Офицерлердi әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 қаңтардағы N 76

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде толық жасақталмаған бастапқы офицерлiк лауазымдардың болуына байланысты, "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабы негiзiнде және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери тәртiптi нығайту және құқық бұзушылықпен күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 23 қарашадағы N 1964 K941964_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Әскери қызметтен өтпеген запастағы офицерлер 1995 жылы

әскери есептегi немесе азаматтық, сабақтас тиiстi әскери 
мамандықтары бойынша қоса берiлiп отырған Тiзбеге сәйкес 2 жыл 
мерзiмге әскери қызметке шақырылсын.
     2. Запастағы офицерлердi 1995 жылы әскери қызметке 
шақыруға арналған әскери есептегi мамандықтардың Тiзбесi және осы
мамандықтар бойынша шақырылатын азаматтардың саны /қоса берiлiп
отыр/ бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                      Қазақстан Республикасы
                                      Министрлер Кабинетiнiң
                                      1995 жылғы 24 қаңтардағы
                                          N 76 қаулысымен
                                             Бекiтiлген

              Запастағы офицерлердi 1995 жылы әскери
           қызметке шақыруға арналған әскери есептегi      
           мамандықтардың Тiзбесi және осы мамандықтар
                бойынша шақырылатын азаматтардың
                            САНЫ
----------------------------------------------------------------
           Мамандықтар                     |  Адам саны
----------------------------------------------------------------
Мотоатқыштар әскерлерiнiң офицерлерi                120
Танк әскерлерiнiң офицерлерi                         70
Ракета әскерлерi мен артиллерия офицерлерi          120 
Әуе қорғанысы әскерлерiнiң офицерлерi               170 
Әскери-Әуе Күштерiнiң офицерлерi                    350
Инженерлiк әскерлер офицерлерi                       20
Химиялық әскерлер офицерлерi                         20
Байланыс офицерлерi, соның iшiнде:                  135
Үкiмет байланысы әскерлерiнiң офицерлерi             35
Жол әскерлерiнiң офицерлерi                          10
Құрылыс әскерлерiнiң офицерлерi                      20
Автомобиль әскерлерiнiң офицерлерi                   30
Бронетанк қызметiнiң офицерлерi                      50
Ракета-артиллерия қару-жарағы қызметiнiң
офицерлерi                                           50
Медицина қызметiнiң офицерлерi                      100
Мүлiк-зат қызметiнiң офицерлерi                      30
Азық-түлiк қызметiнiң офицерлерi                     30
Жанар-жағар май материалдары қызметiнiң
офицерлерi                                           30
Қаржы қызметiнiң офицерлерi                          30
Тәрбие және әлеуметтiк-құқық жұмысы
жөнiндегi офицерлер, соның iшiнде:                  380
     Шекара әскерлерi үшiн                           60
     Iшкi әскерлер үшiн                             130
     Республикалық Ұлан үшiн                         10
     Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi үшiн               25
     Үкiмет байланысы әскерлерi үшiн                  5
----------------------------------------------------------------
        Барлығы                                     1765
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады