1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы Байқау кеңесiнiң мемлекеттiк қатысуымен осы компанияны "Қазагрожөнмаш" ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және агросервис жөнiндегi акционерлiк компаниясы (бұдан былай "Қазагрожөнмаш" акционерлiк компаниясы) етiп қайта құру жөнiндегi шешiмiне келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясына бұрын берiлген оның Жарғылық қорына кiрмейтiн акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқын керi шақырып алсын және бұл құқықты тиiстi акционерлiк қоғамдарға берсiн;
"Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясының Жарғылық қорына акционерлiк қоғамдардың бұрын берiлген акцияларының мемлекеттiк пакетiн керi шақырып алсын және "Қазагрожөнмаш" акционерлiк компаниясына осы акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқын қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес табыс етiлсiн.
3. "Қазагрожөнмаш" акционерлiк компаниясы
"Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк компаниясының құқылық мұрагерi болып табылады. 4. "Қазагрожөнмаш" акционерлiк компаниясы үшiн таратылатын "Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясының Алматы қаласы, Ленин проспектiсi, 38-үйi орналасқан алаңының бiр бөлiгi сақталатын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 наурыздағы N 253 қаулысына Қосымша "Қазагрожөнмаш" акционерлiк компаниясы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқын табыс ететiн акционерлiк қоғамдардың (АҚ) ТIЗБЕСI "Алматытағамжөнмаш" АҚ (Алматы қаласы) "Атбасар жөндеу-механикалық заводы" АҚ (Ақмола облысы) "Көкшетауагрожөнмаш" АҚ (Көкшетау облысы) "Комсомольск жөндеу-механикалық заводы" АҚ (Ақмола облысы) "Қостанайагротехсервис" АҚ (Қостанай қаласы) "Павлодарагрожөнмаш" АҚ (Павлодар облысы) "Сайрам" тәжiрибе-сынақ өндiрiстiк бiрлестiгi" АҚ (Оңтүстiк Қазақстан облысы) "Түрген жөндеу-механикалық заводы" АҚ (Алматы облысы) "Түркiстанагрожөнмаш" АҚ (Оңтүстiк Қазақстан облысы) "Оралагрожөнмаш" АҚ (Орал қаласы) "Үштөбе жөндеу-механикалық заводы" АҚ (Талдықорған облысы) "Шу жөндеу-механикалық заводы" АҚ (Жамбыл облысы) "Шортандыагрожөнмаш" АҚ (Көкшетау облысы) <*> ----------------------------
<*> "Қазагрожөнмаш" акционерлiк компаниясы салынып жатқан Талдықорған электрмен су шығаратын насостар заводына мемлекет мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқын бередi. Кәсiпорынды пайдалануға берген соң, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оны мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жүргiзiледi.
ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.17. N 1080
қаулысымен. P001080_