"Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы N 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк iшкi су жолдары туралы осыған қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк iшкi
су жолдары туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының iшкi су жолдары айрықша оның меншiгiне жатады және жалпы пайдаланымдағы жолдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес табиғатты қорғау және су ресурстарын пайдалануды басқару органдарымен келiсiлген кеме қатынастары үшiн ашылған iшкi су жолдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.
2. Кемелер жүретiн iшкi су жолдары навигация кезеңiнiң белгiленген мерзiмiнде, меншiк нысаны мен бағыныштылығына қарамастан, кемелер жүзуiнiң толассыздығы мен қауiпсiздiгi гидротехникалық ғимараттардың /шлюздердiң/ жұмыс атқаруын, су жолдарын пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарына кемелер жүргiзiлуiн басқаруды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Су көлiгi департаментi, ал оларды ұстау мен пайдалануды су жолдарының мемлекеттiк кәсiпорындары, солардың құрылымдық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
4. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген мiндеттерге сәйкес су жолдарының мемлекеттiк кәсiпорындары, олардың құрылымдық бөлiмшелерi мынадай функцияларды орындайды:
су қорғау заңдарының талаптарын ескере отырып және табиғатты қорғаудың, су ресурстарын басқарудың мемлекеттiк органдарымен, жергiлiктi атқарушы органдармен және басқа да арнайы уәкiлдiктi органдармен келiсу бойынша лайықталған сұлбалары мен кеме жүрiсiнiң тазалығын қамтамасыз ететiн су түбiн тереңдету, түзеу, арна тазалау, тралдау мен басқа да жұмыстарды атқарады;
кеме жолдары мен кеме жүзу ғимараттарының навигациялық қоршауын ұстайды;
кеме жолының жайы, жүзу мен гидрология жағдайлары туралы, кеме қатынасына әсер ететiн параметрлердiң өзгеруi жайында кеме жүргiзушiлердi хабардар етедi;
кеме жүзу гидроғимараттарын /шлюздердi/ түзу қалпында ұстайды және олар арқылы кемелердiң өткiзiлуiн қамтамасыз етедi;
қарауындағы iшкi кеме қатынасы жолдарына көпiрлер мен басқа ғимараттары бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң көпiр маңындағы учаскелерде және басқа ғимараттарда кеме жүзуiнiң жеткiлiктi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етушi навигациялық қоршау белгiлерiн ұстау жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылайды;
ведомстволық және өндiрiстiк табиғатты қорғау бақылауын жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Су көлiгi департаментi кеме жүзу мақсатына арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк кеме қатынасы су жолдарын пайдалануды реттеушi орган болып табылады.
6. Су жолдары мемлекеттiк кәсiпорындарының, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен бiрлесе отырып, iшкi кеме қатынасы су жолдарында көпiрлер, су асты және су бетi өткелдерiн, су жиналымдарын, айлақтық құрылғылар мен басқа ғимараттарды жобалау мен салуға келiсудiң техникалық шарттарын беруге;<*>
табиғатты қорғау, су ресурстарының басқармасы органдарымен келiсе отырып, белгiленген тәртiппен жағалау алқабының бөлiнген учаскелердi навигациялық қоршау белгiлерiн орнату, олардың жақсы көрiнуi үшiн тоғайларды шабу, кемелердiң айлығы үшiн, жүктердi тиеп-түсiру үшiн құрылғыларды қондыру үшiн пайдалануға;
жабдықтау бригадаларының қызметкерлерiне қызметтiк жәйлар салу үшiн, белгiлер мен құрал-саймандар сақтау үшiн, уақытша қыстап шығу жайларын салу үшiн жағалаудан тыс жерлерден белгiленген тәртiппен бөлiнген учаскелердi пайдалануға;
қоршаған ортаның ластануын болдырмау жөнiнде бiрлесiп шаралар жасау мақсатында, кемелер апатқа ұшыраған немесе кездейсоқ қыстап шығуға мәжбүр болған кезде жүргiзiлетiн жұмыстар туралы табиғат қорғау органдарына хабарлауға;
көлемi осы жолдың бөлiгiнде рұқсат етiлгеннен /құрамалардың ұзындығы мен енi, бату тереңдiгi, түбiндегi судың тиiстi қоры және т.б./ асып кететiн кемелер мен құрамалардың қозғалысына тыйым салуға;
көлемi осы шлюз үшiн рұқсат етiлгеннен асып кететiн кемелердiң шлюз арқылы өтуiне жол бермеуге;
жолдың белгiлi бiр учаскесiнде жүзу қауiпсiздiгiне қауiп төнген кезде кемелердiң қозғалысына тыйым салуға;
Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарын пайдаланудың тәртiбiн бұзған кеме иелерiнiң лицензиясын жою туралы, сондай-ақ заңдағы тәртiппен белгiленген басқа да жауапкершiлiк шаралары туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Су көлiгi департаментiне ұсыныс енгiзуге құқы бар.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.23. N 1322 қаулысымен. P981322_
7. Iшкi су жолдарының кәсiпорындары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулыларын және өкiмдерiн, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң нормативтiк актiлерiн, осы Ереженi және мемлекетаралық келiсiмдерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында пәрмендi нормативтiк құжаттарды басшылыққа алады.
8. Iшкi су жолдарының қызметiн және жол шаруашылығы кәсiпорындарының өз мiндетiн атқаруын реттейтiн нұсқауларды, техникалық ережелер мен басқа да нормативтiк құжаттарды мемлекеттiк экологиялық сараптаудан өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi бекiтедi.
9. Кеме жүретiн су қоймаларында құрылыс: көпiрлер, бөгеттер, су асты мен су бетi өткелдерiн, байланыс желiлерiн, электр желiлерi мен труба құбырларын, су iркуiштер, паром өткелдерiн, айлақтық құрылыс пен басқа да құрылғылар салуға, Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң /20-бап/ талаптарын мiндеттi түрде орындаған кезде су жолдары мемлекеттiк кәсiпорындарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен келiсiмi бойынша ғана рұқсат етiледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.23. N 1322 қаулысымен. P981322_
10. Қарауында көпiрлер, бөгеттер, iшкi су жолдарының басқа да құрылыстары бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер навигациялық қоршауды /тұрақты және жүзу белгiлерi/ және кемелердiң құрылыс маңайынан өтуiнiң қауiпсiздiгiн, бекiтiлген ережелерге сәйкес су қоймаларынан су өткiзудi өз есебiнен қамтамасыз етуге, табиғат қорғау органдарымен келiсе отырып, құрылыс маңайында су түбiн тереңдету мен тазарту жұмыстарын жүргiзуге, iшкi су жолдары бойынша жүзу ережелерiне сәйкес, қалқымалы көпiрлердiң астынан кеме жүретiн аралық жол ашуға /кеме иелерiнен қандай да бiр ақы алмай/ мiндеттi.
11. Кеме жүзуiнiң шарты бойынша су бассейндерiнiң разрядын белгiлейдi. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар Министрлiктiң Көліктік бақылау комитеті жүргiзедi.<*>
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.23. N 1322 қаулысымен. P981322_
12. <*>
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нің 1998.12.23. N 1322 қаулысымен. P981322_
13. Мемлекеттiк iшкi су жолдары бойынша теңiз және өзен көлiгiмен жүктердi әрi жолаушыларды тасымалдау жөнiндегi коммерциялық-кәсiпкерлiк қызмет, қарауында кемелер бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi меншiк нысанына қарамастан беретiн лицензия бойынша жүзеге асырылады.
14. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Су көлiгiнiң департаментi су жолдарының мемлекеттiк кәсiпорындарына iшкi су жолдарын алдағы жылы күтiп ұстауға төмендегi көрсетiлген тапсырмаларды белгiлейдi:
су жолдарының ұзындығы;
олардағы кеме жүрiсiнiң ауқымы /тереңдiгi, енi, айналу радиусы/;
навигациялық қоршаудың санаты /жарық берiлген, жарық қайтаратын, жарық бермеген/;
навигациялық қоршау мен кеме жүрiсiнiң гидротехникалық құрылысын бастаған және аяқтаған күндер.
15. Iшкi су жолдары, кеме жүру шлюздары мемлекеттiк кәсiпорындардың, Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясының қызметi республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
16. Транзиттiк кеме қатынасы мен ортақ пайдаланымдағы айлақтардағы өндiрiстiк тапсырма шегiндегi жұмыстар ғана республикалық бюджет қаражатының есебiнен орындалады. Басқа барлық жұмыстар мен қызмет көрсетулердi, сондай-ақ тапсырмада көрсетiлген, бiрақ онда белгiленген мерзiм немесе параметр шеңберiнен басқа жұмыстар мен қызмет көрсетулердi меншiк нысанына қарамастан, мүдделi заңды ұйым мен жеке адамдардың өтiнiмi бойынша, шарттық негiзде және солардың есебiнен су жолдарының мемлекеттiк кәсiпорындары орындайды.
17. Бiр облыс шегiндегi тасымалдауды жүзеге асыратын су жолдарына қызмет көрсетушi кәсiпорындар осы облыстың жергiлiктi бюджетi есебiнен ұсталуы мүмкiн. Бұл жағдайдағы қаржыландырудың мөлшерiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Су көлiгi департаментi жалпы тәртiппен берген өндiрiстiк тапсырма негiзiнде жергiлiктi атқару органдары айқындайды.
18. Iшкi су жолдарының мемлекеттiк кәсiпорындары мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi су жолдарының барлық белгiленген параметрлерi бойынша, өндiрiстiк тапсырмалардың толық, әрi сапалы орындалуына, бюджет қаражатының тиiмдi және нысаналы пайдаланылуына жауап бередi. Бөлiнген бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуына бақылауды Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Су көлiгi департаментi, сондай-ақ қаржыны бақылау органдары жүзеге асырады.