Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асырудың шеңберiндегi жаппай жекешелендiрудi аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Инвестициялық жекешелендiру қорлары қабылдау пункттерiнiң халықтан жекешелендiру инвестициялық купондарын қабылдауды аяқтау күнi 1995 жылдың 30 қыркүйегi болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасы Халық банкiнiң жекешелендiру инвестициялық купондарын қабылдауының ақырғы күнi 1995 жылдың 30 қазаны болып белгiленсiн.
Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi мен "Қазақстанның теледидары және радиосы" республикалық корпорациясы жекешелендiрудiң инвестициялық купондарын қабылдау аяқтау мерзiмi туралы республика халқына хабарлауды қамтамасыз ететiн болсын.
Ескерту. 1-шi тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда және 2-шi
абзацпен толықтырылды, 2-шi абзац 3-шi деп саналды -
ҚРМК-нiң 1995.10.04. N 1302 қаулысымен. P951302_
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жаппай жекешелендiру шеңберiнде аукционға қоюдың санын жеке жоба бойынша жекешелендiрудiң тiзбесiне енгiзiлген кәсiпорындар акциясының бiр бөлiгiн, сондай-ақ агроөнеркәсiп кешенiнiң дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындардың акцияларын купондық аукционға тарту есебiнен 150 объектiге дейiн көбейтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
жаппай жекешелендiрудi 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн аяқтайтын болсын;
инвестициялық жекешелендiру қорлары 1995 жылдың 30 қазанына дейiн инвестиция декларацияларын, сондай-ақ жекешелендiру инвестициялық купондары мен сатып алынған құнды қағаздар бойынша есептерiн берудi қамтамасыз етсiн;
мамандандырылған купон аукциондары аяқталған соң купон иелерiнiң мүдделерiн қорғауды көздейтiн инвестициялық жекешелендiру қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк актiлер 1995 жылдың 1 қарашасына дейiн бекiтуге тапсырылсын;
бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай жекешелендiрудiң негiзгi аспектiлерi бойынша халықты толық хабардар етуге бағдарланған тиiмдi насихат жұмысын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 3-шi тармақ 2-шi,3-шi абзацтармен толықтырылды,
2-шi абзац төртiншi болып саналды - ҚРМК-нiң 1995.
04.10.N 1302 қаулысымен. P951302_
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Халық банкi купондарды қабылдау және мамандандырылған купондық аукциондарды өткiзудiң аяқталуына байланысты ұйымдастыру-техникалық шаралардың жүргiзiлуiн
қамтамасыз етсiн. Ескерту. Қаулы 4-шi тармақпен толықтырылды, 4-шi тармақ бесiншi болып саналды - ҚРМК-нiң 1995.04.10. N 1302 қаулысымен. P951302_ 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Премьер-министрдiң орынбасары В.В.Соболевке жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары