1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитеттiң (бұдан әрi - Комитет) орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес қызметкерлердiң шектi санына қарай 66 адам болып бекiтiлсiн (үйдi күзететiн және қызмет көрсететiн адамдарсыз).
2. Комитетке төрағаның 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 11 адамнан алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Комитеттiң қызметкерлерiне "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарының лауазымдық жалақылары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 сәуiрдегi N 474 қаулысында көзделген еңбек ақы төлеу шарттары қолданылсын (1-кесте).
4. Комитет Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет туралы ереженi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынатын болсын.
5. Комитеттiң өз қызметкерлерiне жүктелген мiндеттердi орындаған кезде шет тiлiн бiлетiндiгi және қолдана алатындығы үшiн олардың лауазымдық жалақыларына 30 процентке дейiнгi мөлшерде үстеме төлеуiне рұқсат етiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Комитеттiң аппаратын ұстауға қажеттi қаржы, сондай-ақ жиhаз, жабдық, көлiк құралдары мен ұйымдастыру iсiнiң техникасын алуға жыл сайын қаражат бөлудi қарастырсын.
7. <*>
Ескерту. 7-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.06.12.
N 813 қаулысымен.
8. Комитет төрағасының лауазымы көлiк, медициналық және тұрмыстық қызметiн көрсету шарттары жөнiнен министрдiң лауазымына, ал Комитет төрағасы орынбасарларының лауазымдары-министр орынбасарларының лауазымдарына теңестiрiлсiн.
9. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Комитеттiң төрағасын, оның орынбасарлары мен басқарма бастықтарын үкiметтiк байланыс арналарымен, сондай-ақ қажеттi мөлшерде телефон, телефакс, телекс байланысымен, оның iшiнде халықаралық байланыспен бiрiншi кезекте қамтамасыз ететiн болсын.
10. Комитет бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiгiнiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан және соның тапсыруымен қол қойылған келiсiмдерден туындайтын халықаралық мiндеттемелерi бойынша құқылы мұрагерлiгi туралы ұсыныс енгiзсiн.
11. Комитеттiң аппараты үшiн қызмет бабындағы 5 жеңiл автомобиль лимитi, оның iшiнде 4 жеңiл автомобиль лимитi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң қызмет бабындағы жеңiл автомобильдерi лимитiн қысқарту есебiнен белгiленсiн.
12. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi белгiленген тәртiппен 4 жеңiл автомобильдi Комитетке беретiн болсын.
13. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Комитетпен
бiрлесiп бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң жанынан Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2097 Жарлығына және осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзетiн болсын. 14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Алматы қаласында Комитет қызметiнiң ерекшелiгiн ескере отырып, оны орналастыратын үй бөлу мәселесiн тездетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 мамыр N 633 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел Капиталын пайдалану жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Стратегиялық жоспарлау және инвестицияларға жәрдем беру Тiкелей шет ел инвестициялары басқармасы Капитал нарығының басқармасы Сыртқы көмектi үйлестiру басқармасы Жобаларды жүзеге асыруды үйлестiру басқармасы Аппарат жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi басқарма