Қаламақы саясатын жетiлдiре түсу, әдебиет пен өнер шығармаларын көпшiлiк алдында орындағаны ондай шығармаларды тапсырысқа байланысты бiтiргенi немесе бұрын жарияланбаған шығармаларды көпшiлiк алдында тұңғыш орындау құқы үшiн, сәндiк-қонданбалы өнер туындыларын жасағаны және олардың өнеркәсiпте пайдаланылғаны үшiн авторлық сыйақы төлеудi ретке келтiру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Көпшiлiк алдында орындалған драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық шығармалар, осы шығармаларды бiр тiлден екiншi тiлге аударғаны үшiн, сондай-ақ концерттiк, цирктiк, би бағдарламаларын, бейне және магнит таспаларына, күйтабақтарға, бейнетаспаларға, лазерлiк табақшаларға жазылған бейнефильмдердi, музыкалық және әдеби туындыларды пайдаланғаны үшiн 1 қосымшаға сәйкес, авторлық сыйақы ставкасы белгiленсiн.
2. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын жасағаны үшiн төленетiн авторлық сыйақы ставкасы және оларды өнеркәсiпте пайдаланған кездегi шектi таралым нормасы 2 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
3. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын қызметтiк тапсырманы орындау ретiнде жасаған авторларға бұл туындыларды жасағаны үшiн авторлық сыйақы төленбейдi деп белгiленсiн.
4. Сәндiк-қолданбалы өнер туындылары өнеркәсiпте пайдаланылғаны үшiн авторлық сыйақы:
осы бұйымдарды шығаратын кәсiпорындарда немесе ұйымдарда тұрақты жұмыс iстемейтiн суретшi-авторларға туынды жасауға белгiленген сыйақы сомасынан мынадай мөлшерде:
бiрiншi таралым үшiн - 50 процент, екiншiсi үшiн - 30 процент, үшiншiсi үшiн - 20 процент, келесi таралымдарға - 10 процент төленедi.
Штаттағы тұрақты жұмыс iстейтiн, лауазымы бойынша мiндетiне үлгiлер жасау кiретiн суретшi авторларға осы бұйымдардың өнеркәсiпте орындалғаны үшiн белгiленген сыйақы сомасынан мынадай мөлшерде:
екiншi таралым үшiн - 15 процент, үшiншiсi үшiн - 10 процент, келесi таралымдар үшiн - 5 процент төленедi.
5. Әдебиет пен өнер шығармаларын көпшiлiк алдында орындағаны үшiн авторлық сыйақы ставкасын қолдану тәртiбi туралы нұсқау бекiтiлсiн.
6. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын жасағаны және олардың өнеркәсiпте пайдаланылғаны үшiн авторлық сыйақы төлеу тәртiбi туралы нұсқау бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 9 ақпандағы
N 142 қаулысына
N 1 Қосымша
Драмалық, музыкалық және музыкалық-драмалық туындылардың, осы көрсетiлген туындылардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармаларының, сондай-ақ концерт, цирк, би бағдарламаларының көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн және бейнелiк магниттiк таспаға жазылған бейнефильмдердi, музыкалық және әдеби туындыларды пайдаланғандық үшiн авторлық сыйақының
СТАВКАЛАРЫ
--------------------------------------------------------------------
|Бiр туындының немесе бағдарла.
|маның көпшiлiк алдында орындал.
|ғаны үшiн театр, ойын-сауық
|кәсiпорындарымен басқа да кәсiп.
Туындының түрi |орындар, мекемелер, ұйымдар
|есептейтiн авторлық сыйақы мөл.
|шерi - билеттердi сатудан
|алынған жалпы түсiм сомасынан,
|кепiлдi шартпен төленген
|сомадан процент есебiмен
--------------------------------
| көп актiлi | бiр актiлi
| туындылар | туындылар
-------------------------------------------------------------------
1 | 2 | 3
-------------------------------------------------------------------
Қолтума драмалық туындылар
1. Қазақстан Республикасының авторы
қара сөзбен 10 4
өлеңмен 12 6
2. Шетелдiк автордың пьесасы
қара сөзбен 6 2
өлеңмен 8 2,5
3. Қазақстан Республикасының авторы
балалар үшiн, соның iшiнде қуыршақ
театрлары үшiн жазған пьеса
қара сөзбен 11 4,5
өлеңмен 13 6,5
4. Шетелдiк автордың балалар үшiн,соның
iшiнде қуыршақ театрлары үшiн жазған
пьесасы
қара сөзбен 8 2,5
өлеңмен 10 3
Инсценировкалар
5. Авторлық хұқығы қорғалмайтын
туындыларды инсценировкалау
а)Қазақстан Республикасының драматургi
жасаған пьеса-инсценировка 5 3
ә)шетелдiк автор жасаған пьеса-инсцени.
ровканың авторына 2 1,5
6. Авторлық хұқығы қорғалатын туындыларды
инсценировкалау
а)Қазақстан Республикасының драматургi
жасаған пьеса-инсценировка 8 4,5
одан:
туындының авторына 3 1,5
инсценировканың авторына 5 3
ә)шетелдiк автор жасаған пьеса-инсцени.
ровка
одан:
туындының авторына 2 1,5
инценировка авторына 2 1,5
Ескерту: Егер инсценировка жасалғанда авторлық хұқығы қорғалатын аударма қолданылса, аудармашыға авторлық сыйақы туындының авторы мен инсценировкалаушыға есептелген қаламақыдан бөлек, көпшiлiк алдында орындалған көп актiлi инсценировка үшiн жиналған ақшадан 1 процент, ал бiр актiлi туындыға 0,5 процент мөлшерiнде есептеледi.
Аударылған драмалық туындылар
7. Авторлық хұқығы қозғалмайтын пьесаны
аудару
а)Қазақстан Республикасының авторы
жасаған пьесаны аудару (аудармашыға)
қара сөзбен 3,5 1,5
өлеңмен 4 2
ә)шетелдiк автор жасаған пьесаны
аудару (аудармашыға)
қара сөзбен 3,5 1,5
өлеңмен 4 2
8. Авторлық хұқығы қорғалатын пьесаны
аудару
а)Қазақстан Республикасының авторы
жасаған пьесаны аудару
қара сөзбен 5,5 2,5
одан:
туындының авторына 2 1
аудармашыға 3,5 1,5
өлеңмен 6,5 3,5
одан:
туындының авторына 2,5 1,25
аудармашыға 4 2,25
ә)шетелдiк автор жасаған пьесаны аудару
қара сөзбен 5 2
одан:
туындының авторына 2,5 1
аудармашыға 2,5 1
өлеңмен 6 2,5
одан:
туындының авторына 3 1,25
аудармашыға 3 1,25
Ескерту: Егер пьеса Қазақстан Республикасы халықтарының бiрiнiң тiлiне қолтумадан емес, басқа, аралық аудармадан аударылса, аралық аударманың авторына сыйақы - туындының авторы мен аудармашыға есептелген қаламақыдан бөлек - көп актiлi туынды үшiн жиналған ақшаға 1 процент, ал бiр актiлiге - 0,5 процент мөлшерiнде есептеледi.
Музыкалық - драмалық туындылар
9. Қолтума тiлiнде орындалған опера 19,5 8
одан:
композиторға 12 4,5
либретто авторына 6 2,5
хореографқа 1,5 1
10. Либреттосы Қазақстан Республикасы
халықтарының бiр тiлiнен басқа тiлге
немесе шет тiлден аударылған опера 19,5 8,5
одан:
композиторға 12 4,5
либретто авторына 3 1,5
либретто аудармашысына 3 1,5
хореографқа 1,5 1
11. Балет 15 7
одан:
хореографқа 4 2
композиторға 9 4
либретто авторына 2 1
12. Қолтума тiлiнде орындалған оперетта,
музыкалық комедия 10 4
одан:
хореографқа 1 0,5
композиторға 4,5 1,75
либретто авторына 4,5 1,75
13. Либреттосы Қазақстан Республикасы
халықтарының бiр тiлiнен басқа
тiлдерге аударылған оперетта,
музыкалық комедия, мюзикл 10 4,5
одан:
хореографқа 1 0,5
композиторға 4,5 1,75
либретто авторына 2 1
либретто аудармашысына 2,5 1,25
14. Драмалық туындыларды сүйемелдейтiн
музыка 1,5 0,5
Концерттiк, эстрадалық, цирктiк
және би бағдарламалары
15. Симфониялық, вокальдық-симфониялық, 7 (бүкiл бағдарламаға)
камералық туындылардан және ұлт
аспаптарына арналған туындылардан
концерт, хореографиялық концерт
16. Концерттер, соның iшiнде эстрадалық
және басқалары, айтыстар мен термелер 3 (бүкiл бағдарламаға)
17. Цирктiк бағдарлама 3 (бүкiл бағдарламаға)
18. Циркке арнайы жазылған қолтума музыка 0,5 (осы қосымшаның
17-тармағы бойынша
есептелетiнiне қарамастан,
бүкiл бағдарламаға)
19. Цирктiк бағдарламада кем дегенде 0,5(осы қосымшаның
жеке тұратын пантомима, феерия 17-тармағы бойынша
балет орындалғаны үшiн есептелетiнiне қарамастан,
әрбiр бөлiмi үшiн)
20. Цирктiк бағдарламада кем дегенде 0,25 (осы қосымшаға
жеке бiр бөлiмнен тұратын сюжеттiк 17-тармағы бойынша
аттракцион орындалғаны үшiн есептелетiнiне қарамастан,
әрбiр бөлімi үшiн)
21. Кем дегенде жеке бiр бөлiмнен 0.25 (осы қосымшаның
тұратын пантомима, феерия, балет, 17-18-19-тармақтары
сюжеттi аттракционды сүйемелдеу бойынша есептелетiнiне
үшiн арнайы жазылған қолтума қарамастан, әрбiр бөлiмi
музыканың орындалғаны үшiн үшiн)
22. Музыкалық туындылардың кинотеатр. 1,5 (тегiн кiргенде
ларда, кафелерде, ресторандарда, орындаушылардың жалақысы
казиноларда, сондай-ақ би сомасынан)
алаңдарында және дискотекаларда
орындалғаны үшiн (көрсетiлген 1,5
проценттiк аударым кәсiпорынның
шығындарына жатқызылады)
23. Музыкалық туындылардың кинотеатрларда, 3 (ақылы кiру кезiнде
кафелерде, ресторандарда, казиноларда, және шарт бойынша
сондай-ақ би алаңдарында және кепiлдiк төлемiнiң
дискотекаларда, соның iшiнде сомасынан)
механикалық және басқа да жазба
түрлерiнде орындалғаны үшiн
24. Көпшiлiк ареналарында (стадиондар, 0,5 (бүкiл бағдарламаға)
спорт сарайлары, ипподромдар тағы
с.с), жүргiзiлетiн спорттық жарыстар,
көрнектi байқаулар мен жәрмеңкелердi
музыкамен сүйемелдеу
25. Қуыршақ-марионеткалар спектаклiн 0,5 (жалпы түсiм
(әдеби текстсiз және қолтума жанр сомасынан)
артистерiнiң орындауын (иллюзио.
нонистердiң, психоэкспериментшi.
лердiң, экстрасенстердiң тағы с.с)
сүйемелдеген музыкасы үшiн
26. Желiсi түгел сюжеттiк эстрадалық 4(бүкiл бағдарламаға)
ойын-сауықтар, көпшiлiк ареналарында
орындалатындарды қоса
Ескерту. 1. Туындыны желiсi түгел эстрадалық қойылым жанрына жатқызу Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiнiң құзырында.
2. Оперетталар мен музыкалық комедиялардың драмалық театрларда орындалғаны үшiн авторлық сыйақы музыкалық-драмалық театрларда орындалатын оперетталар мен музыкалық комедияларға белгiленген мөлшер бойынша төленедi.
27. Көпшiлiк алдында көрсетiлген 8*(жалпы түсiм
бейнефильмдер(бейнетаспаға жазып сомасын)
алынған аудиовизуалдық туындылар
үшiн)
28. Әдеби және музыкалық туындыларды 3**(жалпы кiрiс
магниттiк таспа, бейнекассета, сомасынан)
лазерлiк диск арқылы көбейткенi үшiн,
дыбыс пен бейнежазба көшiрмелерiн,
соның iшiнде жеке тапсырыстар
бойынша, сондай-ақ осындай
көшiрмелердi жалға бергенi үшiн
*** - сыйақы мөлшерi отандық туынды авторлары мен сабақтас хұқық иелерi үшiн белгiленген, шетелдiк авторлар мен сабақтас хұқық иелерi үшiн уақытша сипатқа ие.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 9 ақпандағы
N 142 қаулысымен
Бекiтiлген
Әдебиет және өнер туындыларының көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы мөлшерiн қолданудың тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
I. Туындыны көпшiлiк алдында орындағаны үшiн авторлық сыйақы мөлшерiн қолданудың тәртiбi
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9 ақпандағы N 142 қаулысының 1 қосымшасында қарастырылған мөлшер бойынша, авторлық сыйақы драмалық, музыкалық, музыкалық-драмалық туындылардың, концерт, цирк және би бағдарламаларының Қазақстан Республикасы аумағында көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн есептелiнедi.
Басқа мемлекеттердiң аумағында көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн есеп айырысқан кезде, авторлық сыйақы Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi мен сол мемлекеттердiң авторлық хұқық агенттiктерiмен жасалған шарттарға сәйкес, осы аумақтарда қолданылып жүрген мөлшерлер бойынша есептеледi.
2. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы авторларға төленуге тиiстi реттерде де, сыйақының бiр бөлiгi төленуге жатпайтын реттерде де (мәселен концерт, эстрада немесе цирк бағдарламасы авторлық хұқық бойынша қорғалатын және қорғалмайтын туындылардан құралғанда, авторлар бiрiгiп жазған бiртұтас бөлiнбес дүние ретiндегi пьеса авторларының бiрiнiң хұқығы қорғалып, екiншiсiнiкi заңда белгiленген мерзiмi өткендiктен қорғалмаған жағдайда, т.с.с.) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9 ақпандағы N 142 қаулысының 1-қосымшасында көрсетiлген толық ставка бойынша есептеледi.
3. Сондай-ақ авторлық хұқықпен қорғалмайтын туындылардан тұратын барлық музыкалық концерттер үшiн де авторлық сыйақы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9 ақпандағы N 142 қаулысының 1 қосымшасында көрсетiлген ставкалар бойынша есептеледi.
4. Авторлық хұқықпен қорғалмайтын туындылар мен мемлекет иелiгi болып жарияланған туындыларға авторлық сыйақының авторларға төлеуге жатпайтын (тек концерттерде орындалатын музыкалық туындылардан басқа) және авторлық хұқығын мемлекет сатып алған туындылар үшiн есептелген сомалар республика бюджетiнiң кiрiсiне берiледi.
Есептелген авторлық сыйақыынң иесiн табу мүмкiн болмаған жағдайда, ол сома туындының түрiне қарай, Қазақстан Республикасының тиiстi қорларына аударылады.
5. Түгелдей мемлекет игiлiгi болып жарияланған туындылардан, сондай-ақ авторлық хұқығын мемлекет сатып алған туындылардан жасалған концерттер үшiн авторлық сыйақы есептелiнбейдi.
Мұндай концерттерден шығармашылық одақтардың тиiстi қорлары есебiне аудару, жалпы түсiм сомасынан немесе спектакль не концерт үшiн шарт бойынша алынған сомадан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Әдебиет, Журналистика, Музыка, Сурет және Сәулет қорлары туралы" 1992 жылғы 8 қазандағы N 843 қаулысына сәйкес жүргiзiледi.
Авторлық хұқығын мемлекет сатып алған драматургиялық және музыкалық-драматургиялық туындыларды, сонымен қатар авторлық хұқықпен қорғалмайтын драматургиялық және музыкалық-драматургиялық туындыларды (пьеса, опера, оперетта, балеттердi) көпшiлiк алдында орындағандығы үшiн сыйақы есептелiнбейдi.
Мемлекет игiлiгi деп жарияланған драматургиялық туындылар (пьеса) үшiн де авторлық сыйақы есептелiнбейдi.
6. Операның, балеттiң немесе опереттаның музыкасы авторлық хұқықпен қорғалатынына немесе қорғалмайтынына қарамастан, бұл туындыға авторлық сыйақы есептеледi, ал либреттосына тек авторлық хұқықпен қорғалатын жағдайда ғана авторлық сыйақы есептеледi.
7. Авторлық сыйақыны есептеген кезде авторлық хұқығы қорғалмайтын туындылардың қатарына мынадар жатқызылуға тиiс:
а) халық шығармашылығының авторы белгiсiз туындылары;
ә) мұрагерлерi жоқ немесе заңмен белгiленген мерзiмi бiткендiктен авторлық хұқығы күшiн жойған марқұм авторлардың туындылары;
б) шет мемлекеттер азаматтарының алғаш Қазақстан Республикасы аумағында жарияланған немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келiсiмдерге сәйкес қорғалатын шығармалардан басқа туындылары.
8. Концерт, эстрада және цирк бағдарламалары үшiн авторлық сыйақы, ол музыка би алаңдарында механикалық жазба түрiнде ойналғанына, яки артистер орындағанына әрi онда кiру тегiн болғанына қарамастан есептеледi (осы Нұсқаулықтың 30-тармағының "б" тармақшасы).
9. Әдетте, кемi екi актiлi туындылар көп актiлi драмалық және музыкалық-драмалық туындылар болып саналады. Актiсiнiң саны көрсетiлмеген туынды Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң тұжырымы бойынша көп актiлi деп танылуы мүмкiн.
10. Егер сахнадан айтылатын текстiң кемiнде жартысы өлең түрiнде (ұйқаспен, ақ немесе еркiн өлеңмен) болса, туынды өлеңмен жазылған деп танылады.
11. Туындыдағы актiнiң саны мен өлең тексiнiң көлемi туындының көпшiлiк алдында орындалуына рұқсат етiлгенiн куәландыратын данасы бойынша анықталады.
12. Егер спектакльге бiрнеше бiр актiлi туындылар енгiзiлсе, сыйақы әрбiр туынды үшiн соған белгiленген ставка бойынша жеке-жеке есептеледi.
Егер спектакльге бiр актiлi және көп актiлi туындылар енгiзiлсе, сыйақы бiр актiлi туынды үшiн - соған белгiленген ставка бойынша, ал көп актiлi туынды үшiн сондай туындыларға арнап көзделген ставканың үштен екiсi негiзiнде есептеледi.
Егер бiр актiлi туынды концерт бағдарламасында орындалса, бұл туынды үшiн сыйақы соған белгiленген ставка бойынша және тиiстi концерт бағдарламасы үшiн көзделген ставка қоса есептеледi.
Егер спектакльге екi көп актiлi туынды енгiзiлсе, сыйақы әр туынды үшiн тиiстi көп актiлi туындыларға көзделген ставканың үштен екiсi негiзiнде есептеледi.
Егер көп актiлi туынды концерт бағдарламасында орындалса, бұл туынды үшiн сыйақыға белгiленген ставканың үштен екiсi негiзге алынып есептеледi және тиiстi концерт бағдарламасы үшiн көзделген мөлшер қоса есептеледi.
13.Балаларға арналған пьесалар, соның iшiнде қуыршақ театрлары үшiн авторлық сыйақының арнаулы мөлшерлерi аталған пьесалардың қай жерде орындалғанына қарамастан қолданылады.
14. Қазақстан Республикасының драматургтерi жазған туындылар үшiн авторлық сыйақының арнаулы ставкалары оның бiрiншi рет түпнұсқада немесе аудармада қай тiлде жарияланғанына қарамастан, туынды қолтума күйiнде орындалған жағдайда қолданылады.
15. Пьеса-инсценировкаларға бөгде туындылардың, соның iшiнде халық шығармашылығы туындыларының желiсi бойынша жазылған пьесалар да жатады.
Халық ертегiлерiнiң сарыны бойынша балаларға арнап жазылған пьесалар қолтума туындыларға теңестiрiледi.
Авторлық хұқықпен қорғалмайтын әдеби ертегiлер желiсi бойынша балаларға арнап жазылған пьесалар тек Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қорытындысы бойынша ғана қолтума туындыларға теңестiрiледi.
Өз туындыларының желiсi бойынша жазылған пьесалар, егер инсценировка қосар авторсыз жасалса, қолтума туындыларға теңестiрiледi.
16. Қазақстан Республикасының драматургi жазған пьеса-инсценировка үшiн, 1-қосымшаның 5 және 6 тармақтарының "а" тармақшаларында көзделген авторлық сыйақының мөлшерлерi, инсценировкаланған туындының қай тiлде жазылғанына қарамастан, барлық жағдайда қолданылады.
17. Егер автор туындыны екi немесе бiрнеше тiлде жазып, қай текстiнiң қолтума, ал қайсысының аударма екенiн ескертпесе, онда ол осы тiлдердiң әрқайсысында қолтума болып танылады.
18. Шағын көлемдi шығарма көпшiлiк алдында орындалған кезде аудармашы үшiн белгiленген қаламақы сомасы аралық аудармашы мен соңғы аудармашының екеуiне тепе-тең бөлiнедi.
19. Авторлық хұқығы қорғалатын инсценировка-пьесаның аудармасы үшiн авторлық сыйақы қолтума туындылардың аудармасына арнап белгiленген мөлшер бойынша есептеледi. Мұндай реттерде аударылған туындының авторына есептелген сыйақының сомасы инсценировкаланған туындының авторы мен инсценировка авторына әлгi инсценировка қолтума күйiнде орындалғанда оларға сыйақы қалай төленетiн болса, солай бөлiнедi.
Егер инсценировкаланған туынды авторлық хұқықпен қорғалмайтын болса, инсценировкаланған туынды авторының қаламақысының үлесi қорғалатын туындыда анықталады және сыйақының осы бөлiгiн құрайтын сомасы республика бюджетiне аударылады.
20. Музыкалық-драмалық туындылардың орындалғаны үшiн осы қаулының 1 қосымшасының 9-13 тармақтарында көзделген авторлық сыйақының мөлшерi, сондай-ақ олар концерт түрiнде орындалған реттерде де қолданылады.
21. Егер операның, балеттiң немесе опереттаның либреттосы авторлық хұқығы қорғалатын басқа әдеби туындының негiзiнде жазылса, бұл туындының авторына сыйақы мынадай мөлшерде төленедi:
операның немесе балеттiң орындалғаны үшiн либретто авторына белгiленген сыйақы мөлшерiнiң 1/4 бөлiгi және опереттаның орындалғаны үшiн - 1/3 бөлiгi. Егер либреттоға негiз болған туынды авторлық хұқықпен қорғалмайтын болса, сыйақының бұл туынды авторына тиесiлi үлесi республикалық бюджетке берiледi.
22. Музыкасын шет ел композиторлары жазған либреттолардың варианттары мен оперетталардың музыкалық комедиялар мен мюзиклдердiң жаңа текстемелерi аударламаларға теңестiрiледi (осы қаулыға 1 қосымшаның 13-тармағы).
23. Драмалық спектакльдерге жазылған музыка үшiн төленетiн сыйақы ондағы музыкалық нөмiрлердiң санына, сондай-ақ ол музыканы артистердiң орындағанына немесе оның механикалық жазба түрiнде пайдаланылғанына қарамастан, көп актiлi спектакльдерге 1,5 процент, ал бiр актiлi туындыларға 0,5 процент мөлшерiнде есептеледi.
24. Егер концерт бағдарламасында эстрадалық туындылармен қатар бiр ғана iрi симфониялық (симфония, оратория, кантата, симфониялық поэма, увертюра, оркестр орындайтын аспаптық концерт және с.с.) не iрi көлемдi камералық туынды (трио, квартет, квинтет, соната) немесе халық аспаптарына арналған көп актiлi туындылар немесе хореографиялық концерт бағдарламасы орындалғанның өзiнде авторлық сыйақы сатылған билеттерден түскен жалпы соманың 7 процентi мөлшерiнде есептеледi.
Құрамына симфониялық, вокальдық-симфониялық және шағын көлемдi камералық туындылар, басқа да (әдеби, эстрадалық және басқа) туындылар енетiн құрама концерт бағдарламасы орындалған жағдайлардың бәрiнде авторлық сыйақы жалпы түсiм сомасының 3 процентi мөлшерiнде есептеледi.
Көркемөнерпаздардың күшiмен орындалатын ақылы концерттерге, әдеби және тақырыптық кештерге, жастар кештерiне, тағы с.с. осы мөлшерде сыйақы төленедi.
25. Жаңа жылдық шырша ойын-сауығы, оның iшiнде циркке арналып жазылғандары да эстрада концерттерiнiң қатарына жатқызылады.
Егер жаңа жылдық шырша ойын-сауығы бағдарламасына драмалық немесе музыкалық-драмалық туынды енгiзiлсе, мұндай туынды үшiн авторлық сыйақы осы қаулының 1 қосымшасында драмалық және музыкалық-драмалық туындылар үшiн көзделген мөлшер бойынша және осы Нұсқаулықтың 12-тармағында баяндалған ережелердi сақтай отырып есептеледi.
Егер Жаңа жылдық шырша ойын-сауығына арналған билеттердiң құнына сыйлықтардың құны енгiзiлсе, сыйақыны есептеген кезде билеттердi сатудан түскен жалпы сомадан сыйлықтардың құны шығарылып тасталады.
26. Кiру ақысы бiрдей болған жағдайда концерт пен биден құралған бағдарлама үшiн авторлық сыйақы, эстрада концертiндегiдей - түскен жалпы соманың 3 процентi мөлшерiнде есептеледi.
27. Көпшiлiк ареналарында (стадиондар, спорт сарайлары, имподромдар, тағы с.с.) өткiзiлетiн спорттық жарыстар мен шебер өнерпаздар өнерiн және жәрмеңкелердi сүйемелдеген музыка үшiн авторлық сыйақы осы қаулының 1 қосымшасының 24-тармағында белгiленген мөлшер бойынша есептеледi. Егер көпшiлiк аренасында эстрадалық, цирк ойын-сауығы мен концерттер, драмалық немесе музыкалық-драмалық туынды орындалса, ол үшiн авторлық сыйақы осы қаулының 1 қосымшасындағы концерттерге, драмалық және музыкалық-драмалық туындыларға, сондай-ақ цирктiк қойылымдарға белгiленген мөлшер бойынша есептеледi.
Ескерту. Көпшiлiк ареналары деп - стадиондар, спорт сарайлары, ипподромдар, 3000-нан астам орны бар ашық және жабық алаңшалар саналады. Көрерменге арналған орын саны белгiсiз алаңшалар (парк және т.б.) егер онда өткен ойынға яки бағдарламаға 3000-нан астам билет сатылған болса, көпшiлiк аренасына теңестiрiледi.
Билет сатпай жәрмеңке өткiзген жағдайда, авторлық сыйақы заңды ұйымдардың қатысқаны үшiн төленген мiндеттi ақысы мен сол жәрмеңкеде жасалған келiсiмнен түскен сомадан аударылады.
II. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақыны есептеу мен өндiрiп алу тәртiбi
28. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы төлеушiлер қатарына - ойын-сауық бағдарламасының кәсiби өнер иелерiнiң немесе көркемөнерпаздардың күшiмен атқарылуына қарамастан, олардың көпшiлiк алдында орындалуын жүзеге асыратын мынадай ұйымдар жатады: театрлар, концерт және цирк бiрлестiктерi мен ұжымдары, филармониялар, концерт-эстрада бюролары, цирктер, клубтар, мәдениет үйлерi мен сарайлары, офицерлер үйлерi, кафелер, санаторийлер, асханалар, думанханалар, казинолар, парктер, стадиондар, демалыс үйлерi, әуесқой көркемөнерпаздар театрлары, колхоздар, совхоздар, жастар ұйымдары, дискотека өткiзуге арналған орындар, спорт қоғамдары, кiтапханалар, тәжiрибе стансалары, өрт сөндiру қоғамдары, тұтыну қоғамдары, кооперативтiк және қоғамдық ұйымдар мен кәсiпорындар, жолаушы таситын көлiк кәсiпорындары, жеке iс-қызметпен айналысуды атқаратындар, орман өнеркәсiбi шаруашылықтары, тағы с.с.
Авторлық сыйақы төлеуге барлық мемлекеттiк, коммерциялық, акционерлiк, жалгерлiк, кәсiподақтық, кооперативтiк, жеке меншiктiк және қоғамдық кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер атауы мен меншiк түрiне қарамай мiндеттi, әрi ол бүкiл спектакльдер, концерттер, әдебиеттiк, музыкалық, музыкалық-драмалық, вокалдық, хореографиялық ойын-сауықтар, эстрада және цирктiк бағдарламалар үшiн, сондай-ақ көпшiлiк алдында орындаудың барлық басқа да түрлерi және коммерциялық мақсатпен көрсетiлген бейнефильмдер, магниттiк таспаға немесе бейнетаспаларға жазылған шығармалардың әдеби және музыка туындыларының лазер табағына көбейтiлгенi үшiн өндiртiп алынады.
29. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы оның ақылы яки тегiн өткiзiлгенiне қарамастан, барлық жағдайда есептеледi, ал мына реттерде төленбейдi:
а) көпшiлiк алдында орындау көрермендер үшiн тегiн әрi орындаушыларға немесе орындаушылар ұжымына ешқандай сыйақы төленбей жүзеге асырылғанда;
ә) халық тегiн кiрiп әрi туындыларды көпшiлiк алдында клубтардың, мәдениет үйлерi мен сарайларының, т.с.с. штаттағы жекелеген қызметкерлерi (баяншылар, сауықшылар және басқалар) орындағанда.
30. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы процент есебiмен белгiленген мынадай мөлшерде есептеледi:
а) жалпы түсiм сомасынан - билеттердi сатудан алынған ақша сыйақы төлеушiнiң кассасына түскен реттерде;
ә) кепiлдi төлем сомасынан - сыйақы төлеушi артистердiң ойын-сауығы үшiн кепiлдi төлем тапсырыс берушiмен шарт жасаса отырып, ойын-сауықты басқа ұйымның (тапсырыс берушiнiң) алаңында көрсеткен реттерде. Мұндай жағдайда шарт бойынша кепiлдi төлемнiң сомасы жалпы түсiм сомасына теңестiрiледi;
б) орындаушыларға есептелген сыйақының (жалақының) сомасынан (1,5 процент) сыйақы төлеушi көрермендерден кiру ақысын төлеттiрмейтiн реттерде. Бұл аударымдар аталған кәсiпорындардың шығындарына жатқызылады.
Ескерту. Ойын көрсететiн ұжым атынан әрекет жасайтын ұйым тапсырыс берушiмен (алаң иесiмен) жасасқан шарт бойынша спектакль немесе концерт үшiн кепiлдi төлемнiң сомасын есептеген кезде, көрсетiлетiн ойын-сауықтың тiкелей құнымен және соған байланысты шығындармен қатар, авторлық сыйақы мен Әдебиет және Музыка қорларына, Қазақстан Республикасының басқа қорларына жасалатын аударымдарды да ескеруге мiндеттi.
31. Әдеби және музыкалық туындыларды бейнетаспаға, магнит таспасына немесе табағына жазып көбейтуге рұқсаты (патентi) бар және мұндай жазбаларды жалға беретiн жеке кәсiпкерлер Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi арқылы патент ақысының таксасы белгiленген сомадан 3 процент мөлшерiнде авторлық сыйақы төлейдi.
32. Барлық кәсiби театрлар, концерттiк ұйымдардың жүйесiне енбейтiн дербес орындаушы ұжымдар және тұрақты цирктер өз репертуарындағы спектакльдердiң, концерттер мен ойын-сауықтардың тұрақты орындардағы сияқты басқа ұйымдарға қарасты алаңдарда да көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн, авторлық сыйақыны, көшпелi театрлар мен қуыршақ театрлары, орындаушы ұжымдар жергiлiктi филармониямен және концерт-эстрада бюроларымен шарт жасасу арқылы ойын-сауық көрсететiнiнен басқа реттерде (мұндай жағдайда сыйақыны ойын-сауық көрсетудi ұйымдастырушы филармониялар мен концерт-эстрада бюролары төлейдi), өздерiнiң базалары тұрған жерде орталықтандырылған тәртiппен төлейдi.
33. Филармониялар мен концерт-эстрада бюролары, кооперативтер өз солистерiнiң, ұжымдарының және бригадаларының күшiмен сондай-ақ басқа ұйымдардың қарамағындағы, бiрақ филармониямен немесе концерт-эстрада бюросымен жасасқан шарттар бойынша өнер көрсететiн көшпелi театрлар мен қуыршақ театрларының, көшпелi цирктердiң, концерт және цирк топтарының,солистердiң, бригадалар мен ансамбльдердiң күшiмен туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақыны өзiнiң тұрған жерiнде орталықтандырылған тәртiппен төлейдi. Егер филармонияның (концерт-эстрада бюросының) ұжымы немесе бригадасы басқа филармониямен (концерт-эстрада бюросымен) жасасқан шарт бойынша ойын көрсетсе, шартқа орай ойын-сауық көрсетушi концерт ұйымы авторлық сыйақыны төлеушi болып табылады.
34. Клубтар, мәдениет үйлерi мен сарайлар, офицерлер үйлерi, парктер, бақтар және с.с. өз алаңдарында өздерiнiң орындаушы кәсiби ұжымдарының, әскери бөлiмдердiң орындаушы ұжымдарының және еңбек келiсiмдерi бойынша шақырылған орындаушылардың күшiмен көпшiлiк алдында орындалған туындылар үшiн авторлық сыйақы төлейдi.
Егер клубта, мәдениет үйiнде немесе сарайында және с.с. туындылар көркемөнерпаздар ұжымдарының немесе шақырылған кәсiби орындаушы ұжымдардың (театрлардан, дербес орындаушы ұжымдардан, тұрақты цирктерден, сондай-ақ филармониялар мен концерт-эстрада бюроларының бригадаларынан басқа) күшiмен орындалса, авторлық сыйақыны билет сатудан алынған ақша өз кассасына келiп түсетiн ретте клуб, мәдениет үйi немесе сарайы және с.с. төлейдi. Көрермендер тегiн кiргенде авторлық сыйақының қарамағында орындаушы ұжым тұратын ұйым жасасқан шарт бойынша өзi алған кепiлдi ақының сомасынан төлейдi.
35. Филармониямен немесе концерт-эстрада бюросымен жасасқан шарттар бойынша ойын көрсеткеннен басқа реттерде көшпелi цирктер авторлық сыйақыны ойын көрсеткен жерде өздiгiнше төлейдi.
36. Көпшiлiк ареналарында өткiзiлетiн театрландырылған, эстрадалық, цирк ойын-сауықтары мен концерттер үшiн авторлық сыйақыны билет сатудан алынған ақша кассасына түскен ұйым төлейдi.
37. Кiргенi үшiн жеке ақы төлеттiрiлмейтiн алаңдарда (спектакльге дейiн немесе одан кейiн немесе үзiлiстер кезiнде театрлардың фойесiнде, кинотеатрлардың фойесiнде, кафелер мен думанханаларда, парктегi, бақтар мен стадиондардағы және с.с. ашық алаңдарда) көпшiлiк алдында орындалған туындылар үшiн авторлық сыйақы, егер оны алаң әкiмшiлiгi тiкелей орындаушыларға төлейтiн болса, орындаушыларға төленетiн сыйақы сомасынан, немесе алаң әкiмшiлiгi мен орындаушыларды берген ұйым арасында жасалған шартта көрсетiлген сомадан есептеледi. Соңғы ретте авторлық сыйақыны орындаушы ұжымды берген ұйым төлейдi.
38. Авторлық сыйақыны төлеушiлердiң бәрi орындалған туындылардың дәл есебiн жүргiзуге және нақты орындалған туындылардың атауы, олардың авторларының (соның iшiнде музыканың, текс пен аударма авторларының) фамилиялары мен аты-жөнi туралы, сондай-ақ алымның сомасы (ақы алып кiргiзгенде), жасасқан шарттар бойынша кепiлдi төлем сомалары және орындаушыларға есептелген (тегiн кiргiзгенде) сыйақы (жалақы) сомасы туралы мәлiметтердi белгiленген нысан бойынша Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгiнiң уәкiлдерiне олардың iлкi талап етуi бойынша ұсынуға мiндеттi. Авторлық сыйақы бойынша есеп айырысуға және Әдебиет, Музыка қорларына жасалған аударымдарға байланысты барлық құжаттарды қарап шығу үшiн табыс етуге тиiс. Ойын-сауық көрсететiн кәсiпорындардың басшылары Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi агенттiгiнiң өкiлiне орын бере отырып, соңғы даярлық жүрiп жатқан және туынды көпшiлiк алдында орындалып жатқан кезде көрермендер залы мен алаңға еркiн әрi кiру хұқығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Мәлiметтердi кезiнде табыс етуге, олардың дұрыстығы мен толымдылығы үшiн төлеушi ұйымның басшысы, сондай-ақ көшпелi орындаушы ұжымдардың басшылары мен әкiмдерi жауап бередi.
39. Жарнамалар мен бағдарламаларда туындылардың атауы, текст, аударма, музыка авторларының фамилиясы, аты-жөнi және актiлер саны өздерiнiң тұрақты топтары орындағанда ғана емес, сонымен қатар бұлардың алаңдарында гастрольдiк және бригадалық орындаушылар ойын-сауық көрсеткен кезде де дәл көрсетiлуiн қатаң қадағалау жауапкершiлiгi ойын-сауық кәсiпорындарының басшыларына жүктеледi.
40. Төлеушiлер авторлық сыйақының төленуге тиiс сомаларының есеп-қисабын ҚазМАСХА уәкiлiнiң тексеруiне табыс етуге мiндеттi, бұдан кейiн үш данадан бiржола ресiмделген есеп айырысу парақтарына төлеушi ұйымның басшылары қолдарын қойып, мөрлерiмен куәландырады. Есеп айырысу парағының бiр данасы төлеушiде қалады, екi данасы ҚазМАСХА-ның уәкiлiне берiледi. Концерт және басқадай құрама бағдарламада орындалған туындылар мен олардың авторлары туралы мәлiметтер шағын рапорт (орындау бағдарламасы) түрiнде табыс етiлген реттерде, оған орындалатын бағдарлама үшiн жауапты адам қол қойып, төлеушiнiң мөрi басылады да, ҚазМАСХА уәкiлiне есеп айырысу парағынан кешiктiрмей бередi.
41. Төлеушi өзi есеп айырысу қағазына қол қойған уақыттан бастап он күн мерзiм iшiнде онда көрсетiлген авторлық сыйақының сомасын Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтары жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгiнiң ағымдағы есепшотына аударуға мiндеттi. Егер ойын-сауық кәсiпорны, кооператив немесе кез-келген басқа ұйым ҚазМАСХА-ның уәкiлiне есеп айырысу парағымен бiрге белгiленген тәртiп бойынша тiркелген концерт бағдарламасын, дискотека бағдарламасын, әрқайсысының кiрiсiн жеке-жеке көрсетiлген фильмдер тiзiмiн яки магнит таспасына, күйтабақшаға, бейнетаспаға, лазер табақшасына жазылған бағдарламаларды бермесе, онда авторлар туындыларын пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақы және шығармашылық одақтардың қорына аударымдар мынадай мөлшерде жасалады (процент есебiмен):
концерт (кезкелген) үшiн 14
бейнефильмдер үшiн 16
туындылардың магнит таспасына,
күйтабақшаға бейнебаспаға жазылғаны үшiн 12
Бұл тәртiп филармониямен, кооперативпен, жеке меншiк кәсiпорынмен немесе басқа ұйыммен шарт жасасқан гастрольдiк ұжымдарға да қатысты, Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi (ҚазМАСХА) бұл сомаларды (комиссиялық аударымдарды шығарып тастап) республика бюджетiнiң табысына аударады.
III. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторларға авторлық сыйақы төлеудiң тәртiбi
42. Туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi арқылы төленедi.
43. Авторлық сыйақы белгiленген тәртiп бойынша орындалуға рұқсат етiлген және авторлары тiркелген туындылардың ғана көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн төленедi.
44. Әртүрлi авторлардың бiрнеше туындыларынан жасалған концерт, цирк және басқа бағдарламалар, үнжазба мен бейнежазба үшiн сыйақыны авторларға бөлiп беруi Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi белгiлеген тәртiп бойынша асырады.
45. Егер авторлық хұқықпен қорғалмайтын драмалық немесе музыкалық туындыны (халық шығармашылығы туындыларынан басқасын), мемлекет игiлiгi деп жарияланған туындыны, сондай-ақ авторлық хұқығын мемлекет сатып алған туындыны басқа бiреу қайта өңдесе (қайта жөндесе, толықтырса), қайта өңделген мұндай туындының орындалғаны үшiн авторлық сыйақы, қайта өңдеген авторға Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң туындыны қайта өңдеуге арнайы рұқсаты болғанда ғана және осы Министрлiк белгiлейтiн мөлшерде төленедi.
46. Қосар авторлары жасаған туындылардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторлық сыйақы ол авторларға өздерiнiң келiсiмi бойынша бөлiп берiледi.
Мұндай келiсiм болмаған жағдайда дербес бөлiмдерден құралған туындылар (опера, балет, оперетта) орындалғанда, авторларға сыйақы осы қаулының 1 қосымшасында белгiленген тәртiппен, ал бөлiнбейтiн тұтас шығарма (пьеса, либретто, операның музыкасы және басқалар) орындалғанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша белгiленбесе, тепе-тең бөлiнiп төленедi.
47. Инсценировкаланған туындының авторы мен инсценировканы жасаушының арасында сыйақының үлесiн осы қаулының 1 қосымшасында белгiленгендегiге қарағанда басқаша (бiрақ тұтас алғанда инсценировка үшiн белгiленген норманың шегiнде) бөлу туралы келiсiм инсценировкалаушы драмалық туындыны жасау кезiнде инсценировкаланатын туындыдан едәуiр алшақтап кеткен ретте ғана оның үлесiн көбейту үшiн жасалуы мүмкiн.
Аударылатын туындының авторы мен аудармашының арасында авторлық сыйақының осы қаулының 1 қосымшасында белгiленгендегiден өзгеше бөлiсу туралы келiсiм жасалуы мүмкiн, бiрақ ол жағдайда сыйақы бүкiл аудармаға белгiленген шамадан аспауға тиiс.
48. Театрдағы, цирктегi, концерт ұйымындағы немесе орындаушы ұжымдағы режиссерлiк-қойымдылық жұмысты немесе репертуар құрауды шешетiн лауазымды адамдарға (директор, режиссер, музыка бөлiмiнiң меңгерушiсi, ансамбль жетекшiсi және с.с.) олардың өздерiнiң, сондай-ақ қосар автор болып бiрлесiп жазылған туындылары өздерi қызмет iстейтiн ұйымдарда орындалғаны үшiн авторлық сыйақы жоғары тұрған органдардың бұл орындауға алдын ала жазбаша рұқсат алынған ретте ғана төленедi.
49. Осы Нұсқаулық (4, 19,21-тармақтары) бойынша республика бюджетiнiң кiрiсiне берiлуге тиiстi сыйақы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес аударылады.
IV. Қазақстан Республикасы шығармашылық ұжымдарының шетелдiк гастрольдер кезiнде көпшiлiк алдында орындаған туындылары үшiн авторлық сыйақы төлеу
50. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарамағындағы шығармашылық ұжымдарының шет елдерге гастролi жайындағы барлық шарттарды Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi немесе тiкелей мәдениет мекемелерi жасайды және Мәдениет министрлiгiнде тiркелiп, министрдiң тиiстi орынбасары бекiтедi.
Шартта гастрольдiң бағдарламасына енгiзiлген туындылардың авторларына төленетiн қаламақының шарты, валютаның түрi және төлеу тәртiбi мiндеттi түрде көрсетiлуге тиiс.
51. Театр, филармония немесе басқа мәдениет мекемесiнiң бастығы ұжымды шет елге гастрольге iссапарға жiберерден бiр ай бұрын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрi орынбасарының қолы қойылып, мөрi басылған екi дана бағдарламаны (репертуарды), сондай-ақ әр елде өтетiн ойын-сауық графигiн (күнi, қаласы) Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгiне табыс етуге мiндеттi.
52. Жарияланбаған музыкалық, музыкалық-драмалық және хореографиялық туындыларды шетелдiк гастрольдiң бағдарламасына енгiзуден бұрын оларды көпшiлiк алдында тұңғыш рет орындалу хұқығы туралы жазбаша түрдегi шарт негiзiнде сатып алу керек.
Егер гастроль барысында бағдарламаға авторлардан сатып алынбаған туындылар енгiзiлiп орындалса, мұндай туындыларды репертуарға енгiзген кәсiпорын, мекеме қолданылып жүрген заңдарда белгiленген мөлшерде авторға тиiстi елдiң валютасымен сыйақы төлеуге мiндеттi.
53. Автор өз шығармаларын сахнаға қойдыруға немесе басып шығаруға шет ел театрларымен, баспаларымен және с.с. өз бетiнше тiкелей шарт жасасуға хұқықты. Мұндай жағдайда автор сыйақыны қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен алады.
V. Драмалық, музыкалық, музыкалық-драмалық және әдеби туындыларды жасауға арналған тапсырысты орындағаны үшiн авторлық сыйақы ставкасын қолдану тәртiбi
54. Авторлық сыйақы драмалық, музыкалық, музыкалық-драмалық және әдеби туындыларды көпшiлiк алдында орындау үшiн жасалған шарттар бойынша, сондай-ақ жарияланбаған драмалық, музыкалық, музыкалық-драмалық және әдеби туындыларды көпшiлiк алдында тұңғыш рет орындау (қою) туралы Қазақстан Республикасында жасалған шарттар бойынша төленедi.
