1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және "Астық" акционерлiк компаниясының ағылшынның "Титадаз ЛТД" компаниясымен "Астық" акционерлiк компаниясының 1995 жылғы 7 сәуiрде N 28-7/006 жасаған контракты бойынша Тәжiкстан Республикасына жөнелтiлетiн 100 мың тонна көлемдегi астықты кеден
бажынан босату жөнiндегi ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiп биржасы Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасы арасындағы үкiметаралық келiсiм бойынша астық экспортына сертификатты хаттайтын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi