1. "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы мен француздың "Alcattl CIT" компаниясы арасындағы Ақтау-Атырау-Орал кабельдiк байланыс желiсiн қайта жаңарту, сондай-ақ мамандарды оқыту мен сервистi ұйымдастыру жөнiндегi контракт мақұлдансын.
2. Жобаны қаржыландыру Франция беретiн кредит шеңберiнде жүзеге асырылсын.
3. Қазақстанның мемлекеттiк даму банкi тиiстi француз банкiмен жасалған контрактiге сәйкес 23,295 млн. (жиырма үш миллион екi жүз тоқсан бес мың) АҚШ доллары сомасына кредит бөлу туралы жеке кредит келiсiмiн жасайтын болсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жеке кредит келiсiмiне Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берсiн.
4. "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы Қазақстанның мемлекеттiк даму банкiмен кредиттiк келiсiм жасасын және оған әрi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қажеттi кепiлдiк мiндеттемесiн берсiн.
5. "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы есептелетiн проценттер мен басқа да iлеспе шығындарды ескере отырып, мұнай бiрлестiктерiнiң мiндеттемелерiне сәйкес шикi мұнайды беру есебiнен кредиттiң орнын толтыруды белгiленген мерзiмде қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп, қайта жаңартылған байланыс желiсiн Батыс Қазақстан аймағының барлық тұтынушылары мүддесiне кешендi пайдаланудың схемасын әзiрлесiн.
7. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне аталған қаулының жүзеге асырылуын бақылау жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi