"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 мамырдағы N 633 P950633_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы
Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет туралы берiлiп
отырған Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 27 шiлдедегi
N 1027 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi
комитет туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет (бүдан әрi - Комитет) шетел инвестицияларын, кредиттерiн, техникалық және қаржылық көмектерiн тарту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару мен реттеудi жүзеге асырушы, осы салада мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыруға жауапты атқару өкiметiнiң орталық органы болып табылады.
2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн, халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
3. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасында шетел капиталын пайдаланудың басым бағыттарын айқындау (Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң ұсынысы бойынша);
Шетел капиталын тартудың (ағымдағы және перспективалық) көлемi, сыртқы берешектiк лимитi және Қазақстан Республикасының кепiлдiк лимиттерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу (Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң ұсыныстары бойынша);
Қазақстан Республикасына шетел капиталын тарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу;
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқару өкiметi мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерiнiң өзара iс - қимылын үйлестiру және шетел капиталын тарту саласында олардың қызметiн мемлекеттiк реттеу;
шетел капиталын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды талдау және жүзеге асыру.
4. Негiзгi мiндеттерiне орай Комитет:
Қазақстан Республикасына шетел инвестициялары мен кредиттерiн, сыртқы техникалық және қаржылық көмектi тарту мен пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысады;
Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң ұсыныстарының негiзiнде шетел капиталын тартудың көлемi, сыртқы берешектiктiң лимиттерi мен Қазақстан Республикасының кепiлдiктерi бойынша ұсыныс әзiрлеп, оны Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзедi;
нақты салалар мен елдiң аймақтары бойынша нысаналы инвестициялық бағдармалардың жобаларын жасауға қатысады;
шетел инвестициялары, кредиттерi, қаржылық және техникалық көмек желiлерi бойынша қаржыландыруға ұсынылатын жобалардың тiзбесiн ұсынады;
баға бередi және капитал рыногына сараптық қортындылар мен талдау жасау негiзiнде шетел капиталының есебiнен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық бағдармалар мен жобаларды сұрыптайды, сөйтiп оларды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзедi;
Қазақстан Республикасына шетел капиталын тарту жөнiндегi келiссөздер жүргiзудi ұйымдастырады және оларға қатысады;
нормативтiк база жасайды, шетел капиталын тартып қаржыландыратын халық шаруашылықтық маңызы бар минералдық ресурстардың кен орындарын барлау және игеру, объектiлер мен ғимараттардың құрлысы мен қайта жаңарту жұмыстарын жүзеге асыру жөнiнде құқық беру бойынша халықаралық тендерлер өткiзу мен жұмыстарды ұйымдастыруға бақылау жасап, оларға қатысады;
сыртқы қаржы және техникалық көмек шеңберiнде тауарлар мен қызмет көрсетулер сатып алу жөнiнде халықаралық тендерлер өткiзуге жәрдемдеседi және өткiзедi, тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алуды үйлестiредi, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдар мен донор-елдердiң қағидалары сақталуына арналған тендерлiк ұсыныстарға баға берудiң барысын байқайды;
шетел капиталын тарту және пайдалану жөнiндегi Қазақстан Республикасының атқарушы өкiметiнiң орталық және жергiлiктi органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң жұмыстарын үйлестiредi;
Қаржы министрлiгiмен және тиiстi банктермен бiрлесiп шетел капиталының пайдалануына бақылау ұйымдастырады;
шетел капиталын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iстiң жай-күйi мен қабылданған шараларға талдау жүргiзiп, бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiн хабардар етедi;
iс жүзiндегi заңдардың қолданылу практикасына талдау жасап, шетел капиталын тарту және тиiмдi пайдалану саласында заңдар мен нормативтiк базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
шетел инвесторлары мен кәсiпорындарында олардың өздерiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасында жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ әлеуеттi инвесторларды iздеуде Қазақстанның басқару органдары мен кәсiпорындарына жәрдем бередi, оларға ақпараттық, консультациялық және өзге де қызметтер көрсетедi;
министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң тұтынушыларын талдау негiзiнде сыртқы техникалық және қаржы көмегiнiң бағытын айқындайды;
халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдарды, донор-елдердiң тиiстi ұйымдарын техникалық және қаржы көмегiне сұраныстар туралы хабардар етедi, олармен қаржы және техникалық көмектiң нақты бағыттары мен нысандарын келiседi;
шетелдiң қаржы және техникалық көмек мәселелерi бойынша министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор-елдердiң тиiстi ұйымдарымен өзара iс-қимылы жөнiндегi жұмысты ұйлестiредi;
шетел инвестициялары мен кредиттерiн тартуға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк басқару органдарымен, мемлекеттiк кәсiпорындармен және акциялардың бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi кәсiпорындардың шетелдiк және қазақстандық консультанттарымен (заңды және жеке тұлғалармен) жасаған контрактiлерiн келiседi;
халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдар мен донор-елдер қаржыландыратын осы қаражатты пайдалану бағыттарын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен негiзiнде министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер үшiн кадрлар даярлау бағдарламасын, семинарлар, конференциялар мен басқа да шараларды ұйымдастырып, оларға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
3. Комитеттiң өкiлеттiгi
5. Өзiне жүктелген функцияларды орындау үшiн Комитетке:
өз құзыры шегiнде министрлiктердiң, ведомстволардың, өкiметтiң жергiлiктi атқару органдары, мемлекеттiк кәсiпорындар, ұйымдар мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құжаттар мен басқа да шешiмдер қабылдау;
Комитеттiң құзырына кiретiн мәселелер ауқымы бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына Министрлер Кабинетi шешiмдерiнiң жобасын енгiзу;
қолданып жүрген заңдарды талдау және оларды қолдану практикасының негiзiнде шетел капиталын тарту және оны тиiмдi пайдалану саласында заңдар мен нормативтiк базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзу:
шетел инвестициялары мен кредиттерiн тарту арқылы жүзеге асырылатын жобалар мен бағдармаларға сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, осы жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырудың және Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн берудiң орындылығы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс дайындау;
Комитеттiң құзырына кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi шешiмдерiнiң орындалуын бақылау мен тексерудi жүзеге асыру;
шетел инвестицияларының, кредиттерiнiң, қаржылық және техникалық көмегiнiң есебiнен қаржыландыратын жобалардың iске асырудың тиiмдiлiгiне мемлекеттiк бақылау жасау;
тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алу, минералды ресурстардың кен орындарын барлау мен игеру, шетел капиталын тарту арқылы қаржыландыралатын халық шаруашылықтық маңызы бар объектiлердiң құрылысы мен қайта жаңарту құқын беру жөнiнде әдiстемелiк көмек көрсетiп, тендерлер өткiзу. Қағидалар (ережелер) бұзылған жағдайда тендер комиссиясы баға берген нәтижелерiнiң күшiн жою және қайта бағалап өткiзу немесе қайта тендер өткiзу тағайндау;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсырмасымен инвестициялық ынтымақтастық, шетел кредитi мен сыртқы көмек алу саласында халықаралық деңгейде республика мүдесiн бiлдiру;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсырмасымен шетел капиталын тарту, қаржылық және техникалық көмектiң жалпы баңыттары мен көлемдерi жөнiндегi келiсiмдерге қол қою;
халықаралық қаржы ұйымдарымен және донор-елдермен займдар туралы, шетел инвестицияларын қолдау және өзара қорғау туралы келiсiмдердi бекiту жөнiнде ұсыныс әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзу:
шетел инвестициялары, кредиттерi, қаржылық және техникалық көмек саласында шетел мемлекеттерi мен халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдарымен Қазақстан Республикасының экономикалық ынтымақтастық мәселеллерiн келiсуге қатысу;
займдар мен кредиттер туралы келiсiмдердi, жобалар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелердi қоса алғанда қажеттi материалдарды, жобаларды жүзеге асыру жөнiнде есептердi, тендерлiк құжаттаманы, ведомстволық актiлердi және басқа да қажеттi ақпаратты, оның iшiнде шетел капиталын тарту және пайдалану мәселелерi бойынша министрлiктерден, ведомстволардан, жергiлiктi әкiмдерден, кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден анықтамалық деректердi сұрау, алу және сақтау;
еркiн экономикалық және айрықша салықтық, валюталық, кедендiк, инвестициялық және өзге режимдегi басқа да аумақтық аймақтар құру жөнiнде техникалық-экономикалық негiздемелер мен нормативтiк құжаттарды келiсуге қатысу;
ақпараттық және өзге де қызметтер көрсетуден алынған қаражатты, комитеттiң материалдық-техникалық базасын қаржыландыру үшiн сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен белгiленген тәртiпте арнаулы мақсаттарға пайдалану құқы берiледi.
4. Комитет қызметiн ұйымдастырудың
негiзгi мәселелерi
6. Комитеттi төраға басқарады, оның үш орынбасары, мұның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады.
Комитет төрағасын Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, ал оның орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президентi, ол оның орынбасарларының Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды.
Төраға орынбасарларының арысындағы мiндеттердi Комитет төрағасы бөледi.
7. Комитет төрағасы Комитетке жүктелген функциялардың орындалуы үшiн жеке жауап бередi, төраға орынбасарлары мен Комитет аппараты құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi.
8. Комитетте құрамы 11 адамнан тұратын алқа құрылады, оған
Комитет төрағасы (алқа төрағасы) лауазымдары бойынша оның орынбасарлары, Комитеттiң басшы қызметкерлерi, сондай-ақ мемлекеттiк банктердiң өкiлдерi кiредi.
Алқа құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
9. Комитет аппараты қызметкерлерiнiң санын және еңбекақы қорын қоса алғанда, оны ұстауға жұмсалатын қаражат мөлшерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
10. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк гербi бейнеленген мөрi мен өз атауы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған фирмалық белгiсi, банктерде валюталығын қоса алғанда есепшоты болады.
Комитеттiң мекен-жайы - Алматы қаласы.