Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне тыңдаушылар қабылдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 8 маусым N 794

      "Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 29 тамыздағы N 1845 және "Қазақстанның Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институты мен Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебi туралы" 1995 жылғы 19 мамырдағы N 2289 қаулыларын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару мектебiне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан оқудың бiр жылдық циклiне /1995 оқу жылы/ 15 адам мөлшерiнде тыңдаушылар қабылдау жариялансын, бұл орайда министрлiктер, комитеттер және ведомстволар аппаратының басшы қызметкерлерi /басқарма бастығынан төмен емес/, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегi өкiлеттi және атқарушы органдардың қызметкерлерi қатарынан тиiстi министрлiктер /ведомстволар/ мен облыстар әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша 7 тыңдаушы қабылдансын.
      Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне ҚМЭБИ/ҰЖМБМ-ның Қамқоршылар Кеңесiмен келiсе отырып, жұмыс стажы бар аспиранттардың, жоғары оқу орындары түлектерiнiң, сондай-ақ төлем жасау негiзiнде түсушiлердiң қатарынан 15 адам мөлшерiнде қосымша тыңдаушылар қабылдауға рұқсат етiлсiн.
      Тыңдаушыларды қабылдау, түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша конкурстық негiзде, ал төлем жасау негiзiнде түсушiлермен-әңгiме өткiзу қорытындылары бойынша жүзеге асырылсын.
      2. Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне тыңдаушылар қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
            Қазақстан Республикасының
             Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасының

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы "8" маусымдағы N 794 қаулысына қосымша


               Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне

                /ҰЖМБМ/ тыңдаушылар қабылдау жөнiндегi
                      қабылдау комиссиясының
                           ҚҰРАМЫ
     Сембаев Д.Х.          - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
                             төрағасы, төраға
     Висанти Кристиан      - ҰЖМБМ-ның қоса атқарушы-директоры,
                             төрағаның орынбасары

                     Комиссия мүшелерi
     Жүкеев Т.Т.           - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы
     Кәкiмжанов З.Х.       - Қазақстан Республикасы Халық банкi
                             Басқармасының төрағасы, ҚМЭБИ және
                             ҰЖМБМ Қамқоршылар Кеңесiнiң мүшесi
     Малиновский В.А.      - Конституциялық соттың судьясы
     Марченко Г.А.         - Қазақстан Республикасының Ұлттық
                             Банкi төрағасының орынбасары
     Пирожников Г.И.       - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                             Аппараты Кадр саясаты бөлiмiнiң
                             меңгерушiсi
     Пепенин А.С.          - Қазақстан Республикасы Министрлер
                             Кабинетi Аппараты Кадрлар бөлiмiнiң
                             меңгерушiсi
     Пан Л.Ю.              - ҰЖМБМ-ның конкурстар және емтихандар
                             қызметiнiң жетекшiсi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады