1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң "Алатау" санаторийiнiң ашық үлгiдегi "Алатау санаторийi" акционерлiк қоғамын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Ашық үлгiдегi "Алатау санаторийi" акционерлiк қоғамының акцияларын бөлудiң төмендегiдей тәртiбi бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес "Алатау" санаторийi еңбек ұжымының мүшелерiне 10 процентке дейiн өтеусiз берiлсiн;
акциялардың жалпы санының 39 процентi мемлекеттiк пакеттi құрайды;
акциялардың жалпы санының 51 процентi инвесторларға, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғаларға белгiлi бiр шарттармен сатылады.
3. Ашық үлгiдегi "Алатау санаторийi" акционерлiк қоғамы "Алатау" санаторийiнiң материалдық, қаржылық және өзге де құқықтары мен мiндеттемелерiнiң құқық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде ашық үлгiдегi "Алатау санаторийi" акционерлiк қоғамын құру жөнiндегi құрылтайшылық құжаттарды қарап, бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi