен өтiнiмдердi тiркейдi;
      қорғау құжаттарын беруге түскен республикалық және шетелдiк өтiнiмдерге мемлекеттiк сараптама жүргiзудi ұйымдастырады, өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне мемлекеттiк тiркеу жүргiзедi, Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарын бередi, олардың күшiнде болуын қолдау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдер бойынша мемлекеттiк сараптама шешiмдерiне келiспеушiлiктер мен шағымдарды, сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың Қазпатент құзыретiне жататын мәселелер бойынша басқа да өтiнiштерiн қарастыруды ұйымдастырады;
      өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi заңдар мен нормативтiк заң актiлерiн жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзедi, өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiн қорғау саласындағы заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдап, қорытуды жүзеге асырады;
      қорғалатын өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерi жөнiнде ресми бюллетеньдердi, сондай-ақ ақпарат материалдарын және Қазпатенттiң құзыретiне жататын басқа да әдебиеттер басып шығаруды қамтамасыз етедi;
      республика министрлiктерi және мемлекеттiк комитеттермен бiрлесiп, тиiстi атқарушы органдарға өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн экспорттауға және импорттауға лицензиялар берудiң және ноу-хаудың тиiмдiлiгi туралы тұжырымдар бередi;
      Қазақстан Республикасы аумағында қорғалатын өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне лицензиялық шарттарды тiркейдi;
      өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiн құқықтық қорғау саласындағы мамандар даярлау мен бiлiктiлiктi арттыруды, патенттiк сенiмдi өкiлдерiн аттестациялауды ұйымдастырады;
      өнеркәсiп меншiгiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк атқару органдарының өнеркәсiп меншiгiн құқықтық қорғау мен пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк өнертабыс қорының жұмысын оның Жарғысына сәйкес ұйымдастырады;
      өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiн құқықтық қорғау мен пайдалану мәселелерi жөнiндегi халықаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      5. Қазпатентке:
      өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiн қорғау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу, өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiн қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қолдану жөнiнде өз құзыретi шегiнде түсiндiрме беру;
      өз құзыретi шегiнде нормативтiк актiлердi жасау және бекiту;
      өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiн қорғауға байланысты құжаттардың бiрыңғай нысандарын белгiлеу;
      өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiн құқықтық қорғау мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасу және оларға қосылу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзу құқығы берiледi.
      6. Қазпатенттi Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын Төраға басқарады.
      Төрағаның Қазпатент Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын бiр орынбасары болады.
      7. Төраға Қазпатентке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi, оның жұмысын ұйымдастырады және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметiне басшылық жасайды, олар туралы ережелердi бекiтедi, Қазпатент жүйесiндегi лауазымды адамдардың құзыретiн айқындайды;
      Қазақстан Республикасының атқару органдарымен, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазпатент мүддесiн бiлдiредi;
      қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде әрi олардың орындалуы үшiн Қазпатенттiң және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметiне қатысты бұйрықтар мен өзге де нормативтiк актiлердi шығарады, олардың орындалуын тексерудi ұйымдастырады;
      қажеттi жағдайда басқа орталық атқарушы органдармен, сондай-ақ республиканың мекемелерiмен, ұйымдарымен бiрлесе немесе келiсе отырып, орындалуы үшiн мiндеттi нормативтiк актiлер қабылдайды;
      өз құзыретi шегiнде ведомствоға қарасты ұйымдардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және босатады;
      Қазпатент қызметкерлерiнiң заңдарға сәйкес жұмыс жағдайын, сондай-ақ жұмыстар атқаруға шартқа отыру, заңды тұлғалар мен жеке адамдарға қызмет көрсету тәртiбiн белгiлейдi;
      өз құзыретi шегiнде әлеуметтiк-тұрмыстық санаттағы мәселелердi шешедi;
      Қазпатенттi және ведомствоға қарасты ұйымдарды қаржыландыруға бөлiнген қаражат шегiнде несиелерге өкiмдiк етушi болып табылады;
      Қазпатенттiң штаттық кестесiн бекiтедi.
      8. Қазпатент республикалық бюджет қаржысынан, сондай-ақ өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiн қорғауға байланысты заңды маңызы бар әрекеттер үшiн түсетiн патенттiк баж салықтары есебiнен қаржыландырылады.
      9. Қазпатент белгiленген тәртiппен статистикалық, бухгалтерлiк және басқа да есеп беру жөнiндегi мәлiметтердiң әзiрленуiн және тиiстi органдарға түсiрiлуiн қамтамасыз етедi.
      10. Қазпатент заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған дөңгелек мөрi, тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады