Селолық жерлерге орналасқан тұтыну кооперациясының сауда кәсiпорындары жұмысының өзгешiлiгi мен ерекшелiктерiн, селолық елдi мекендердiң шалғайлығына және электр энергиясымен қамтамасыз етудегi жиi iркiлiстерге байланысты кассалық аппараттардың пайдаланылуын қамтамасыз етудiң күрделiлiгiн, сондай-ақ тұтыну кооперациясында қолданылатын қазiргi есептеу тiзiлiмдерi сауда түсiмiнiң банктер мен байланыс мекемелерiне толық тапсырылуына бақылау жасауға мүмкiндiк беретiнiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн тұтыну кооперациясы жүйесiн, облыс орталықтарында орналасқан кәсiпорындардан басқа, өз қызметiнiң өзгешелiгiне қарай халықпен есеп-қисап жасауда бақылау-кассалық апппараттарын қолдана алмайтын кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың Тiзбесiне енгiзсiн.
2. Қазтұтынуодағы:
тұтыну кооперациясының кәсiпорындарына бақылау-кассалық аппараттарын 1996 жылғы 1 шiлдеден бастап енгiзудi қамтамасыз етсiн;
өзiне қарасты кәсiпорындарда бақылау-кассалық аппараттарын
кезең-кезеңмен енгiзудiң кестелерiн жасап, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша бекiтсiн. 3. Қазтұтынуодағына тұтыну кооперациясы кәсiпорындарының сауда түсiмiне толық есеп жүргiзудi, оның дұрыс пайдаланылуы мен банктер мен байланыс мекемелерiне дер кезiнде тапсырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тұтыну кооперациясы кәсiпорындарынан ақшаның нақтылы түсiрiлуiне бақылау жасайтын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi