Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 13 шiлде N 967. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.11.19. N 1405 қаулысымен.

 


     "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер

туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24

сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан

Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi

туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының

     Премьер-министрi

                                      Қазақстан Республикасы

                                      Министрлер Кабинетiнiң

                                      1995 жылғы 13 шiлдедегi

                                         N 967 қаулысымен

                                             бекiтiлген

         Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн

                алым төлеу тәртiбi туралы

                       ЕРЕЖЕ

                I. Жалпы Ережелер



 
       1. Осы Ереже "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 Жарлығына, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң" Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 269 қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 27 сәуiрдегi N 564 қаулысына сәйкес әзiрлендi және күшiне енгiзiледi.
      2. Ереже заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн алымды төлеу мен есепке енгiзудiң, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу құрылып жатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмге енгiзудi қамтиды.
      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының

 

Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

     4. Мемлекеттiк тiркеуден өткен заңды тұлға, мемлекеттiк

тiркеуден кейiн 10 күн мерзiмнен кешiктірмей салық органында

салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.


                II. Алым төлеушiлер


     5. Қазақстан Республикасы аумағында құрылатын заңды

тұлғалар, өздерiнiң құрылу мақсатына, өз қызметiнiң түрi мен

сипатына, қатысушылар құрамына қарамастан мемлекеттiк тiркеу

(қайта тiркеу) үшiн алым төлеушiлер болып табылады.


                III. Алым төлеуден босату


     6. Тiркеу және қайта тiркеу кезiнде тiркеу алымын төлеуден

мыналар босатылады:


 
       Азаматтық Кодекс (жалпы бөлiм) күшiне енгенге дейiн құрылған және Азаматтық Кодексте (жалпы бөлiм) көзделген ережелерге сәйкес 1996 жылдың I қаңтарына дейiн әдiлет органдарында қайта тiркеуге жататын заңды тұлғалар;
      Азаматтық Кодекс (жалпы бөлiм) ресми түрде жарияланғанға дейiн Азаматтық Кодексте (жалпы бөлiм) көзделмеген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған және Азаматтық Кодексте (жалпы бөлiм) көзделген ұйым-құқылық нысандарда қайта құрылуға жататын заңды ұйымдар 1998 жылғы I қаңтарға дейiн.
 
                 IV. Алым ставкалары
 
      7. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым заңды тұлғалардың, жарғылық қоры құнының 0,I процентi мөлшерiнде алынады, бiрақ ол алым төлеген күнгi есептiк көрсеткiштiң жиырма еселенген мөлшерiнен кем болмайды.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09.
               N 987 қаулысымен.
      8. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк қайта тiркеу және оларға тiркелгенi үшiн куәлiктiң дубликатын беру алымы негiзгi ставканың 50 процентi мөлшерiнде алынады.
      Жарғылық қор мөлшерiнiң өзгеруiне байланысты қайта тiркеу үшiн алынатын алым мөлшерi жарғылық қор мөлшерi ұлғайтылатын сомаға қарай есептеледi.
 
                 V. Алымды төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
 
      9. Заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу, сондай-ақ тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын беру үшiн алымды тiркеу (қайта тiркеу) туралы өтiнiш бергенге немесе дубликатты бергенге дейiн дербес төлейдi.
      Жарғылық қоры шетел валютасымен айқындалатын шетелдiң қатысуындағы кәсiпорын тiркеу (қайта тiркеу) немесе дубликатты беру үшiн алымды өтiнiш берген күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң алым төлеу күнi қолданылатын ресми бағамы бойынша теңгемен, осы Ереженiң 7 және 8 тармақтарында белгiленген ставка бойынша есептеп, төлейдi.
      10. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк дубликатын беру үшiн есептелген алым жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне енгiзiледi.
      11. Тiркеушi органға заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу

 

(қайта тiркеу), заңды тұлғаларды тiркеу туралы куәлiктiң

дубликатын бергенi үшiн алым төленгенi туралы квитанция немесе

төлем тапсырмасының көшiрмесi табыс етiледi.

     12. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден)

бас тартқан кезде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн төленген

алым қайтарылуға жатпайды.

     13. Осы Ереженiң 6 тармағында белгiленген жағдайлардан

басқа кезде алым сомасын төлемей тiркеудi жүзеге асыруға (қайта

тiркеуге) тыйым салынады.


                VI. Төлеушiнiң жауапкершiлiгi


     14. Алымды дұрыс әрi уақтылы төлеу жауапкершiлiгi төлеушiге

жүктеледi.

     15. Тiркелмеген заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салынады,

ал мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өтпеген қызметтен

алынатын табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.


                VII. Заңды тұлғаларды тiркеу үшiн

                      алым төлеуге бақылау жасау



 
       16. Бюджетке алымды толық төлеуге және уақытылы аударуға бақылау жасауды салық қызметiнiң органдары жүзеге асырады.
 

Об утверждении Положения о порядке уплаты сбора за государственную регистрацию юридических лиц

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 июля 1995 г. N 967. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 ноября 1996 г. N 1405

  Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 24 апреля 1995 г. N 2235 "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:

      Утвердить прилагаемое Положение о порядке уплаты сбора за государственную регистрацию юридических лиц.

      Премьер-министр
      Республики Казахстан


                                             Утверждено                                   постановлением Кабинета Министров                                          Республики Казахстан                                       от 13 июля 1995 г. N 967

 
 

                           Положение
                    о порядке уплаты сбора за
          государственную регистрацию юридических лиц 
 

                          I. Общие положения

      1. Настоящее Положение разработано и вводится в действие в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 17 апреля 1995 г. N 2198 "О государственной регистрации юридических лиц", Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 24 апреля 1995 г. N 2235 "О налогах и других обязательных платежах в бюджет", постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 27 апреля 1995 г. N 564 "О мерах по реализации постановления Верховного Совета Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года N 269 "О введении в действие Гражданского кодекса Республики Казахстан (общая часть)".

      2. Положение устанавливает порядок уплаты и зачисления в бюджет сбора за государственную регистрацию (перерегистрацию) юридических лиц, выдачу дубликата свидетельства о государственной регистрации юридического лица.

      3. Государственная регистрация юридических лиц включает в себя проверку соответствия учредительных документов создаваемых юридических лиц законам Республики Казахстан, выдачу им свидетельства о государственной регистрации с присвоением регистрационного номера, занесение сведений о юридических лицах в единый государственный регистр.

      Государственную регистрацию юридических лиц осуществляет Министерство юстиции Республики Казахстан и его территориальные органы.

      4. Юридическое лицо, прошедшее государственную регистрацию, обязано зарегистрироваться в качестве налогоплательщика в налоговом органе в срок не позднее 10 дней после государственной регистрации.

                        II. Плательщики сбора

      5. Плательщиками сбора за государственную регистрацию (перерегистрацию) юридических лиц являются юридические лица, создаваемые на территории Республики Казахстан, независимо от целей их создания, рода и характера их деятельности, состава участников.

                  III. Освобождение от уплаты сбора

      6. От уплаты регистрационного сбора при регистрации и перерегистрации освобождаются:

      юридические лица, созданные до введения в действие Гражданского кодекса (общая часть) и подлежащие перерегистрации в органах юстиции до 1 января 1996 года в соответствии с правилами, предусмотренными Гражданским кодексом (общая часть);

      юридические лица, образованные до официального опубликования Гражданского кодекса (общая часть) в организационно-правовых формах, не предусмотренных Гражданским кодексом (общая часть), и подлежащее преобразованию в организационно-правовые формы, предусмотренные Гражданским кодексом (общая часть), до 1 января 1998 года.

                           IV. Ставки сбора

      7. Сбор за государственную регистрацию юридических лиц взимается в размере 0,1 процента от стоимости уставного фонда юридического лица, но не менее двадцатикратного размера расчетного показателя, действующей на дату уплаты сбора.<*>

      Сноска. В пункте 7 заменены слова - постановлением Правительства РК от 9 августа 1996 г. N 987

      8. Сбор за государственную перерегистрацию юридических лиц и выдачу им дубликата свидетельства о регистрации взимается в размере 50 процентов от основной ставки.

      Размер сбора за перерегистрацию в связи с изменением размера уставного фонда исчисляется, исходя из суммы, на которую увеличивается размер уставного фонда.

                   V. Порядок и сроки уплаты сбора

      9. Сбор за государственную регистрацию и перерегистрацию, а также выдачу дубликата свидетельства о регистрации юридические лица уплачивают самостоятельно до подачи заявления о регистрации (перерегистрации) или выдачи дубликата.

      Предприятия с иностранным участием, уставной фонд которых определен в иностранной валюте, исчисляют и уплачивают сбор за регистрацию (перерегистрацию) или выдачу дубликата по ставкам, определенными пунктами 7 и 8 настоящего Положения, в тенге по официальному курсу Национального Банка Республики Казахстан, действующему на дату уплаты сбора.

      10. Зачисление сбора за государственную регистрацию (перерегистрацию) юридического лица и выдачу дубликата свидетельства о государственной регистрации юридического лица производится в доход местного бюджета.

      11. В регистрирующий орган представляется квитанция или копия платежного поручения об уплате сбора за государственную регистрацию (перерегистрацию) юридического лица, выдачу дубликата свидетельства о регистрации юридических лиц.

      12. При отказе в государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица уплаченный сбор за государственную регистрацию (перерегистрацию) возврату не подлежит.

      13. Запрещается осуществление регистрации (перерегистрации) без уплаты суммы сбора, за исключением случаев, определенных пунктом 6 настоящего Положения.

                   VI. Ответственность плательщиков

      14. Ответственность за правильность и своевременность уплаты сбора возлагается на плательщика.

      15. Деятельность незарегистрированного юридического лица запрещается, а доходы, полученные от деятельности без государственной регистрации (перерегистрации), изымаются в доход республиканского бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

                  VII. Контроль за уплатой сбора за                      регистрацию юридических лиц

      16. Контроль за полной уплаты и своевременностью перечисления сбора в бюджет осуществляется органами налоговой службы.