1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi министрлiктермен, ведомстволармен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп, мемлекеттiк басқарудың басқа органдарының, мемлекеттiк емес құрылымдардың және ғылыми ұйымдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтiк дамуының индикативтiк жоспарының (бұдан әрi - индикативтiк жоспар) жобасын 1995 жылғы 1 тамызға дейiн талдап әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынсын.
Индикативтiк жоспар жобасын әзiрлеген кезде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi шешiмiмен мақұлданған (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Президиумының 1993 жылғы 28 желтоқсандағы мәжiлiсiнiң N 12-1 хаттамасы) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын индикативтiк жоспарлау Тұжырымдамасы басшылыққа алынсын.
2. 1996-2000 жылдарға арналған индикативтiк жоспар жобасының басты мiндетi - өндiрiстiң құлдырауын болдырмау, экономиканың орнықты тұрақтылығын, экономиканың одан әрi iлгерi басуын және Қазақстан Республикасы халқының тұрмыс деңгейiн арттыруды қамтамасыз ету деп саналсын.
Аталған басты мiндетке сәйкес жоспар жобасын жасаған кезде мынадай түйiндi проблемаларды шешу қарастырылсын:
бiрiншi кезекте, төлемдер жасамау және кәсiпорындарды қаржы тұрғысынан сауықтыру проблемаларын шешу есебiнен, өндiрiстiң құлдырауын тоқтату, оның тұрақтануы мен экономиканың одан әрi iлгерi басуын қамтамасыз ету үшiн алғы шарттар жасау;
iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелесуге қабiлеттi өндiрiстер құру, елдiң ресурстық және ғылыми-техникалық әлеуметiн тиiмдi әрi ұтымды пайдалану;
прогрессивтiк құрылымдық қайта құру, өнеркәсiп және ауылшаруашылығы өндiрiстерiн технологиялық және ұйымдық жетiлдiру;
қолайлы инвестициялық жағдай туғызу және тиiмдiлiгi жоғары өндiрiстерге инвестицияларды ынталандыру арқылы экономикада құрылымдық өзгерiстердi жандандыру;
рыноктардың (тауарлық, қаржылық, жұмыс күшi, жылжымайтын мүлiк және тұрғын үй, жұмыстар атқару, қызметтер көрсету, сондай-ақ басқаларының) кең жүйесiн нысаналы әрi жан-жақты дамыту, нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру және қалыптасқан рыноктарды одан әрi жетiлдiру үшiн жағдай жасау;
әлеуметтiк тұрғыда жол берiлетiн жұмыссыздық деңгейiн ескере отырып, еңбек нарығында белсендi шаралар жүргiзу;
төлемдiк және қаржылық тәртiптi нығайту, республикаға валюталық түсiмнiң қайтарылуына мемлекеттiк бақылауды күшейту;
интеграциялық процесстердi, мемлекетаралық экономикалық, өндiрiстiк-техникалық және технологиялық байланыстарды дамыту;
қуатты жекеменшiк секторын құру есебiнен республика экономикасында шынайы бәсеке ортасын қамтамасыз ету, кәсiпкерлiктi серпiндi және нысаналы дамыту үшiн жағдайды жақсарту, жекеменшiк инвестициялар үшiн жағдай жасау арқылы олардың iскерлiк белсендiлiгiн арттыру;
мемлекеттiк меншiктi қайта құру, экономиканың жетекшi секторларында және материалдық өндiрiс салаларында нарықтық тұрпаттағы жаңа құрылымдар құру;
маркетинг пен менеджменттiң осы заманғы ақпараттық базасын құру;
мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес энергия үнемдеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
заем және кредиттер түрiнде тартылатын шетелдiк капиталды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру. Тiкелей шетелдiк инвестициялардың құрылымын ұлғайту үшiн жағдай туғызу;
бiрiншi кезекте күнкөрiстiң минимумы деңгейiн қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқаты төмен жiктерiн нысаналы қорғауға, әлеуметтiк сала институттарын қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтiк саясатты жүргiзу көзделсiн;
нарықтық экономиканың талаптарын ескере отырып, жоғары және орта арнаулы бiлiм беру жүйесiнде кадрларды даярлауды, қайта даярлауды жетiлдiру.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi министрлiктерге, ведомстволарға, республикалық басқарудың басқа да органдарына, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне 1995 жылғы 20 маусымға дейiн:
а) 1996-2000 жылдарға арналған индикативтiк жоспардың нысандары мен негiзгi болжамдық өлшемдерiн;
ә) жоспарлар әзiрлеуде бағдар ретiнде пайдаланылатын бастапқы экономикалық ақпаратты;
әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi мақсаттарын, басымдықтары және өлшемдерiн;
жоспарланатын кезеңге арналған аса маңызды макроэкономикалық, демографиялық және басқа да көрсеткiштердiң бағдарлы болжамын жеткiзсiн.
4. Министрлiктер, ведомстволар, облыстардың және Алматы қалалық әкiмдерi жалпы республикалық мақсаттар мен басымдықтар негiзiнде 1995 жылғы 15 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, осы министрлiк хабарлаған нысандар мен көрсеткiштер бойынша 1996-2000 жылдарға арналған салалар мен аймақтарды реформалау мен дамытудың индикативтiк жоспарлар жобаларын табыс етсiн.
Аталған жоспарлар жобаларының құрамында:
салалық және аймақтық басымдықтар мен мiндеттер, оларға қол жеткiзудiң әдiстерi;
экономиканың, ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-мәдени салалардың, елдiң жекелеген аймақтарының, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторлардың тиiстi бағыттары мен салаларын дамыту жөнiндегi ұсыныстар табы етiлсiн.
Жобалар мен ұсыныстарды әзiрлеу кезiнде 1 қосымшаға сәйкес аса маңызды бағыттар мен түйiндi проблемалар жөнiнде қабылдаған және жаңадан әзiрленген тұжырымдамалардың, сондай-ақ мемлекеттiк бағдарламалардың ережелерi ескерiлсiн.
5. 1996-2000 жылдарға арналған индикативтiк жоспар жобасын әзiрлеудiң тұтастығы, экономикалық жүйенi одан әрi реформалаудың барлық негiзгi бағыттарын жан-жақты әрi тереңдете пысықтау, экономиканы тұрақтандыру және дамыту үшiн басқарудың орталық экономикалық, сондай-ақ салалық органдары 2 қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша болжамдық және бағдарламалық-мақсатты құжаттарды Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне 1995 жылғы 15 шiлдеге дейiн табыс етедi.
6. Облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi жоспардың жобасы бойынша ұсыныстар әзiрлеген кезде мыналарды:
жергiлiктi шикiзат, өндiрiстiк, қаржылық және адамдарға қатысты әлеуеттi кәсiпкерлiк секторының мүмкiндiктерiн барынша пайдалана отырып, тиiстi аумақтар экономикасының, аймақтық инфрақұрамдылық жүйелер мен тұрмысты қамтамасыз ететiн жүйелердiң кешендiк дамуын;
жұмыс iстеп тұрған және жаңа өндiрiстiк күштердiң ұтымды орналастырылуы мен дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар жүйесiн;
аймақтық бағдарламалар мен жоспарлардың жалпы республикалық мақсаттармен, мiндеттермен және басымдықтармен өзара байланысы және өзара iс-қимылын ескерсiн.
7. Индикативтiк жоспар жобасын қалыптастыру және оған қатысты ұсыныстар әзiрлеген кезде министрлiктер, ведомстволар, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, мемлекеттiк басқарудың басқа да органдары, ғылыми ұйымдар 1996-2000 жылдары:
орталықтандырылған мемлекеттiк инвестициялар негiзiнен экономикалық инфрақұрылымдардың салалары мен объектiлерiне және әлеуметтiк секторға, экспортқа бағытталған және технологиясы жоғары, қайтарымы тез жаңа өндiрiстердi республика үшiн ұйымдастыруға, сондай-ақ, экологиялық апат өңiрлерiндегi аймақтарды қолдауға бағыттайтын болады;
меншiк нысаны мен қызмет түрiне қарамастан, жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды, ұйымдар мен өндiрiстердi қолдау және дамыту әдетте жинақталған өзiндiк қор көздерiнiң, сондай-ақ iшкi немесе сыртқы заем қаржыларын тарту есебiнен жүзеге асырылуы тиiс деген қағиданы негiзге алады.
8. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi индикативтiк жоспар жобасын әзiрлеу үшiн қажеттi статистикалық және талдау ақпараттарының Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне берiлуiн қамтамасыз етсiн.
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiне 1996-2000 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының болжамдық бағыты мен осы кезеңге арналған банктiк жүйенi дамыту жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне табыс ету, сондай-ақ министрлiктiң сұрау салуы бойынша 1996-2000 жылдарға арналған индикативтiк жоспар жобасын әзiрлеу үшiн қажеттi ақпарат хабарлау ұсынылсын.
10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi министрлiктермен, ведомстволармен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен және мемлекеттiк басқарудың басқа да органдарымен, республиканың кәсiпорындарымен және ұйымдарымен бiрлесiп, "Қазақстан Республикасының 1995 жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 сәуiрдегi N 452 қаулысында белгiленген тәртiпке және мерзiмге сәйкес, 1996 жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
11. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң:
1996-2000 жылдарға арналған индикативтiк жоспар жобасын әзiрлеу кезiнде, оны қалыптастыру барысында берiлетiн бағдарламаларды, жобаларды және ұсыныстарды қарауда кешендi көзқарастағы бағдарды қамтамасыз ету үшiн Экономика министрлiгi жанынан экономикалық және салалық органдардың, жұмыс берушi одақтардың, iрi қаржылық және түрлi меншiк нысанындағы өндiрiстiк құрылымдардың бiрiншi басшыларының орынбасарлары қатарынан Экономикалық комиссия құру туралы;
Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң Экономикалық
комиссияның жеке құрамы мен ол туралы Ереже жобасын бiр айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзу туралы; саны 100 адамға дейiн қаладан тыс тұратын өкiлдердi шақырып, индикативтiк жоспар жобасын әзiрлеу мәселелерi жөнiндегi республикалық кеңестi 1995 жылғы маусымда өткiзу туралы ұсыныстары қабылдансын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 852 қаулысына 1 қосымша Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтiк дамуының индикативтiк жоспарының жобасын әзiрлеуде ескерiлетiн ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламалар тұжырымдамаларының Тiзбесi ҰЛТТЫҚ (МЕМЛЕКЕТТIК) БАҒДАРЛАМАЛАР I. Бекiтiлгендерi Жаңа тұрғын үй саясатының және оны жүзеге асыру тетiктерiнiң мемлекеттiк бағдарламасы ("Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығымен бекiтiлген) Қазақстан Республикасында 1994-1996 жылдары кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың бағдарламасы ("Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi тапсырмалар мен шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 тамыздағы N 912 қаулысымен бекiтiлген) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған тұжырымдамалық бағдарламасы ("Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың 1993-1995 және 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған тұжырымдамалық бағдарламасын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 қарашадағы N 1196 қаулысымен бекiтiлген) II Әзiрленгендерi <*> ------------------------ <*> Ескерту: II бөлiмдегi бағдарламалардың негiзгi қағидалары экономиканың, оның нақтылы салаларының, жергiлiктi бюджеттердiң, компаниялар мен кәсiпорындардың мүмкiншiлiктерiне сүйене отырып, нақты салалық жоспарлар жобаларын әзiрлеу кезiнде ескерiлуi тиiс. Отын-энергетика кешенiнiң салаларын дамыту Металлургия кешенiнiң салаларын дамыту "Қазақстан алтыны" Рынокты халық тұтынатын тауарлармен және азық-түлiкпен қанықтыру Көлiк пен байланысты дамыту Ауыл шаруашылығын қолдау және рынокты азық-түлiкпен қанықтыру Шағын село индустриясын дамыту Қазақстанның технологиялық шапшаң даму бағдарламасы Табиғатты ұтымды пайдалану 1994-2010 жылдардағы "Қазақстан орманы" Туризм индустриясын дамыту Тұрмыстық және ақылы қызмет көрсетудi дамыту Халықтың әлеуметтiк жағдайы нашар жiктерiн мемлекеттiк қолдау және жұмыссыздықты қысқарту Жұмыспен қамтамасыз ету Мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, және мәдениетi мен спортты мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасы Жүннен жасалған халық тұтынатын тауарлар өндiрiсi жөнiндегi ұқсатушы өнеркәсiптi дамытудың 1994-2000 жылдарға арналған бағдарламасы Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасында қой шаруашылығын тұрақтандырудың 1994-2000 жылдарға арналған бағдарламасы III. Әзiрленiп жатқандары Қазақстан Республикасының экономикасын құрылымдық жағынан қайта құру үшiн шетел капиталын тарту мен пайдаланудың мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстанның экспорттық әлеуетiн дамыту Импортты алмастыратын өндiрiстердi дамыту Энергия қорын үнемдеудiң мемлекеттiк бағдарламасы Талантты кадрларды дайындаудың мемлекеттiк бағдарламасы ("Дарын" бағдарламасы) 1995-1997 жылдарға және 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты жөнiндегi ұлттық бағдарламасы Халық көшi-қонының мемлекеттiк бағдарламасы Еңбек жағдайларын жақсарту және қорғау жөнiндегi 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама Медициналық және фармацевтiк өнеркәсiптi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы мүгедектерiн әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi 1995-1997 жылдарға және 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарлама Бұқаралық спортты дамытудың 1996-2004 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялаудың республикалық бағдарламасы Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында агроөнеркәсiп кешенi үшiн қажеттi машиналар мен құрал-жабдықтар дайындау бағдарламасы Қазақстан Республикасы ғылымының кадрлық әлеуетiн сақтау және оны дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының экономикасын монополиясыздандыру жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасы Табиғи монополия саласын құрылымдық қайта құру бағдарламасы ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР I. Бекiтiлгендерi (мақұлданғандары) Шикiзат саясатының тұжырымдамасы ("Қазақстан Республикасының шикiзат саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 желтоқсандағы N 1381 қаулысымен бекiтiлген) Ұзақ мерзiмдi қорғаныс бағдарламасын қалыптастыру мен орындаудың тұжырымдамасы ("Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiн материалдық-техникалық жабдықтау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 28 маусымдағы N 1775 Жарлығымен бекiтiлген) Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбiн ұзақ мерзiмдi кезеңге дамытудың тұжырымдамасы ("Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiн материалдық-техникалық жабдықтау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 28 маусымдағы N 1775 Жарлығымен бекiтiлген) Қазақстан Республикасында фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту тұжырымдамасы ("Қазақстан Республикасының Фармацевтiк өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 18 қарашадағы N 1149 қаулысымен бекiтiлген) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-мәдени дамуының тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк саясат жөнiндегi Ұлттық Кеңес мақұлдаған, 1993 жылғы 17 қарашадағы N 3 хаттама) Өтпелi кезеңге арналған iшкi сауда саласындағы мемлекеттiк саясат тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Премьер-министрi бiрiншi орынбасарының 1995 жылғы 29 наурыздағы N 26-28/4038 қарарымен мақұлданған) Халық көшi-қонының мемлекеттiк бағдарламасының тұжырымдамасы ("Халық көшi-қонының мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 34 қаулысымен бекiтiлген) Қазақстан Республикасы өнеркәсiп саясатының орта мерзiмдiк болашаққа арналған тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Төралқасы мақұлдаған, 1995 жылғы 31 мамырдағы N 15 хаттама) II. Әзiрленiп жатқандары Қазақстан Республикасының жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау тұжырымдамасы (негiзгi ережелер) Сыртқы экономикалық саясат тұжырымдамасы Қазақстанның электр энергетикасын 2000 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасы Ғылыми-технологиялық даму тұжырымдамасы Экономиканы тұрақтандыру кезеңiнде еңбекке ақы төлеудi реформалаудың негiзгi бағыттары Мемлекеттiк монополияға қарсы және баға саясатының тұжырымдамасы Тұтынушылар құқын қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнiң тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 852 қаулысына 2 қосымша Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтiк дамуының индикативтiк жоспарының жобасын жасау үшiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне берiлетiн болжамдық және бағдарламалық-мақсаттық құжаттар мен материалдардың Тiзбесi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алдағы бес жылға арналған бюджет пен салық саясатының негiзгi бағыттары, тұтас алғанда елдiң бюджетi мен қаржы жүйесiнiң тепе-теңдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар 1996-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiн бағалау көрсеткiштерi Субвенцияларға сұранымның есебi және оларға мұқтаж аймақтардың тiзбесi Сақтандыру нарқы дамуының болжамы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия
Экономиканың қаржы секторын дамытудағы бағалы қағаздар ролiн арттыру жөнiндегi шараларды айқындай отырып, олардың нарқын дамытудың, инвестициялық қызметтi кеңейтудiң мүмкiндiктерiн жасаудың болжамы
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi
Еңбек нарқын дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған болжамы (жылдарға бөле отырып) Халықтың көшi-қон процесiн реттеудiң бағдарламалық-нысаналық бағыттары Халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi болжамды шаралар Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Еңбекке жарамсыз халықты әлеуметтiк қорғау, халықтың аз қамтылған жiктерiн нысаналы қолдауды қамтамасыз ету жөнiндегi 1996-2000 жылдарға арналған болжамды шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Мемлекеттiк меншiктi одан әрi қайта құру жөнiндегi ұсыныстар, оған:
мемлекеттiң тiкелей қарамағында және иелiгiнде сақталатын
меншiктi (экономика аялары мен салалары бойынша) анықтау; меншiктiң мемлекеттiк үлесiн меншiктiң аралас нысанындағы құрылымдар мен компанияларда тиiмдi пайдалану жөнiндегi шаралар; қайта құрылған кәсiпорындарды жекешелендiргеннен кейiн қолдаудың әдiстерi мен нысандарын дамыту; әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi әкiмшiлiктердiң балансына өткiзу енедi Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi және Мемлекеттiк Тұрғын үй құрылысы банкi Тиiстi аялар мен салалар бойынша жылдарға және қалыптасу көздерiне қарай бөле отырып, орталықтандырылған мемлекеттiк инвестициялық ресурстар жөнiндегi болжам (үкiмет кепiлдiгiне алынатын шетелдiк кредиттердi қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет
Есептелген көлемiн, нысандарын, көздерi мен тарту шарттарын көрсете отырып, шетелдiк капиталды тартудың экономика салалары бойынша болжамы
Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй
және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi
"Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесе отырып, әзiрленген республикадағы тұрғын үй мен коммуналдық құрылыс жоспарының жобасына ұсыныстар
Құрылыс материалдары өнеркәсiбiн және құрылыс индустриясын
дамыту жөнiндегi облыстардың әкiмдерiмен, тиiстi республикалық және аумақтық компаниялармен, акционерлiк қоғамдармен және кәсiпорындармен келiсiлiп жасалған ұсыныстар Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi Ұлттық ғылым академиясымен, мамандандырылған академиялармен, басқа да ғылыми мекемелермен бiрлесiп жасалған елiмiздiң ғылыми-технологиялық дамуының басымдықтары мен болжамы Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Монополиясыздандыру мен бәсекенi дамыту, тұтынушылар құқын қорғау жөнiндегi шаралар бағдарламасы, сондай-ақ баға саясатын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
Денсаулық сақтау жүйесiн одан әрi реформалау және
нығайту, медицина өнеркәсiбiн, медициналық сақтандыруды, жеке медициналық тәжiрибенi және ақылы қызметтi қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi шаралар бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мәдениеттi өркендету саласындағы стратегия мен саясат, көпұлтты мемлекет жағдайында мәдени ортаны құру, мемлекеттiк мүдделердi және саланың кәсiпорындары мен мекемелерiн орынды коммерциялауды үйлестiру жөнiндегi ұсыныстар Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Мемлекеттiк емес бiлiм беру секторының дамуын ескере отырып, жоғарғы оқу орындарының жүйесi мен құрылымын қолайластыру жөнiндегi 1996-2000 жылдарға арналған ұсыныстар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитет Мемлекеттiк резерв құрамына енгiзiлетiн материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен жинақталу нормалары жөнiндегi ұсыныстар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi әскерлерiнiң тектерi мен түрлерiнiң жеткiлiктiлiгiн және реформалау жоспарын айқындауды ескере отырып, қорғаныс мұқтажына қажеттi материалдық-техникалық ресурстар мен бюджеттiк қаражатқа сұранымның болжамы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi Өнеркәсiптiң тиiстi салаларын, ауыл шаруашылығын, iшкi және сыртқы сауданы дамытудың басым бағыттары
Өздерiнiң алдында тұрған нысаналы мiндеттер мен түбегейлi проблемаларды шешудiң нысандары мен әдiстерi жөнiндегi ұсыныстар (отандық тауар өндiрiсiн дамыту, экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту және нақты сыртқы нарыққа шығу, iшкi тұтыну нарқын қанықтыру, технологиялық қайта құру, елiмiздiң энергетикалық тәуелсiздiгiне қол жеткiзу және т.б.).
Өнiмнiң аса маңызды түрлерi бойынша коньюктуралық болжам, соның iшiнде: а) экспорттық әлеуеттiң негiзiн құрайтыны; ә) стратегиялық тауарлар; б) азық-түлiк ресурстары;
в) жаңа жоғары технологиялық, ғылыми қамтымды және с.с. тұтыну құны жоғары азық-түлiк тауарлар
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
Экономиканы мемлекеттiк реттеу бойынша 1996-2000 жылдары әзiрлеуге жататын заң актiлерi жобаларының тiзбесi жөнiнде министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп жасалған ұсыныстар
Сыртқы iстер министрлiгi
Халықаралық шаралар өткiзуге кететiн шығыстар мен Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдарға жыл сайынғы жарналарды төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiн ұстауға кететiн шығыстардың болжамды деректерi.