1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң штатында 28 адам бар Республикалық ұйымдастыру-педагогикалық инспекциясын жою және Бақылау жөнiндегi департамент орталық аппаратының құрамына 15 адам енгiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы, қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны 165 адам болып бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiне министрдiң
төрт орынбасарын, оның iшiнде бiреуi бiрiншi, сондай-ақ саны 15 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат берiлсiн. 4. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппараты үшiн қызметтiк автомобильдер лимитi 5-еу болып белгiленсiн. 5. "Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 қыркүйектегi N 1076 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 шiлдедегi N 927 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Жоғары бiлiм және ғылым жөнiндегi бас басқарма Жалпы орта бiлiм беру жөнiндегi бас басқарма Экономика және қаржы бас басқармасы Арнайы орта бiлiм беру жөнiндегi жетекшi басқарма Халықаралық байланыстар жөнiндегi жетекшi басқарма Iс басқармасы Бақылау жөнiндегi департамент Оқу-әдiстемелiк тәрбие бөлiмi Мектеп жасына дейiнгi тәрбие бөлiмi Интернат мекемелерi бөлiмi Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi Мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуды үйлестiру жөнiндегi бөлiм Заң бөлiмi Әскери-жұмылдыру жұмысы секторы