1. Жеке жобалар бойынша жекешелендiрудiң стратегиялық жоспарын жасау үшiн мына объектiлер:
Ермак ферроқорытпа зауыты мен Павлодар мұнай өңдеу зауыты алынсын, сондай-ақ олардың инвестициялық құнын бағалау мен тендер жүргiзу үшiн жоғарыда аталған жұмыстарды атқарудағы Үкiметтiң консультанты болып "Қазкоммерцбанк" акционерлiк банкi тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тендердi орағыта өтiп меншiк құқығын беру мүмкiндiгiн болғызбайтындай етiп, консалтингтiк қызмет көрсетуiн жүзеге асыру үшiн "Қазкоммерцбанк" акционерлiк банкiмен контракт әзiрлеп, оны бекiтетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi