1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясы "Сенiм Сақтандыру Компаниясы" деп аталатын ашық түрдегi акционерлiк қоғам болып қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясын "Сенiм Сақтандыру Компаниясы" атты ашық түрдегi акционерлiк қоғам етiп қайта құру жөнiнде жұмыс комиссиясын құрсын.
Жұмыс комиссиясы екi ай мерзiм iшiнде жарғылық қордағы мемлекет үлесiн айқындау үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясының активтерiне бағалау жүргiзсiн, осы компанияны қайта құру жөнiндегi құрылтай құжаттарын әзiрлеудi аяқтасын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясындағы мүлкiнiң үлесiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сататын болсын.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақ ССР-iнiң Мемлекеттiк сақтандыру Басқармасын Қазақ ССР Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясы етiп қайта құру туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 7 мамырдағы N 289 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ., 1991 ж., N 14, 89-бап);
"Қазақ ССР-iнiң Мемлекеттiк сақтандыру Басқармасын Қазақ ССР Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясы етiп қайта құру туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 7 мамырдағы N 289 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 25 ақпандағы N 156 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi