Тұтынушылар құқығын қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн құру және тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды одан әрi дамыту мен жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерi жөнiндегi жобаларының және тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құжаттардың ұсынылып отырған тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Жергiлiктi әкiмдер:
мемлекеттiк бөлшек сауда жүйесi кәсiпорындары үшiн аса қажеттi азық-түлiктiк және азық-түлiктiк емес тауарлардың мiндеттi тiзбесiн бекiтсiн;
сауданың, қоғамдық тамақтандырудың және халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудiң жекешелендiрiлген кәсiпорындарын сатып алу-сату шартына сәйкес олардың бастапқы бейiнiн, тауардың түр-түрiн, жұмыс режимiн және олардың "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Қазақ ССР Заңының жарлығына сәйкестiгiн сақтау мақсатында жүйелi түрде бақылап отырсын;
үй-жайды онда фирмалық дүкендер ашу үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiретiн кәсiпкерлерге және тамақ өнеркәсiбi орындарына жалға беру немесе сатуды айқындасын;
тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi қоғамдық ұйымдарды қызметтiк үй-жаймен және телефон байланысымен қамтамасыз етуде көмек көрсетсiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп әзiрлеген оқу жоспарына сәйкес белгiленген тәртiпте орта және жоғары, оның iшiнде заңдық бейiндегi оқу орындарындағы оқушылар мен студенттерге тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңды зерделеудi ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне және Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық кеңес мүшелерiне Тұтынушылар құқығын қорғау мен тәуелсiз тұтынушылық сараптаманың ұлттық қоры туралы Ереженiң жобасын әзiрлеу тапсырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп Тұтынушылар құқығын қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн құру тұжырымдамасын әзiрлеп, оны 1996 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, атқарушы органдары жыл сайын 25 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тұтынушылар құқығын қорғау
мәселелерi жөнiнде жыл сайынғы баяндама әзiрлеу үшiн қажеттi материалдар беретiн болсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 22 маусымдағы
N 864 қаулысымен
бекiтiлген
Тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерi жөнiндегi
заң жобаларының тiзбесi
-------------------------------------------------------------------
Заң жобасының атауы | Әзiрлеушi |Атқарылатын
мерзiмi
--------------------------------------------------------------------
Азық-түлiк тағамдарының Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
сапасы мен қауiпсiздiгi Ұлттық ғылым академиясы, наурызы
туралы Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлiгi,
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
Баспасөз және бұқаралық желтоқсаны
ақпарат министрлiгi
Қазақстан Республикасының
Баға және монополияға қарсы
саясат жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi
Сауда туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
Өнеркәсiп және сауда желтоқсаны
министрлiгi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 22 маусымдағы
N 864 қаулысымен
бекiтiлген
Тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы қатынастарды
реттейтiн нормативтiк құжаттардың тiзбесi
-------------------------------------------------------------------
Нормативтiк құжаттардың | Әзiрлеушi |Атқарылатын
атауы | | мерзiмi
--------------------------------------------------------------------
1 | 2 | 3
--------------------------------------------------------------------
Халыққа ақылы медициналық Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
қызмет көрсету ережелерi Денсаулық сақтау қыркүйегi
министрлiгi
Сапасыз өнiмдердi жарам.- Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
сыз деп тану, жою немесе Денсаулық сақтау қыркүйегi
ұқсату тәртiбi туралы министрлiгi
нұсқама
Тамақ өнiмдерi мен тағам Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
шикiзатына медициналық- Ұлттық ғылым академиясы ақпаны
биологиялық талаптар Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлiгi
Коммуналдық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
ережелерi Құрылыс, тұрғын үй және маусымы
аумақтарда құрылыс салу
министрлiгi
Рыноктар мен ұсақ бөлшек Қазақстан Республикасының 1996 жылғы
сауда кәсiпорындарындағы Өнеркәсiп және сауда қазаны
сауда ережелерi министрлiгi
Халыққа тұрмыстық қызмет Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
көрсету ережелерi Баға және монополияға қарсы қарашасы
саясат жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi
Туристiк-экскурсиялық Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
қызмет көрсету ережелерi Жастар iсi, туризм және желтоқсаны
спорт министрлiгi
Қалааралық және Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
халықаралық телефон Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны
байланысы қызметiн көрсету министрлiгi
ережелерi
Почта қызметiн көрсету Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
ережелерi Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны
министрлiгi
Жергiлiктi телефон жүйесi Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
қызметiн көрсету Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны
ережелерi министрлiгi
Телеграф байланысы Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
қызметiн көрсету Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны
ережелерi министрлiгi
Сым арқылы таратылатын Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
радиохабарлары қызметiн Көлiк және коммуникациялар желтоқсаны
көрсету ережелерi министрлiгi
Бөлшек сауда және Қазақстан Республикасының 1996 жылдың
қоғамдық тамақ ережелерi Өнеркәсiп және сауда желтоқсаны
министрлiгi
Ескерту. Бұл тiзбеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
N 524
қаулысымен.