1. Әскери қызметтен өтпеген запастағы офицерлер 1995 жылы
әскери есептегi немесе азаматтық, сабақтас тиiстi әскери мамандықтары бойынша қоса берiлiп отырған Тiзбеге сәйкес 2 жыл мерзiмге әскери қызметке шақырылсын. 2. Запастағы офицерлердi 1995 жылы әскери қызметке шақыруға арналған әскери есептегi мамандықтардың Тiзбесi және осы мамандықтар бойынша шақырылатын азаматтардың саны /қоса берiлiп отыр/ бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 қаңтардағы N 76 қаулысымен Бекiтiлген Запастағы офицерлердi 1995 жылы әскери қызметке шақыруға арналған әскери есептегi мамандықтардың Тiзбесi және осы мамандықтар бойынша шақырылатын азаматтардың САНЫ ---------------------------------------------------------------- Мамандықтар | Адам саны ---------------------------------------------------------------- Мотоатқыштар әскерлерiнiң офицерлерi 120 Танк әскерлерiнiң офицерлерi 70 Ракета әскерлерi мен артиллерия офицерлерi 120 Әуе қорғанысы әскерлерiнiң офицерлерi 170 Әскери-Әуе Күштерiнiң офицерлерi 350 Инженерлiк әскерлер офицерлерi 20 Химиялық әскерлер офицерлерi 20 Байланыс офицерлерi, соның iшiнде: 135 Үкiмет байланысы әскерлерiнiң офицерлерi 35 Жол әскерлерiнiң офицерлерi 10 Құрылыс әскерлерiнiң офицерлерi 20 Автомобиль әскерлерiнiң офицерлерi 30 Бронетанк қызметiнiң офицерлерi 50 Ракета-артиллерия қару-жарағы қызметiнiң офицерлерi 50 Медицина қызметiнiң офицерлерi 100 Мүлiк-зат қызметiнiң офицерлерi 30 Азық-түлiк қызметiнiң офицерлерi 30 Жанар-жағар май материалдары қызметiнiң офицерлерi 30 Қаржы қызметiнiң офицерлерi 30 Тәрбие және әлеуметтiк-құқық жұмысы жөнiндегi офицерлер, соның iшiнде: 380 Шекара әскерлерi үшiн 60 Iшкi әскерлер үшiн 130 Республикалық Ұлан үшiн 10 Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi үшiн 25 Үкiмет байланысы әскерлерi үшiн 5 ---------------------------------------------------------------- Барлығы 1765