55. Авторлық сыйақының ставкасы туындының идеялық-көркемдiк құндылығына, оның көлемi мен жұмыстың күрделiлiгiне қарай, автормен жасасқан шарт бойынша белгiленедi. Ставканы қолдану автормен шарт жасасатын ұйымның кiмге бағынатынына байланысты емес.
56. Туындыны көпшiлiк алдында орындау үшiн жасалған шарттың болуы бұл шығарма жазылып болған соң, автордың оны баспаға тапсырып, шарт жасасуына және басылып шыққаннан кейiн белгiленген ставка бойынша қаламақы алуына кедергi келтiрмейдi.
Туындыға арналған баспа шартының болуы, егер туынды аяқталып, бiрақ әлi жарияланбаған болса, онда авторлық сыйақы төлей отырып, бұл туындыны көпшiлiк алдында орындау туралы автордың шарт жасасуына кедергi келтiрмейдi. Алайда мұндай шарт жасасқан кезде автор өзiнiң баспамен жасасқан жазбаша шартының бар екенi және аяқталған қолжазбаны баспаға тапсырған мерзiмi туралы екiншi жаққа жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Егер автор мұндай мәлiмдеме жасамаса және оны қою жөнiнде заңмен немесе шартпен белгiленген мерзiм өткенге дейiн кiтап жарыққа шығып кетсе, онда туындыны көпшiлiк алдында орындау туралы автормен шарт жасасқан ұйым автор алған авторлық сыйақы сомаларының қайтарылуын одан талап етуге хұқықты.
57. Жарияланбаған туындыны қайта жөндеу туралы белгiлi бiр театрдың талабына сәйкес жасасқан шарт бойынша авторлық сыйақы төлеуге жол берiлмейдi. Театр мұндай шарт бойынша болашақ проценттiк аударым есебiне, театрдың спектакльден алатын орташа жылдық түсiмi бойынша есептеп, 5 спектакль үшiн төлейтiн сыйақы мөлшерiнде авторға несие ғана бере алады. Егер театр спектакльдi қоюдан бас тартса, бұл несиенi автор қайтармайды. Сондай-ақ басылып шықпаған, бiрақ бiржолғы сыйақы төленген туындыны театр сол қалада бiрiншi рет қою хұқын өзiнен тән етiп бекiткiсi келген ретте, сол туындыны қою туралы шарт жасасып, проценттiк аударым есебiне авторға жоғарыда аталған тәртiппен несие беруге болады.
58. Автор өзiнiң жарияланған туындысының түбегейлi қайта өңдеген ретте авторға тиiсiнше Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының қорытындысы бойынша және осы қорытындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мiндеттi түрде бекiтуiмен авторлық сыйақының 75 процентiне дейiнiн қайталап төлеуге жол берiледi.
59. Көкейкестi саяси тақырыптарға арнап эстрада мен цирк үшiн жазылып жарияланған туындыларды қайта өңдеу қажет болған ретте шарт бойынша авторлық сыйақының тиiстi ставкасының 50 процентiне дейiн төлеуге болады.
60. Эстрада мен циркке арналған туындылар үшiн авторлық сыйақы ставкаларын қолданғанда мыналар есепке алынуға тиiс:
а) көлемi 6 жол одан көп шумақтарға, шумақтың көлемiне қарамастан, төрт жолдық екi шумақ ретiнде төленедi;
ә) қысқа диалог (интермедия) үшiн көзделген ставкалар нөмiрдi байланыстырушы немесе оған кiрiспелiк сипаты интермедияларға, сондай-ақ жергiлiктi тақырыптарға арнап жазылған интермедияларға қолданылады;
б) жекелеген реприз үшiн көзделген ставкалар клоундарға, сайқымазақтар мен конферансьелерге арнап жазылған реприздерге қолданылады.
61. Жарияланбаған туындыны көпшiлiк алдында орындау (қойылымдылық) туралы автормен шарт жасасқан және авторға сыйақы төлеген мекеме немесе ұйым өздерi қабылдап алған туындыны көпшiлiк алдында кеңiнен орындау үшiн өз қарамағындағы ұйымдарға беруге, оны радио мен телевизия арқылы орындатуға, сондай-ақ қою хұқығы үшiн авторға нендей бiр қосымша сыйақы төлеместен, оны көбейту және тарату үшiн Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгiне жiберуге хұқықты. Мұндай шығармалардың көпшiлiк алдында орындалғаны үшiн авторға берiлетiн сыйақы сақталады.
62. Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi театрларды репертуар жаңалықтарымен жабдықтау мақсатында авторлармен келiсе отырып, драмалық және эстрадалық туындыларды қолжазба түрiнде көбейтуi, олардың жарыққа шығарылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ретiнде қаралмайды.
Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi көбейткен туындыны қоюды бiрiншi болып жүзеге асырған ұйым, егер бұл туындыға бұрын авторлық сыйақы төленбеген болса, оның авторына сыйақы төлеуге мiндеттi.
63. Драмалық, музыкалық, музыкалық-драмалық және әдеби туындылардың авторлары тапсырмамен туынды жасау үшiн тек бiр ғана мекемемен (ұйыммен) шарт жасасуға және сол туындысы үшiн авторлық сыйақыны да бiр-ақ рет бiр мекемеден алуға хұқығы бар.
64. Туындыларды жасауға арналған тапсырыстың орындалғаны үшiн авторлық сыйақы авторлардың мұрагерлерiне Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi арқылы белгiленген тәртiп бойынша төленедi.
65. Белгiлi бiр театрдағы, цирктегi, концерт ұйымындағы немесе орындаушы ұйымдағы қоюшы-режиссерлiк жұмысты немесе репертуар белгiлеудi шешетiн лауазымды адамдармен авторлық сыйақы төлеу көзделетiн шарттарды әрбiр жоғары тұрған ұйымның арнаулы рұқсатымен ғана жасауға болады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 9 ақпандағы
N 142 қаулысына
2 Қосымша
Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын жасағаны үшiн төленетiн авторлық сыйақы
Ставкалары
-------------------------------------------------------------------
|Шектi тара. |Авторлық сый.
|лым нормасы |ақы ставкасы
Бұйымдардың түрлерi | (дана) |(ең төменгi
| |жалақыға шақ.-
| |қандағы про.-
| |центпен)
--------------------------------------------------------------------
1 2 3
-------------------------------------------------------------------
Қыш бұйымдар
Үстелге қойылатын мүсiн (адамдардың
тұлғалары, хайуанаттардың мүсiндерi) 500 160
Сәндiк паннолар 500 240
Сәндiк сауыттар, құмыралар, кашполар 1000 140
Табақтар,тәрелкелер,кеселер,пиалалар,
легендер 1000 80
Шәй және ас ыдыстары, шараптық және
басқа да ыдыстардың жиынтықтары 500 230
Ағаш бұйымдар
Үстелге қойылатын мүсiн (адамдардың
тұлғалары, хайуанаттардың мүсiндерi)
жеке мүсiндер 200 90
топтама мүсiндер 100 130
Сәндiк табақтар,тәрелкелер, сауыттар,
оюлы қобдишалар 200 160
Сәндiк паннолар 200 240
Кiшкене күбiлер,баклажкалар,кубельцалар
қобдишалар, сандықшалар 300 90
Қасықтар, тұз сауыттары 500 70
Әшекейлiк бұйымдар (алқа, түйреуiш,
бiлезiк, iлмектер, түймелер) 300 60
Сыбызғылар,түтiктер,қолтаяқтар,тұтқалар 500 60
Кебежелер,сандықтар,бесiктер,тақталар,
үстелдер мен ойыншықтар 50 450
Қамшылар, аттың әбзелдерi,қымыз ыдыстар,
ожаулар,шаралар,тостағандар, сүт кеселерi,
оқтаулар, қасықтар,шырағдандар, табақтар,
ұршықтар, нан тақтайлар, дастархандар 100 160
Ескерту. Бұйымдарды механикалық жолмен жасағанда таралым нормасы 50 проценттен артады.
Сабанмен безендiрiлген бұйымдар
Сандықшалар, қабдишалар 200 120
Сәндiк тәрелкелер 300 60
Сәндiк паннолар 300 150
Қарындаштар, қаламсауыттар 500 50
Металдан жасалған бұйымдар
а) нәзiк әшекейлi бұйымдар
Түйреуiштер, алқалар 100 50
Сырғалар, сақиналар, түймелер 200 30
Бiлезiктер, тоғалар,медальондар,алқалар 300 60
Бойтұмарлар,шашбаулар, шекелiктер 100 60
Шынжырлар 500 50
Бiлезiк-шынжырлар 300 40
б) қалыппен дайындалған бұйымдар
Түйреуiштер,белдiктiң тоғалары, сырғалар,
сақиналар, шаш түйреуiштер, iлмектер 3000 80
Алқалар, бiлезiктер 2000 110
Түймелер 15000 60
Үстел шамдары, шамдалдар 1000 170
Шырағдандар, қабырғалық шамдар 1000 80
Қораптар, шақшалар, шiлтерлер 3000 60
Бокалдар, кубоктар, құмыралар, шәйнектер,
құмғандар,жайпақ табақтар, нақышталған
паннолар 100 140
Темекi сауыттар, опа сауыттар, самса
табақтар 5000 100
Қасықтар, пышақтар, шанышқылар 10000 140
Темекiлiк, жазулық, косметикалық және
басқа да бұйымдар жиынтығы 3000 130
Зергерлiк бұйымдар жиынтығы 3000 130
Медальдар, портреттiк плакаттар 5000 460
Тағы басқа бұйымдар 15000 290
Портреттiк белгiшелер, жетондар, эмблемалар 5000 110
Тағы басқалар 15000 90
Үстелге қойылатын мүсiн, адам тұлғасы 50 250
Хайуанаттар мүсiнi 100 140
Сәндiк паннолар:
адам бейнелi 100 110
хайуанат бейнелi 200 90
әшекейлi 300 70
Шыбықтан, сабаннан, қамыстан, зығыр талшығынан
және басқа да заттардан тоқылған бұйымдар
Әйел қалташалары, кәрзеңкелер, әмияндар, нан
салғыштар, жемiс салғыштар, кәмпит салғыштар 300 50
Қабырға шамдары, шамдалдар, шырағдандар,
газет салғыштар, жайпақ ыдыстар, тартпалар,
тұғырықтар 300 40
Сәндiк паннолар (майлықтар, перделер,
төсенiштер, кiлемшелер) 500 70
Қобдишалар 300 50
Қуыршақтар, мал мүсiншелерi 200 50
Оюланған ұлттық сыртқы киiмдер (желеңдер,
шапандар, камзолдар, көйлектер) 50 130
сәукелелер, қалпақтар, бөрiктер, тымақтар,
тақиялар 100 130
Қолмен тоқылған бұйымдар
Торлы дастархандар мен перде iлгiштер 100 40
Өрнектелген еркек және әйел тоқымалары:
орташа күрделi 100 40
күрделi өрнектi 50 50
Әшекейленген биялайлар,бөкебайлар,бөрiктер,
шұлықтар, орамалдар 100 30
Үлкендерге немесе балаларға арналған
киiмдердiң жиынтығы 200 50
Блузкалар,селдiр блузкалар 100 40
Әйелдердiң күрделi өрнектi жакетi 50 50
Майлықтар, желбiреуiктер, жағалар 200 20
Сәндiк паннолар 200 60
400-ге дейiн инесi бар жаккард машиналы
станокта тоқылған сәндi маталар,
дастархандар, жапқыштар, төсенiштер 3000 250
400-ден астам инесi бар жаккард машиналы
станокта тоқылған бұйымдар 2000 430
Майлықтар, төсенiштер,жастық тыстары,
сүлгiлер, орамалдар, бөкебайлар, жаулықтар,
сөмкелер және басқа бұйымдар 5000 40
Белдiктер, галстуктар, белгi баулар 10000 30
Қолдан тоқылған, оюланған түктi кiлемдер 500 140
тақырыпқа құралғаны 300 430
Жаккардтық және акмистерлiк оюланған
кiлемдер 1000 250
тақырыпқа құралғаны 500 430
Тоқыма суреттi перделiк, жапқыштық
сәндi маталар 5000 м 60
Шыныдан, хрустальдан және фарфордан жасалған бұйымдар
Түссiз және түрлi-түстi шыныдан жасалған
гүл, жемiс, печенье,кәмпит вазалары,
бокалдар, фужерлер,рюмкалар,стакандар,
графиндер,құмыралар, салат ыдыстары және
басқа да бұйымдар 5000 70
Хрустальдан және қаптама шыныдан жасалған
гүл,жемiс, печенье,конфет вазалары,
бокалдар, фужерлер, рюмкалар, иiс майдың
шишалары, графиндер, құмыралар, салат
ыдыстары және басқа да бұйымдар 2000 90
Үрленген шыныдан немесе хрустальдан
жасалған мүсiндер 300 90
Фарфордан жасалған құмандар, кофе
құмандары, кiлегей сауыттары, кеселер,
вазалар, күл сауыттар және басқа да
тұрмыс бұйымдары 5000 90
Фарфор мүсiндер 1000 230
Пластмассадан жасалған бұйымдар
Ыдыс-аяқтар, құтылар, аспаптар 10000 90
Сәндi табақтар, вазалар, тәрелкелер 5000 140
Ұсақ-түйек галантерея 10000 60
Үстелге қойылатын мүсiндер:
хайуанаттар 3000 250
бюстiлер, адам тұлғалары 1000 500
Былғарыдан, терiден және оның орнына қолданылар
заттардан жасалған бұйымдар
Жәдiгерлiк ұлттық бас киiмдер мен аяқ
киiмдер 100 90
Қойын дәптерлер, блокноттар, қаптамалар,
әмияндар 1000 60
Альбомдар, бюварлар, қалталар, папкалар,
қобдишалар 300 120
Балалардың ойыншықтары
Механикалық ойыншықтар 500 250
Электроникалық ойыншықтар 500 260
Музыкалық ойыншықтар 500 180
Конструкторлар,ойлан-тап ойындары,
мозаикалар 1000 230
Қуыршақ мебельдерiнiң,ыдыс-аяқтарының,
құрал-саймандардың, құм ойыншықтардың
жиынтықтары 3000 210
Қуыршақтар 1000 170
Сылдырлақтар, жануарлардың, ертегiлiк
және әдеби қаhармандардың, фантастикалық
жәндiктердiң тұлғалары 10000 90
Қоларбашалар 5000 130
Шырша ойыншықтары 5000 40
Ойыншық бильярдтар, кегельдер, топай
ойындары, шығыршық тастағыштар және
басқа да спорттық жиынтықтар 1000 90
Үстел үстiлiк баспалық ойындар 500 90
Сүйек пен мүйiзден жасалған бұйымдар
Үстел үстiлiк мүсiн (адам тұлғалары,
хайуанат мүсiнi)
жеке тұлғалар 300 90
топтама тұлғалар 300 130
Бижутериялар (алқалар, түйреуiштер,
iлмектер, түймелер) 300 50
Мүштiктер, стакандар, күл сауыттары,
жазу құралдары, қағаз қиятын пышақтар
және басқалар 2000 80
Тастан жасалған бұйымдар
Күл сауыттар, қобдишалар, құмыралар, жазу
аспаптары және басқа да жәдiгерлiк
бұйымдар 1000 50
Үстел үстiлiк хайуанат мүсiндерi,
паннолар және әшекейлер 1000 90
Ескерту. Бұл қосымшадағы тiзбеде сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының түрлерi толық қамтылмаған. Тiзбеде көрсетiлмеген бұйымдарды көркемдiк кеңес әрбiр нақты жағдайда тектес шығармаларға орай бағалайды. Авторлық сыйақы мөлшерiн белгiлеуге негiзгi өлшем ретiнде өнер туындысының идеялық кемдiк құны алынады. Осы қосымшада сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын жасағандығы үшiн төленер қаламақының мөлшерi белгiленген. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Шығармашылық жұмыс түрлерiн орындағандығы үшiн авторлық сыйақы мөлшерiн белгiлеудiң тәртiбi туралы 1992 ж. 19 наурыздағы N 262 қаулысына сәйкес авторлық сыйлықтың нақты шамасы авторлық шартта көрсетiледi және ең жоғарғы мөлшерi шектелмейдi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 9 ақпандағы
N 142 қаулысымен
Бекiтiлген
Сәндiк-қолданбалы өнер туындылары үлгiлерiн жасағаны және оларды өнеркәсiпте пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақы ставкаларын қолдау тәртiбi туралы
Нұсқаулық
1. Бұл Нұсқаулықта сәндiк-қолданбалы өнер туындылары үлгiлерiн жасағаны және олардың өнеркәсiпте пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақы төлеудiң тәртiбi мен шарттары белгiленедi.
2. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларына мыналар жатады: қоғамдық және жеке тұрмыстық қолданыс мәнi бар, қолтума, шығармашылық жағынан дара жасалынған көркем бұйымдар мен көркем өңдеуден өткен кәделiк заттар (түрлi үй мүлiктерi, жиhаз, мата, киiм, зергерлiк бұйымдар, қыш, хрусталь, фарфор, шыны, кiлем, әртүрлi әшекейлер, ойыншықтар және т.б.). Сәндiк қолданбалы өнер бұйымдарын өнеркәсiпте жаппай және қайталап шығару оларды көбейту болып табылады.
3. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн жасау және оны өнеркәсiпте пайдалану (көбейту) суретшi-автор мен сол сәндiк-қолданбалы өнер бұйымдары үлгiлерiн (меншiк нысандарына қарамастан өнеркәсiпте пайдаланатын (көбейтетiн) бiрлестiк, кәсiпорын мен ұйым арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырады. Егер суретшi автор (штаттағы суретшi) сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн пайдаланатын (көбейтетiн) бiрлестiкпен, кәсiпорынмен, ұйыммен еңбек қатынастарында тұратын болса және мұндай үлгiлердi жасау оның қызметтiк мiндетiне енетiн болса, онда жоғарыда айтылған шарт жасалмайды.
4. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын өнеркәсiпте көбейту үшiн авторлық сыйақы олар iс жүзiнде көбейтiлген жағдайда осы қаулыда белгiленген нормаларға сәйкес сәндiк-қолданбалы өнер туындысының паспорты негiзiнде есептеледi.
5. Өнеркәсiпте көбейтуге арналған сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн:
сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын шығару қызметтiк мiндетiне жататын кәсiпорындар мен ұйымдардың штатындағы суретшiлер;
штатта жоқ суретшiлер - олардың кәсiпорындарымен (ұйымдарымен) жасасқан шарттары бойынша жүзеге асырады.
Өзiнiң қызметтiк мiндетiне сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiсiн жасау кiрмейтiн кәсiпорын қызметкерi оларды жасаған жағдайда, ол штаттан тыс суретшi ретiнде қаралады.
6. Кәсiпорынмен арадағы шарт бойынша сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын жасағаны үшiн авторлық сыйақы олардың келешекте көбейтiлетiн-көбейтiлмейтiнiне қарамастан төленедi.
7. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерi өнеркәсiпте пайдаланылғаны (көбейтiлгенi) үшiн авторлық сыйақы осы үлгiлердi көбейтетiн кәсiпорындар (ұйымдар) штаттағы және штаттан тыс суретшiлерге олардың алатын жалақысы мен сыйлығының түрiне қарамастан төлейдi.
8. Кәсiпорындар көбейтуге қабылдап алынған сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын қарап, бекiтуге өкiлеттiгi бар көркемдiк кеңес мақұлдаған және бағасын берген әрбiр сәндiк-қолданбалы өнер туындысына паспорт толтырылады (ол Нұсқаулыққа қоса берiлiп отыр).
9. Паспортты сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн көбейтетiн кәсiпорын ресiмдейдi.
10. Паспортқа туындының көлемi 13-18 см суретi тiркелуi тиiс. Жекелеген реттерде туындының суретi орнына оның қолдан салынған суретi немесе оның өзiнiң фрагментi тiркелуi мүмкiн.
11. Паспортты 4 дана етiп жасайды: бiреуi - кәсiпорынға, екiншiсi - Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгiне (ҚазМАСХА), үшiншiсi- көркемдiк кеңестiң хатшысына берiледi, төртiншiсi - автордың өзiнде қалады. Туындыны штаттағы және штаттан тыс авторлар бiрлесiп жасаған жағдайда, оның көбейтiлгенi үшiн сыйақы штаттан тыс суретшiлерге арналған тәртiп бойынша берiледi.
12. Қосар авторлардың қаламақыны өзара бөлiсуi туралы келiсiм тiкелей паспортта көрсетiлуi мүмкiн.
Паспортқа белгiлi бiр өзгерiс енгiзiлуi қажет болған жағдайда, оларды автормен кәсiпорын өзара жазба түрде ескертiледi де, белгiлi тәртiппен қол қойылып, мөрмен куәландырылады.
Сонымен бiрге паспортқа, егер қажет болса, паспортта көрсетiлген туындының өнеркәсiптiк үлгi ретiнде тiркелмегендiгi туралы кәсiпорынның анықтамалары қосақталады.
Егер сәндiк-қолданбалы өнер туындылары болып танылған үлгiлер Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысында белгiленген тәртiппен өнеркәсiптiк үлгi ретiнде тiркелген болса, оларға паспорт толтырылмайды және олардың көбейгенi үшiн сыйақы төленбейдi.
13. Көркемдiк кеңес сәндiк-қолданбалы өнер туындысының үлгiсiн шығармашылық соны туынды деп танымағанымен, оны өнеркәсiпте көбейтуге рұқсат берген болса, оған паспорт толтырылмайды және оның көбейтiлгенi үшiн авторлық сыйақы төленбейдi.
14. Көркемдiк кеңестiң шешiмi жөнiнде талас-пiкiр туған жағдайда, сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн бағалауды - Қазақстан Республикасы Суретшiлерi одағының көркемдiк-сарап комиссиясы мүдделi министрлiктердiң, мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiн қатыстыра отырып, жүзеге асырады.
15. Осы қаулыдағы 2 қосымшада көрсетiлген шамадан артық шығарылған туындыларға ақы бiр немесе бiрнеше қайталап көбейтiлген ретiнде төленедi. Туындының көбейтiлуi белгiленген шамадан көбейтiлуi кем болған жағдайда (толық көбейтiлмеуi) сыйақы толық көбейтiлгендегiдей ретпен төленедi.
16. Сәндiк-қолданбалы өнер туындылары үлгiлерiн өнеркәсiпте көбейтуге арналған авторлық сыйақы авторларға бұйымның өзiндiк құны есебiнен төленедi. Авторлық сыйақыға кеткен шығын бұйым құнының есебiне кiредi.
17. Негiзгi авторлық сыйақыны бiр бiрлестiктен, кәсiпорыннан, ұйымнан алған сәндiк-қолданбалы өнер туындысы үлгiсi авторының осы үлгiнi пайдалануға (көбейтуге) ол алғашқы бiрлестiк, кәсiпорын, ұйымдар өнiмнiң белгiленген мөлшерiн шығарып бiтiргенше, егер алғашқы бiрлестiк, кәсiпорын, ұйымдар өнер туындысының үлгiсiн өндiрiске қабылдап алған күннен бастап 12 ай бойы пайдалануға (көбейтуге) кiрiспеген жағдайда, өзге мекемеге беруiне хұқығы жоқ.
18. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын шығаратын кәсiпорындар бұйымдарды шығарғандығы жөнiнде ҚазМАСХА-ға белгiленген тәртiппен мәлiмет беруге мiндеттi.
ҚазМАСХА көбейтiлу жайын ескере отырып, көбейтудi жүзеге асырып жатқан кәсiпорынның меншiктiк нысаны мен қай мекемеге бағынатынына қарамастан, сәндiк-қолданбалы өнер туындысы үлгiлерiнiң өнеркәсiпте көбейтiлгендiгi үшiн авторлық сыйақы төлеудi жүзеге асырады.
Авторлық сыйақы кәсiпорындардың Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгiне тапсыратын мәлiметтерi бойынша, есептi кезең iшiнде шығарылған бұйымның нақты мөлшерi үшiн, тоқсан сайын, келесi айдың 20-сына дейiн есептелiнедi.
19. Егер бiр кәсiпорында көбейтiлуге қабылданған сәндiк-қолданбалы өнер туындысының үлгiсi кейiн басқа бiр кәсiпорындарда көбейтiлсе, онда олар суретшiге кезектi көбейту үшiн тиесiлi авторлық сыйақы мөлшерiн алғашқы көбейтуге төленген негiзгi авторлық сыйақыны ескере отырып анықтауға мiндеттi.
Бiр кәсiпорын бұл үлгiнi көбейтудi толық тоқтатып, үлгiнi көбейтудi басқа бiр кәсiпорынға тапсырған кезден басқа жағдайларда әртүрлi екi кәсiпорында шығарылған кемшiн таралымдарды қосып есептеуге жол берiлмейдi.
20. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларының үлгiлерiн өнеркәсiпте пайдаланғаны (көбейткенi) үшiн есептелiнген қосымша авторлық сыйақылар бiрлестiк, кәсiпорын, ұйым төлем тiзiмiне қол қойылғаннан кейiнгi 10 күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi есебiне аударуы тиiс.
21. Штаттағы суретшi жасаған үлгi - кәсiпорынның, ал штаттан тыс суретшiнiкi - автордың меншiгi болып табылады және ол пайдаланылып болған соң иесiне қайтарылады.
Сәндiк-қолданбалы өнер туындысы үлгiсiнiң авторы, егер ол үлгi қымбат металдан жасалынбаса яки оған асыл тастар орнатылмаса, сондай-ақ қымбатты мехтардан әзiрленбесе, көбейтiлген үлгiнiң бiреуiн өндiрiстiң өзiндiк құнымен сатып алуға құқығы бар.
Сәндiк-қолданбалы өнер туындысының
ПАСПОРТЫ
Туынды үлгiсiнiң суретшi-авторының (қосар автордың)
фамилиясы, аты, әкесiнiң аты-------------------------------------
Штаттағы немесе штаттан тыс суретшi------------------------------
-----------------------------------------------------------------
Суретшi автордың адресi:-----------------------------------------
Туындының түрi және оның шартты атауы----------------------------
-----------------------------------------------------------------
Көбейту нормасы--------------------------------------------------
Туындының үлгiсiн жасағаны үшiн берiлетiн сыйақының мөлшерi
Кәсiпорын бастығы Суретшi автор
----------------------- ------------------------
(Қолы) (Қолы)
Мөр
Көркемдiк кеңестiң аты мен оның тұжырымы-------------------------
-----------------------------------------------------------------
Протокол N-------" " ----------------------- 199 ж.
Паспорт берiлген кәсiпорынның аты--------------------------------
-----------------------------------------------------------------
Кәсiпорынның адресi:---------------------------------------------
-----------------------------------------------------------------
Қосымша: қолтуманың суретi (қолы)
Көркемдiк кеңестiң төрағасы (қолы)
Хатшысы:
Мөр
Паспорттың берiлген күнi:
Паспорт 4 дана болып құрастырылған
1 - кәсiпорын үшiн
2 - ҚазМАСХА үшiн
3 - көркемдiк кеңес үшiн
4 - автор үшiн
13Х18 см мөлшерiндегi қолтума суреттi (фотосурет
сапасы жағынан анық болуы керек)
желiмдейтiн орын