Қазақстан Республикасы тұтыну кооперациясы жүйесiнiң бақылау-кассалық аппараттарды қолдануы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 сәуiрдегi N 511


      Селолық жерлерге орналасқан тұтыну кооперациясының сауда кәсiпорындары жұмысының өзгешiлiгi мен ерекшелiктерiн, селолық елдi мекендердiң шалғайлығына және электр энергиясымен қамтамасыз етудегi жиi iркiлiстерге байланысты кассалық аппараттардың пайдаланылуын қамтамасыз етудiң күрделiлiгiн, сондай-ақ тұтыну кооперациясында қолданылатын қазiргi есептеу тiзiлiмдерi сауда түсiмiнiң банктер мен байланыс мекемелерiне толық тапсырылуына бақылау жасауға мүмкiндiк беретiнiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн тұтыну кооперациясы жүйесiн, облыс орталықтарында орналасқан кәсiпорындардан басқа, өз қызметiнiң өзгешелiгiне қарай халықпен есеп-қисап жасауда бақылау-кассалық апппараттарын қолдана алмайтын кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың Тiзбесiне енгiзсiн.
      2. Қазтұтынуодағы:
      тұтыну кооперациясының кәсiпорындарына бақылау-кассалық аппараттарын 1996 жылғы 1 шiлдеден бастап енгiзудi қамтамасыз етсiн;
      өзiне қарасты кәсiпорындарда бақылау-кассалық аппараттарын

кезең-кезеңмен енгiзудiң кестелерiн жасап, Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша бекiтсiн.
     3. Қазтұтынуодағына тұтыну кооперациясы кәсiпорындарының сауда
түсiмiне толық есеп жүргiзудi, оның дұрыс пайдаланылуы мен
банктер мен байланыс мекемелерiне дер кезiнде тапсырылуын 
қамтамасыз ету ұсынылсын.
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тұтыну 
кооперациясы кәсiпорындарынан ақшаның нақтылы түсiрiлуiне бақылау
жасайтын болсын.

     Қазақстан Республикасының    
         Премьер-министрi                      
      
      


О применении контрольно-кассовых аппаратов системой потребительской кооперации Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 апреля 1995 г. N 511

      Учитывая специфику и особенности работы торговых предприятий потребительской кооперации, расположенных в сельской местности, сложности в обеспечении эксплуатации кассовых аппаратов в связи с отдаленностью сельских населенных пунктов и частыми перебоями в обеспечении электроэнергией, а также то, что действующие учетные регистры, применяемые в потребительской кооперации, позволяют осуществлять контроль за полнотой сдачи торговой выручки в учреждения банков и связи, Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству финансов Республики Казахстан включить до 1 июля 1996 года систему потребительской кооперации в Перечень предприятий, учреждений и организаций, которые в силу специфики своей деятельности не могут применять контрольно-кассовые аппараты в расчетах с населением, кроме предприятий, расположенных в областных центрах.
      2. Казпотребсоюзу:
      обеспечить внедрение с 1 июля 1996 года контрольно-кассовых аппаратов на предприятиях потребительской кооперации;
      разработать и по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан утвердить графики поэтапного внедрения контрольно-кассовых аппаратов на подведомственных предприятиях.
      3. Рекомендовать Казпотребсоюзу обеспечить полноту учета, правильность использования и своевременность сдачи торговой выручки предприятиями потребительской кооперации в учреждения банков и связи. Министерству финансов Республики Казахстан установить контроль за поступлением денежной наличности от предприятий потребительской кооперации.
     Премьер-министр
  Республики Казахстан