Жеке жобалар бойынша жекешелендiрудi жүзеге асыру үшiн консалтинг фирмаларын тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 12 мамыр 1995 ж. N 658

      Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1993 жылғы 6 желтоқсандағы N 4/18 қаулысымен бекiтiлген Жеке жобалар бойынша жекешелендiрудi жүзеге асыру үшiн консалтинг фирмаларын тарту жөнiндегi конкурстар туралы ереже негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Жеке жобалар бойынша жекешелендiрудiң стратегиялық жоспарын жасау үшiн мына объектiлер:
      Ермак ферроқорытпа зауыты мен Павлодар мұнай өңдеу зауыты алынсын, сондай-ақ олардың инвестициялық құнын бағалау мен тендер жүргiзу үшiн жоғарыда аталған жұмыстарды атқарудағы Үкiметтiң консультанты болып "Қазкоммерцбанк" акционерлiк банкi тағайындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тендердi орағыта өтiп меншiк құқығын
беру мүмкiндiгiн болғызбайтындай етiп, консалтингтiк қызмет көрсетуiн
жүзеге асыру үшiн "Қазкоммерцбанк" акционерлiк банкiмен контракт
әзiрлеп, оны бекiтетiн болсын.


            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады