Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 13 маусым N 819. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.02.12. N 203 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 2286 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитет) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастық саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын жүзеге асыратын атқару өкiметiнiң орталық органы болып табылады деп белгiленсiн.
      ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитет Балтық мемлекеттерiмен ынтымақтастық саласында да осындай қызметтi атқарады.
      2. ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитет республикалық мүдделерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп ТМД және Балтық елдерiмен интеграцияның сауда-экономика, валюта, кеден, әскери-саяси мәселелерi мен өзге де салаларында мемлекетаралық, үкiметаралық шарттар мен келiсiмдер жасау жөнiндегi министрлiктер мен ведомстволардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитетке Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп министрлiктер мен ведомстволардың жасаған мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдер мен шарттар орындауына бақылау жасау құқы берiлсiн.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19.
               N 1806 қаулысымен.
      4. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен

ведомстволардың орталық аппараты қызметкерлерiнiң штат саны
2 қосымшаға сәйкес 45 адамға қысқартылсын.
<*>

     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қысқартылған
адамдарды ескере отырып, тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың
орталық аппаратын ұстауға жұмсалатын шектi шығындарға
өзгертулер енгiзсiн.
     Ескерту. 4-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.04.
              N 1078 қаулысымен.
     5.
<*>

     Ескерту. 5-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19.
              N 1806 қаулысымен. 
     6.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
              N 1033 қаулысымен.


      7. Кемiнде екi жыл жұмыс iстеген және халықаралық қатынастар саласында тиiстi тәжiрибесi бар ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитетi орталық аппаратының жауапты қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсiмi бойынша кейiн дипломатиялық дәрежелер берiлiп, дипломатиялық жұмысқа ұсынылуы мүмкiн.
      8. ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитет Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы Ереженi әзiрлеп, оны бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын
      9. ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратын ұстауға арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде қарастырылған мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi оның материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайтуды, сондай-ақ автоматтандырылған режимдегi ақпарат жүйесiн құруды ескере отырып, ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитетке бөлiнетiн бюджет қаржысының сомасын айқындасын.
      11. <*>
      Ескерту. 11-тармақ күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1996.01.18.
               N 68 қаулысымен.
      12. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитеттi байланыстың үкiметтiк каналдарымен, сондай-ақ қажеттi телефон, телекс және телефакс байланысымен, оның iшiнде бұлардың халықаралығымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етсiн.
      13. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппаратынан ауыстырылған Ынтымақтастықмемкомы қызметкерлерiне бұрынғы жұмыс орнындағыдан төмен емес еңбекке ақы төлеу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қызметкерлерiне көзделген медициналық қызмет көрсету шарттары қолданылсын.
      14. <*>
      Ескерту. 14-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19.
               N 1806 қаулысымен.
       15. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитетпен бiрлесiп Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен және Балтық мемлекеттерiмен ынтымақтастық саласындағы министрлiктердiң, ведомстволар мен жергiлiктi басқару органдарының функциялары мен қызмет аяларын шектеу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 2286 Жарлығымен және осы қаулымен сәйкестендiру жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай мерзiм iшiнде ұсынсын.
      16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi оның қызметiнiң ерекшелiгiн
ескере отырып, ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi комитеттiң 
орталық аппаратын орналастыру үшiн Алматы қаласында үй-жай
бөлудi 10 күн мерзiм iшiнде қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                     Қазақстан Республикасы 
                                     Министрлер Кабинетiнiң
                                     1995 жылғы 13 маусымдағы
                                          N 819 қаулысына
                                          1 қосымша

             Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер
              Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi
               мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының 
                             Құрылымы

     Басшылық 
     Ынтымақтастық стратегиясы мен ұйымдастырылуы жөнiндегi
     бас басқарма
     Ынтымақтастықтың экономикалық проблемалары жөнiндегi 
     бас басқарма
     Көптарапты және қостарапты экономикалық шарттар мен
     бағдарламалардың басқармасы (жетекшi)
     Әлеуметтiк бағдарламалар мен экология жөнiндегi басқарма
     (жетекшi)
     
<*>

     Ақпараттық-талдау жұмыстары жөнiндегi бөлiм
     
<*>

     Хаттама бөлiмi
<*>

     Қаржылық қамтамасыз ету, кадр саясаты және арнаулы жұмыс
     басқармасы (жетекшi)
<*>

     Ескерту. 1-шi қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
              1995.07.31. N 1043 қаулысымен.
         


                                    Қазақстан Республикасы 

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы N 819 қаулысына 2 қосымша


             Орталық аппараты қызметкерлерiнiң штаттық

            саны қысқартылатын Қазақстан Республикасы
              министрлiктерi мен ведомстволарының
                            Тiзбесi
-------------------------------------------------------------------
      Министрлiктер мен ведомстволар       | Қысқартылған
                                           | адамдар саны
-------------------------------------------------------------------
                       1                   |          2
-------------------------------------------------------------------
     Денсаулықминi                                   1
     
<*>

     Мәдениетминi                                    2
     Ғылымминi                                       2
     Бiлiмминi                                       2
     Қорғанысминi                                    2
     Баспасөзинi                                     1
     
<*>

     Жастартурспортминi                              1
     Ауылшарминi                                     4
     Көлiкминi                                       4
     Мұнайгазөнеркәсiпминi                           1
     Еңбекминi                                       1
     Құрылысминi                                     2
     Қаржыминi                                       2
     Экономминi                                      3
     Энергиякөмiрөнеркәсiпминi                       1
     Экобиоресурсминi                                2
     Әдiлетминi                                      2
     Қазақстан Республикасы Министрлер
     Кабинетiнiң Аппараты                            2
     Мемстатком                                      2
     Суресурскомы                                    1
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
     жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiнде комитет   1
     "Қазақкино" мемкинокомпаниясы                   1
     Қазгидромет                                     1
     Мемстандарт                                     1
     Қазақстан Республикасы Министрлер  
     Кабинетiнiң жанындағы Ұлттық патент
     ведомствосы                                     1
     Ұлттық аэроғарыш агенттiгi                      2
--------------------------
     Барлығы                                        45
<*>

                      
     Ескерту. 2-шi қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
              1995.08.04. N 1078 қаулысымен.
 
      
      


Вопросы Государственного комитета Республики Казахстан по сотрудничеству со странами Содружества Независимых Государств

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 июня 1995 г. N 819. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 12 февраля 1997 г. N 203 ~P970203.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 19 мая 1995 г. N 2286 U952286_ "Об образовании Государственного комитета Республики Казахстан по сотрудничеству со странами Содружества Независимых Государств" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Установить, что Государственный комитет Республики Казахстан по сотрудничеству со странами Содружества Независимых Государств (далее - Комитет по сотрудничеству со странами СНГ) является центральным органом исполнительной власти, осуществляющим реализацию государственной политики Республики Казахстан в сфере сотрудничества с государствами - участниками Содружества Независимых Государств.
      Комитет по сотрудничеству со станами СНГ осуществляет такую же деятельность в сфере сотрудничества с государствами Балтии.
      2. Установить, что Комитет по сотрудничеству со странами СНГ, исходя из интересов республики, осуществляет совместно с Министерством иностранных дел Республики Казахстан координацию деятельности министерств и ведомств по заключению межгосударственных, межправительственных договоров и соглашений в торгово-экономических, валютных, таможенных, военно-политических вопросах и иных областях интеграции со странами СНГ и Балтии.
      Предоставить Комитету по сотрудничеству со странами СНГ совместно с Министерством иностранных дел Республики Казахстан право контроля выполнения министерствами и ведомствами заключенных межгосударственных и межправительственных соглашений и договоров.
      3. Пункт 3 утратил силу - постановлением Правительства РК от 19 декабря 1995 г. N 1806.
      4. Сократить штатную численность работников центрального аппарата министерств, государственных комитетов и ведомств на 45 единицы согласно приложению 2.
      Министерству финансов Республики Казахстан внести изменения в предельные расходы по содержанию центрального аппарата соответствующих министерств и ведомств с учетом сокращенных единиц. <*>
      Сноска. В абзаце первом заменены цифры - постановлением КМ РК от 4 августа 1995 г. N 1078.
      5. Пункт 5 утратил силу - постановлением Правительства РК от 19 декабря 1995 г. N 1806.
      6. (Пункт 6 утратил силу - постановлением Правительства РК от 20 августа 1996г. N 1033)
      7. Установить, что ответственные работники центрального Комитета по сотрудничеству со странами СНГ, проработавшие не менее двух лет и имеющие соответствующий опыт в сфере международных отношений, по согласованию с Министерством иностранных дел Республики Казахстан могут быть рекомендованы на дипломатическую работу с последующим присвоением дипломатических рангов.
      8. Комитету по сотрудничеству со странами СНГ разработать и представить в месячный срок на утверждение Кабинета Министров Республики Казахстан согласованное с Министерством юстиции и Министерством иностранных дел Республики Казахстан Положение о Государственном комитете Республики Казахстан по сотрудничеству со странами Содружества Независимых Государств.
      9. Финансирование расходов на содержание центрального аппарата Комитета по сотрудничеству со странами СНГ осуществляется за счет ассигнований на содержание органов государственного управления, предусмотренных республиканским бюджетом Республики Казахстан.
      10. Министерству финансов Республики Казахстан определить сумму бюджетных ассигнований Комитету по сотрудничеству со странами СНГ с учетом развития и укрепления их материально-технической базы, а также для создания информационной сети в автоматизированном режиме.
      11. (Пункт 11 утратил силу - постановлением Правительства РК от 18 января 1996 г. N 68)
      12. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в первоочередном порядке обеспечить Комитет по сотрудничеству со странами СНГ правительственными каналами связи, а также в необходимом количестве телефонной, телексной и телефаксной связью, в том числе международной.
      13. Распространить на сотрудников Комитета по сотрудничеству со странами СНГ, переведенных из Аппарата Кабинета Министров Республики Казахстан, условия оплаты труда не ниже предыдущего места работы и медицинского обслуживания, предусмотренные для работников Кабинета Министров Республики Казахстан.
      14. Пункт 14 утратил силу - постановлением Правительства РК от 19 декабря 1995 г. N 1806.
      15. Министерству юстиции Республики Казахстан совместно с Комитетом по сотрудничеству со странами СНГ внести в месячный срок в Кабинет Министров Республики Казахстан предложения по разграничению функций и сфер деятельности министерств, ведомств и местных органов управления в области сотрудничества со странами Содружества Независимых Государств и государств Балтии и приведению решений Кабинета Министров Республики Казахстан в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 19 мая 1995 г. N 2286 U952286_ "Об образовании Государственного комитета Республики Казахстан по сотрудничеству со странами Содружества Независимых Государств" и настоящим постановлением.
      16. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом в 10-дневный срок обеспечить выделение служебного помещения в г. Алматы для размещения центрального аппарата Комитета по сотрудничеству со странами СНГ с учетом специфики его деятельности.
     Премьер-министр
   Республики Казахстан


                                             Приложение 1

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 июня 1995 г. N 819


                              Структура

          центрального аппарата Государственного комитета
         Республики Казахстан по сотрудничеству со странами
               Содружества Независимых Государств 
<*>


     Сноска. Структура изменена - постановлением КМ РК от
31 июля 1995 г. N 1043.
     Руководство
     Главное управление стратегии и организации сотрудничества
     Главное управление экономических проблем сотрудничества
     Управление многосторонних и двухсторонних экономических договоров
     и программ (ведущее)
     Управление социальных программ и экологии (ведущее)
     Отдел информационно-аналитической работы
     Протокольный отдел
     Управление финансового обеспечения, кадровой политики
     и спецработ (ведущее)
     


                                            Приложение 2

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 июня 1995 г. N 819


                               Перечень

            министерств и ведомств Республики Казахстан,
          в которых сокращается штатная единица работников
                     центрального аппарата 
<*>


     Сноска. В перечень внесены изменения постановлением КМ РК
от 4 августа 1995 г. N 1078.
----------------------------------------------------------------------
    Министерства и ведомства                       !    Количество
                                                   !сокращенных единиц
----------------------------------------------------------------------
                      1                            !        2
----------------------------------------------------------------------
Минздрав                                                   1
Минкультуры                                                2
Миннауки                                                   2
Минобразования                                             2
Минобороны                                                 2
Мининфорпечати                                             1
Минтурспорт молодежи                                        1
Минсельхоз                                                 4
Минкомтранс                                                4
Миннефтегазпром                                            1
Минтруд                                                    1
Минстрой                                                   2
Минфин                                                     2
Минэкономики                                               3
Минэнергоугольпром                                         1
Минэкобиоресурсов                                          2
Минюст                                                     2
Аппарат Кабинета Министров Республики Казахстан            2
Госкомстат                                                 2
Комводресурсы                                              1
Комитет по оборонной промышленности при Кабинете
Министров Республики Казахстан                             1
Госкинокомпания "Казахкино"                                1
Казгидромет                                                1
Госстандарт                                                1
Национальное патентное ведомство при Кабинете
Министров Республики Казахстан                             1
Национальное аэрокосмическое агентство                     2
_____________________
Итого                                                      45