Тәжiкстан Республикасына мемлекеттiк ресурстан жөнелтiлетiн астықты кеден бажынан босату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 16 мамыр N 687. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.09.18. N 1267 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы 2 мамырдағы N 163 өкiмiне сәйкес мемлекеттiк ресурстан астық сатуды жеделдету және түскен қаржыны 1995 жылдың астығын сатып алуға барынша жөнелту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және "Астық" акционерлiк компаниясының ағылшынның "Титадаз ЛТД" компаниясымен "Астық" акционерлiк компаниясының 1995 жылғы 7 сәуiрде N 28-7/006 жасаған контракты бойынша Тәжiкстан Республикасына жөнелтiлетiн 100 мың тонна көлемдегi астықты кеден

бажынан босату жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
     2. Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiп биржасы Қазақстан
Республикасы мен Тәжiкстан Республикасы арасындағы үкiметаралық
келiсiм бойынша астық экспортына сертификатты хаттайтын болсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады