1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 36678 әскери бөлiмiнiң үй-жайларын, ғимараттарын және басқа казармалық аймақтар объектiлерiн және еңбекпен түзеу колониясын ұйымдастыру үшiн Солнечный поселкесiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне иемденуге, пайдалануға және басқаруға қосымшаға сәйкес беретiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою жөнiндегi Үкiмет комиссиясы 36678 әскери бөлiмнiң автомобиль техникаларын, әскери және басқа мүлiктерiн бөлудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мүддесiне жүзеге асыратын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
36678 әскери бөлiмiнiң базасында 2000 адамға жеткiзу лимитiмен жалпы режимдегi еңбекпен түзеу колониясын ұйымдастырсын;
15 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының меншiгiне берiлетiн Солнечный поселкесiнiң үй-жайларын, ғимараттарын және басқа объектiлерiн, сондай-ақ 36678 әскери бөлiмiнiң мүлiктерiн күзетудi ұйымдастырсын;
36678 әскери бөлiмiнiң базасын еңбекпен түзеу колониясына лайықтап құқық қорғау органдарын ұстауға арналып 1995 жылдың бюджетiнде көзделген қаражат шегiнде жобалау мен қайта жаңартуды жүзеге асыратын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң еңбекпен түзеу колониясын және iшкi күзет әскерiн ұстау жөнiндегi есептерiн қарасын және қажет болған жағдайда, қосымша штат саны мен 1995 жылдың бюджетiнде мемлекеттiк билiк пен басқарудың республикалық және жергiлiктi атқарушы-реттеушi органдарын ұстауға көзделген шығындар сомасы шегiнде қаражат бөлетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 1006 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң балансына еңбекпен түзеу колониясын ұйымдастыру үшiн берiлетiн үй-жайлар мен ғимараттардың Тiзiмi --------------------------------------------------------------------- Рет | Объектiнiң атауы | Экспликация бойынша | Ауданы, NN | | нөмiрi | шаршы | | | метр --------------------------------------------------------------------- 1 | 2 | 3 | 4 --------------------------------------------------------------------- 1 Штаб 80 1527 2 Штаб 81 1527 3 Штаб 82 1527 4 Штаб 85 127 5 Казарма 10 3112 6 Казарма 11 3112 7 Казарма 14 3112 8 Казарма 101 3112 9 Казарма 15 3112 10 Асхана 40 2701 11 Асхана 41 947 12 Клуб 13 1344 13 Шайхана 123 342 14 Оқу корпусы 12 3369 15 Қойма 37 263 16 Күзет үйi 43 228 17 Тұрмыстық қызмет комбинаты 46 443 18 Монша 44 336 19 Емхана 45 515 20 Өрт сөндiру депосы 49 285 21 Бокс 63 288 22 Гараж 231 1269 23 Гараж 230 1269 24 Гараж 57 118 25 Гараж 58 2556 26 Гараж 68 1269 27 Гараж 144 284 28 Асхана 121 947 29 Автожөндеу шеберханасы 61 1148 30 Кiр жуатын орын 76 799 31 Көкөнiс қоймасы (600 тонна) 71-73 1466 32 Тоңазытқыш (300 тонна) 75 806 33 Наубайхана 78 863 34 Тұрғын үйлер 1, 2, 3, 4, 5 35 Госпиталь 53 36 Мәдениет үйi 31 37 Қонақ үй 35, 36 38 Өрт сөндiру депосы 49 39 Сауда орталығы 138 40 Тұрмыстық қызмет комбинаты бар дүкен 32 41 Емхана