1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға (бұдан былай - Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк комиссия) радиожиiлiк ресурсын басқару құқы берiлсiн.
2. Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға радиожиiлiк спектрiн негiзгi пайдаланушылардың оны тиiмдi пайдалану мәселесi бойынша тұрақты түрде отыруды практикаға айналдыру және үш ай мерзiмде:
Радиобайланыстың халықаралық регламентi бойынша құрғақтығы жылжымалы және орнықты радиобайланысы үшiн бөлiнген 800-1000 мегагерц, 1,5-3,0 гигагерц диапазондарында спектрлер учаскелерiнiң пайдаланылуына талдау жасап, олардың жаңа байланыс қызметтерiн енгiзу үшiн пайдаланылуы жөнiнде ұсыныс әзiрлесiн. Осы мақсатпен республикадағы радиожиiлiк спектрiне толық тексеру жүргiзiп, министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың арасында жиiлiктердi (спектр учаскелерiн) бөлуге түзетулер енгiзу;
нақты станцияларға жиiлiк (спектр учаскесiн) тағайындау тәртiбi әзiрленiп, бекiтiлсiн. Жиiлiктердi заңсыз пайдаланғандығы үшiн жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
"Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясымен бiрлесе отырып, рентабельдiгi жоғары жаңа телекоммуникациялық қызметтер енгiзу мақсатымен Радиобайланыстың халықаралық регламентiне жедел радиобайланысы үшiн бөлiнген диапазондарды барынша босату шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мемлекеттiк электр байланысы инспекциясының қызметiн ретке келтiретiн құқықтық негiздердi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу тапсырылсын.
3. Белгiленген тәртiппен уақытша немесе тұрақты пайдалануға өздерiне радиожиiлiк (спектр учаскелерi) бекiтiлiп берiлген кез-келген пайдаланушы оны басқа тұтынушыларға беруiне жол берiлмейдi деп белгiленсiн.
4. Шетелдiк әрiптестермен бiрлескен кәсiпорындар құру кезiнде жиiлiк спектрiн пайдалану құқығы Қазақстан жағының үлесi болып есептеледi және әрбiр жағдайда дербес бағалауға жатады деп айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне аса маңызды жұмыстар жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының жекелеген аудандарда немесе бүкiл аумағында радио сәулелендiрушi құралдардың пайдаланылуына уақытша тыйым салуды енгiзу құқығы берiлсiн.
6. Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк комиссия мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жиiлiктер тiзiлiмiн жасауды аяқтайтын болсын.
7. Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне, Қорғаныс министрлiгiне Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемдер тәртiбiмен радиожиiлiктердi пайдалануға лицензия берудiң және оны үйлестiру жұмыстарын жүргiзу тарифтерiн әзiрлесiн.
8. Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк комиссия Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып, радиожиiлiк спектрiн пайдалануды бақылау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары