1. Жаңадан құрылған "Балқашмыс" акционерлiк қоғамына қосылу арқылы өздерiнiң қайта ұйымдастырылуы туралы "Шилiсай","Көктау" акционерлiк қоғамдарының жалпы жиналыстарының шешiмiне келiсiм берiлсiн.
2. Құрамына салынып жатқан "Бозшакөл" тау-кен комбинатын "Шилiсай" және "Көктау" акционерлiк қоғамдарын, сондай-ақ, Балқаш жылу электр станциясын қосып, "Балхашмедь" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң базасында "Балқашмыс" ашық тұрпатты акционерлiк қоғамы құрылсын.
3. "Балқашмыс" акционерлiк қоғамы "Балхашмедь" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң салынып жатқан "Бозшакөл" тау-кен комбинатының,"Шилiсай","Көктау" акционерлiк қоғамдарының, Балқаш жылу электр станциясының құқықтары мен мiндеттерiн қабылдаған құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқаружөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
1995 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдайы бойынша салынып жатқан "Бозшакөл" тау-кен комбинатының,"Шилiсай", "Көктау" акционерлiк қоғамдарының және Балқаш жылу электр станциясының негiзгi қорларына қайта бағалау жүргiзсiн;
"Балхашмедь" өндiрiсiтiк бiрлестiгiнiң, салынып жатқан "Бозшакөл" тау-кен комбинатының, "Шилiсай", "Көктау" акционерлiк қоғамдарының және Балқаш жылу электр станциясының негiзгi қорларын, айналымдағы қаржысын және басқа да мүлiктiк құқықтарын құрылтайшылық жарна ретiнде "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының жарғы қорына қосу туралы мәселе қайта бағалаудың нәтижесi бойынша шешiлсiн;
"Балқашмыс" акционерлiк қоғамының жарғысы және Байқаушы кеңесiнiң құрамы бойынша ұсыныстар бiр ай мерзiмде әзiрленiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге енгiзiлсiн. 5. <*> 6. Жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңiнде сатылуға жататын "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының акцияларын бөлудiң мынадай тәртiбiн конкурстық комиссия қарастырсын: "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының еңбек ұжымына 10 процентi; <*> <*> купондық акциондарда инвестициялық жекелендiру қорларына сату үшiн 5 процентi. <*> <*> <*> ЕСКЕРТУ. 6-тармақтан абзацтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 1997.01.16. N 80 қаулысымен. P970080_
7. Балқаш жылу электр станциясы "Қазақстан Республикасының электр энергетика саласын басқарудың құрылымын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1033 P951033_ қаулысымен құрылған "Қарағандаэнерго" Қарағанды электр энергетика жүйесiнiң құрамынан шығарылсын.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi бiр ай мерзiмде Балқаш жылу электр станциясының негiзгi қорларын, айналымдағы қаржысын және басқа да мүлiктiк құқықтарын "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының жарғы қорына берсiн.
9. Әдiлет министрлiгi осы қаулыға қайшы келетiн үкiмет шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныс әзiрлесiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы "11" тамыздағы N 1118 қаулысына қосымша
"Балқашмыс" АҚ мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн сату және шетелдiк инвестицияларды тарту бойынша шаралар кешенiн әзiрлеу және жүргiзу жөнiндегi конурстық комиссияның Қ Ұ Р А М Ы Сапарбаев Б.М. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының Басшысы (төраға) Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы (төрағаның орынбасары) Комиссияның мүшелерi: Өтепов Э.К. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Дәукеев С.Ж. - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрi Адасбаев Е.А. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппараты Экономикалық саясат бөлiмiнiң аға референтi Жәркенов М.И. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi базалық салалар бас басқармасының бастығы Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Мұртазаев М.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрiнiң орынбасары Мәдиев Б.М. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жеке жобалар бойынша жекешелендiру басқармасының бастығы Төлебаев Р.А. - "Балхашмедь" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас директоры