1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару мектебiне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан оқудың бiр жылдық циклiне /1995 оқу жылы/ 15 адам мөлшерiнде тыңдаушылар қабылдау жариялансын, бұл орайда министрлiктер, комитеттер және ведомстволар аппаратының басшы қызметкерлерi /басқарма бастығынан төмен емес/, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегi өкiлеттi және атқарушы органдардың қызметкерлерi қатарынан тиiстi министрлiктер /ведомстволар/ мен облыстар әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша 7 тыңдаушы қабылдансын.
Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне ҚМЭБИ/ҰЖМБМ-ның Қамқоршылар Кеңесiмен келiсе отырып, жұмыс стажы бар аспиранттардың, жоғары оқу орындары түлектерiнiң, сондай-ақ төлем жасау негiзiнде түсушiлердiң қатарынан 15 адам мөлшерiнде қосымша тыңдаушылар қабылдауға рұқсат етiлсiн.
Тыңдаушыларды қабылдау, түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша конкурстық негiзде, ал төлем жасау негiзiнде түсушiлермен-әңгiме өткiзу қорытындылары бойынша жүзеге асырылсын.
2. Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне тыңдаушылар қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы "8" маусымдағы N 794 қаулысына қосымша
Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне
/ҰЖМБМ/ тыңдаушылар қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының ҚҰРАМЫ Сембаев Д.Х. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы, төраға Висанти Кристиан - ҰЖМБМ-ның қоса атқарушы-директоры, төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерi Жүкеев Т.Т. - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы Кәкiмжанов З.Х. - Қазақстан Республикасы Халық банкi Басқармасының төрағасы, ҚМЭБИ және ҰЖМБМ Қамқоршылар Кеңесiнiң мүшесi Малиновский В.А. - Конституциялық соттың судьясы Марченко Г.А. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары Пирожников Г.И. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты Кадр саясаты бөлiмiнiң меңгерушiсi Пепенин А.С. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппараты Кадрлар бөлiмiнiң меңгерушiсi Пан Л.Ю. - ҰЖМБМ-ның конкурстар және емтихандар қызметiнiң жетекшiсi