Тұрақты жұмысты қамтамасыз ету, бәсекелестiктi дамыту және республиканың мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындарына бiрдей жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Республиканың мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындарына 1994 жылғы 20 желтоқсаннан бастап мұнайды /газ конденсатын/ мұнай өңдеу кәсiпорындарына еркiн баға бойынша сатуға рұқсат етiлсiн.
2.
Ескерту. 2-шi тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.09.26. N 1283
қаулысымен
.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Энергия ресурстарын бағаны ырықтандыру және кейбiр қызмет түрлерiнiң тарифтерiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 наурыздағы N 288
қаулысының
1 және 2-тармақтары /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,N 15, 145-бап/;
"Оңқазмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайдың бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 13 мамырдағы N 507 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 7 желтоқсандағы N 561 өкiмi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары