Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясын қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 17 сәуiр 1995 ж. N 496

      Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен мемлекеттiк меншiктi жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасына және "Сақтандыру рыногын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi ұйымдастыру-құқықтық шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 16 сәуiрдегi N 1658 U941658_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 18, 177-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясы "Сенiм Сақтандыру Компаниясы" деп аталатын ашық түрдегi акционерлiк қоғам болып қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясын "Сенiм Сақтандыру Компаниясы" атты ашық түрдегi акционерлiк қоғам етiп қайта құру жөнiнде жұмыс комиссиясын құрсын.
      Жұмыс комиссиясы екi ай мерзiм iшiнде жарғылық қордағы мемлекет үлесiн айқындау үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясының активтерiне бағалау жүргiзсiн, осы компанияны қайта құру жөнiндегi құрылтай құжаттарын әзiрлеудi аяқтасын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясындағы мүлкiнiң үлесiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сататын болсын.
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақ ССР-iнiң Мемлекеттiк сақтандыру Басқармасын Қазақ ССР Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясы етiп қайта құру туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 7 мамырдағы N 289 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ., 1991 ж., N 14, 89-бап);
      "Қазақ ССР-iнiң Мемлекеттiк сақтандыру Басқармасын Қазақ ССР Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясы етiп қайта құру туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 7 мамырдағы N 289 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 25 ақпандағы N 156 қаулысы.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


О преобразовании Государственной коммерческой страховой компании Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 апреля 1995 г. N 496

      В соответствии с Национальной программой разгосударствления и приватизации государственной собственности в Республике Казахстан на 1993-1995 годы и Указом Президента Республики Казахстан от 16 апреля 1994 г. N 1658 U941658_ "Об организационно-правовых мерах по формированию и развитию страхового рынка" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 18, ст. 177) Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Преобразовать Государственную коммерческую страховую компанию Республики Казахстан в акционерное общество открытого типа "Страховая Компания Сенiм".
      2. Государственному Комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом создать рабочую комиссию по преобразованию Государственной коммерческой страховой компании Республики Казахстан в акционерное общество открытого типа "Страховая Компания Сенiм", с включением в нее представителя Государственной коммерческой страховой компании Республики Казахстан.
      Рабочей комиссии в двухмесячный срок произвести оценку активов Государственной коммерческой страховой компании Республики Казахстан для определения доли государства в уставном фонде, завершить подготовку учредительных документов по преобразованию данной компании.
      3. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом реализовать долю имущества в Государственной коммерческой страховой компании Республики Казахстан в соответствии с действующим законодательством.
      4. Признать утратившими силу:
      постановление Кабинета Министров Казахской ССР от 7 мая 1991 г. N 289 "О преобразовании Правления Государственного страхования Казахской ССР в Государственную коммерческую страховую компанию Казахской ССР" (СП Каз ССР, 1991 г., N 14, ст. 89);
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 февраля 1992 г. N 156 "О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Казахской ССР от 7 мая 1991 г. N 289 "О преобразовании Правления Государственного страхования Казахской ССР в Государственную коммерческую страховую компанию".
      Премьер-министр
   Республики Казахстан