Өнеркәсiп орындарының жұмысын тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 30 наурыз N 370. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.05.13. N 431 қаулысымен. ~P980431

      Өнеркәсiп орындарының жұмысын тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Халықтан басқа тұтынушылардың барлық топтары үшiн 1995 жылдың 1 сәуiрiнен 1 шiлдесiне дейiн, тәжiрибе ретiнде, электр қуатына қолданылып жүрген тарифтiң 50 процентi мөлшерiнде тарифi енгiзiлсiн.
      1995 жылдың 1 сәуiрiнде электр және жылу қуаты үшiн жиналып қалған берешегiн 1995 жылдың 1 шiлдесiне дейiн өтелуiн қамтамасыз етпеген тұтынушыларға аталған жеңiлдiк қолданылмайтын болып белгiленсiн.
      2. Зиян шегушi және рентабельдiлiгi төмен энергетика мен электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiктерiнiң шығындарын өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Электр энергетикасын қаржылық реттеудiң бюджеттен тыс қорын құрсын.
      Электр энергетикасын қаржылық реттеудiң бюджеттен тыс қорына аударымдар тауарлы өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылады әрi зияндардың орнын толтыруға және олардың зиян шегуi мен рентабельдiлiгiнiң төмендiгi электр мен жылу энергиясы тарифтерiнiң белгiленген деңгейiне және олардың қызметiне байланысты емес басқа да себептерден болған бiрлестiктердiң жиналу мен тұтыну қорларына жұмсалады деп айқындалсын.
      Қаржылық реттеудiң бюджеттен тыс қорының аударымдық нормативтерi мен шығыстық сметаларын Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасының энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi бекiтетiн болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi "Темiр жол тасымалдарына арналған тарифтер туралы" өзiнiң 1995 жылғы 23 наурыздағы N 2/11 қаулысымен көмiр тасымалы кезiнде республикалық iшкi қатынастарға енгiзiлген тарифтерге 50 проценттiк төмендетiлген коэффициент белгiлегенi қаперге алынсын.
      Республикалық және жергiлiктi қатынастарда көлемi жылына 100 мың тоннадан аса темiр жол тасымалы болатын өнеркәсiп кәсiпорындары үшiн 1995 жылдың 1 сәуiрiнен 1 шiлдесiне дейiн, аталған уақыт кезеңiнде берешегiн өтеудi қамтамасыз еткен жағдайда, сол тасымалдарға қолданылып жүрген тарифтен 30 процент мөлшерiнде шегерiм жасалады деп белгiленсiн.
      "Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдағаны және басқа да қызмет көрсеткенi үшiн уақытылы ақы төлемеген жағдайда кәсiпорындар мен ұйымдардың жауапкершiлiгi туралы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 сәуiрдегi N 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 158-бап) көзделген жүк алушылардың жүк тасымалдағаны үшiн ақыны, алымдарды уақытылы төлемеген жағдайда темiр жол кәсiпорындары есептейтiн өсiмдер жойылсын.
      4. Электр энергиясы мен темiр жол көлiгiне қызмет көрсеткенi үшiн 1995 жылдың 1 сәуiрiне дейiн жиналып қалған берешегiн 1995 жылдың 1 шiлдесiне дейiн өтеген жағдайда аталған берешек бойынша бұрын есептелiнген өсiмдер мен айыппұлдар өндiрiлiп алынбайды деп белгiленсiн.
      5. Меншiк нысанына қарамастан, үстiмiздегi жылдың 1 сәуiрi жағдайында дайын өнiмнiң көп қалдығы бар кәсiпорындар мен ұйымдарға оны сату мүмкiндiгiнiң бағалары бойынша, бiрақ нақты өзiндiк құнынан кем болмайтындай етiп өткiзуге, тәжiрибе ретiнде, рұқсат етiлсiн.
      Пайда мен қосылған құнға салық салу мақсаты үшiн өнiмдердi өткiзудiң нақты бағасы қабылданады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi салық салу мәселелерi жөнiндегi қолданылып жүрген актiлерге қаулының осы тармағының туындайтын өзгерiстердi енгiзу жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, енгiзсiн.
      6. Электр энергетикасы саласы мен темiр жол көлiгiнiң кәсiпорындары, сондай-ақ қаулының 5-тармағында көзделген шарттармен өнiмдердi өткiзудi жүзеге асырушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер 1994 жылы бюджетке төлемдерiн уақытылы төлемегенi үшiн салынған айыппұл санкциялары және 1995 жылдың жарты жылдығындағы олардың аванстық сомалары бойынша бюджетке төлем жасаудан босатылсын.
      Бюджетке тұрған мекемелер мен ұйымдар айыппұл санацияларының 1995 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi көрсетiлген сомалары бойынша электр мен жылу энергиясына және темiр жол тасымалдарына уақтылы есеп айырыспағаны үшiн айыппұл санкцияларын төлеуден босатылсын.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi 1995 жылдың 30 сәуiрiне дейiн жүзеге асырылатын энергиямен жабдықтау ұйымдарының тиiстi бюджеттер алдындағы берешегiн өтеу есебiне бюджеттiк ұйымдардың энергиямен жабдықтау ұйымдары алдындағы берешегiн есепке алудың тәртiбiн белгiлеп, бекiтсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi мен Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесе отырып 1995 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне электр энергиясы мен темiр жол тасымалдары тарифтерiн негiздеу жөнiнде ұсыныстар енгiзетiн болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан

Республикасының Баға және монополияға қарсы мемлекеттiк комитетiмен және 
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен 
бiрге үстiмiздегi жылдың 15 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының 
Министрлер Кабинетiне электр энергетикасы саласын басқаруды құрылымдық 
жағынан қайта құру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


О дополнительных мерах по обеспечению стабилизации работы промышленных предприятий

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 марта 1995 г. N 370. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 13 мая 1998 г. N 431 ~P980431.

     В целях обеспечения стабилизации работы промышленных предприятий Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Ввести, в порядке эксперимента, с 1 апреля до 1 июля 1995 г. тариф на электрическую энергию в размере 50% от действующего для всех групп потребителей, кроме населения.
      Установить, что на потребителей, не обеспечивших погашение до 1 июля 1995 г. задолженности за электрическую и тепловую энергию, образовавшуюся к 1 апреля 1995 г., указанная льгота не распространяется.
      2. В целях компенсации затрат убыточных и низкорентабельных производственных объединений энергетики и электрификации Министерству энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан создать внебюджетный фонд финансового регулирования электроэнергетики.
      Определить, что отчисления во внебюджетный фонд финансового регулирования электроэнергетики относятся на себестоимость товарной продукции и расходуются на возмещение убытков и на отчисление в фонды накопления и потребления объединений, убыточность и низкорентабельность которых вызвана установленным уровнем тарифов на электрическую и тепловую энергию и другими причинами, не зависящими от их деятельности.
      Установить, что нормативы отчислений и сметы расходования внебюджетного фонда финансового регулирования утверждаются Министерством энергетики и угольной промышленности по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан.
      3. Принять к сведению, что Государственный комитет Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике своим постановлением от 23 марта 1995 г. N 2/11 "О тарифах на железнодорожные перевозки" установил 50-процентный понижающий коэффициент к введенным тарифам во внутриреспубликанском сообщении при перевозке угля.
      Установить с 1 апреля до 1 июля 1995 г. для промышленных предприятий, имеющих объемы железнодорожных перевозок свыше 100 тыс.т в год в республиканском и местном сообщениях, скидку в размере 30% с действующего тарифа на эти перевозки, при условии обеспечения погашения задолженности в указанный период времени.
      Отменить пени, начисляемые предприятиями железных дорог при несвоевременной оплате за перевозку грузов, сборов на грузополучателей, предусмотренные постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 14 апреля 1993 г. N 306 P930306_ "Об ответственности предприятий и организации при несвоевременной оплате за перевозку грузов и другие виды услуг железнодорожного транспорта". (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 13, ст. 158).
      4. Установить, что в случае погашения до 1 июля 1995 г. задолженности за электроэнергию и услуги железнодорожного транспорта, образовавшейся к 1 апреля 1995 г., ранее предъявленные пени и штрафы по указанной задолженности не взыскиваются.
      5. Разрешить, в порядке эксперимента, предприятиям и организациям независимо от форм собственности, имеющим по состоянию на 1 апреля т.г. большие остатки готовой продукции, реализовать ее по ценам возможной продажи, но не ниже фактической себестоимости. 05_03_00
      Установить, что для целей налогообложения прибыли и добавленной стоимости принимается фактическая цена реализации продукции. Министерству финансов Республики Казахстан подготовить и внести предложения по внесению изменений в действующие акты по вопросам налогообложения, вытекающих из данного пункта постановления.
      6. Освободить предприятия электроэнергетической отрасли и железнодорожного транспорта, а также хозяйствующие субъекты, осуществляющие реализацию продукции на условиях, предусмотренных в п. 5 настоящего постановления, от уплаты в бюджет по предъявленным штрафным санкциям за несвоевременную уплату платежей в бюджет за 1994 г. и авансовым их суммам за первое полугодие 1995 г.
      Освободить учреждения и организации, состоящие на бюджете, от уплаты штрафных санкций за несвоевременные расчеты за электрическую и тепловую энергию и железнодорожные перевозки по предъявленным до 1 апреля 1995 г. суммам этих санкций.
      7. Министерству финансов Республики Казахстан, главам областных и Алматинской городской администраций разработать и утвердить порядок проведения зачета задолженности бюджетных организаций перед энергоснабжающими в счет погашения задолженности энергоснабжающих организаций перед соответствующими бюджетами с осуществлением его до 30 апреля 1995 г.
      8. Государственному Комитету Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике совместно с Министерством энергетики и Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан к 1 июля 1995 г. внести в Кабинет Министров Республики Казахстан предложения по обоснованию тарифов на электроэнергию и железнодорожные перевозки.
      9. Министерству экономики Республики Казахстан совместно с Государственным комитетом Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике и Министерством энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан до 15 мая т.г. внести в Кабинет Министров Республики Казахстан предложение по структурной перестройке управления электроэнергетической отраслью.
    Первый заместитель
     Премьер-министра
   Республики Казахстан