Ашық үлгiдегi "Алатау санаторийi"акционерлiк қоғамын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 15 маусымдағы N 830

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң бiрегей табиғи-сауықтыру кешенi "Алатау" санаторийiн сақтау және дамыту, мемлекеттiк дотацияны қысқарту үшiн қажеттi жағдайларды, сондай-ақ шетелдiк инвесторларды тарту және санаторийдiң материалдық-техникалық базасын жақсарту үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң "Алатау" санаторийiнiң ашық үлгiдегi "Алатау санаторийi" акционерлiк қоғамын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Ашық үлгiдегi "Алатау санаторийi" акционерлiк қоғамының акцияларын бөлудiң төмендегiдей тәртiбi бекiтiлсiн:
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес "Алатау" санаторийi еңбек ұжымының мүшелерiне 10 процентке дейiн өтеусiз берiлсiн;
      акциялардың жалпы санының 39 процентi мемлекеттiк пакеттi құрайды;
      акциялардың жалпы санының 51 процентi инвесторларға, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғаларға белгiлi бiр шарттармен сатылады.
      3. Ашық үлгiдегi "Алатау санаторийi" акционерлiк қоғамы "Алатау" санаторийiнiң материалдық, қаржылық және өзге де құқықтары мен мiндеттемелерiнiң құқық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде ашық үлгiдегi "Алатау санаторийi" акционерлiк қоғамын құру жөнiндегi құрылтайшылық құжаттарды қарап, бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады