Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын басқарудың құрылымын қайта құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 28 шiлде 1995 ж. N 1033

      Электр энергетикасы саласында қалыптасқан ауыр жағдайды жақсарту, оның нарық жағдайындағы қызметiнiң ұйымдық, экономикалық тетiктерiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық "Қазақстанэнерго" компаниясы мен энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiктерiн олардың базасында 1 қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар етiп қайта құру туралы ұсынысы қабылдансын. 
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 1 қосымшада аталған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару органының және мемлекеттiк меншiк құқы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырады деп белгiленсiн. 
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi аталған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғыларын екi ай мерзiмде бекiтсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi бекiткен тiзбе бойынша бiрыңғай ұлттық электр жүйесiн құрайтын жүйеаралық және мемлекетаралық электр тарту желiлерi мен қосалқы станцияларын, шаруашылық жүргiзу құқын "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикалық жүйесi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына берiп, ол "Қазақстанэнерго" мемлекеттiк электр энергетикалық компаниясының құқылық мұрагерi болып белгiленсiн. 
      3. "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикалық жүйесi республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына 2 қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат берiлсiн. 
      4. "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикалық жүйесiне: 
      республикадағы электр энергиясын тұтыну және өндiрiс баланстарын әзiрлеу; 
      электр энергиясы мен қуаттарын экспорттау және импорттау мәселелерiнде мемлекеттiң мүдделерiн сақтау; 
      республиканың iшiндегi және елден тысқары өндiрушiлерден электр энергиясын сатып алуға, республикалық мемлекеттiк энергетикалық кәсiпорындарға, сондай-ақ ұлттық электр жүйесiне қосылған тұтынушыларға республикадан тысқары электр энергиясын сатуға шаруашылық шарттарын жасау және өткiзудi қоса алғанда электр энергиясы мен қуаттары рыногын реттеу функциялары жүктелсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнде мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегi басқарма құрылсын. 
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк энергетикалық қадағалауы туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне белгiленген тәртiппен енгiзсiн. 
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 3-абзацы алып тасталды - ҚРҮ-нiң 2003.04.25. N 402  қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiмен келiсiп, мыналарды көздейтiн электр энергиясы мен қуаттарға және жылу энергиясына баға белгiлеудiң әдiстемесiн 1995 жылдың 1 қазанынан күшiне енгiзсiн:      
       Ескерту. 6-тармағындағы 2-абзацы 1996 жылғы 1 ақпаннан бастап 
күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.01.26. N 102  қаулысымен .  
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың 3-абзацының күшi 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.12.31. N 1759 
қаулысымен.  
      7. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың 1 қосымшада көрсетiлген тiзбесiн енбеген электр энергетикасы кешенiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының мәртебесiн 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн айқындасын. 
      8. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi электр энергетикасы кешенiндегi басқаруды қайта құруға байланысты министрлiктiң орталық аппаратының құрылымын өзгерту жөнiнде ұсыныстарды бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министр

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1995 жылғы 28 шiлдедегi       
N 1033 қаулысына         
1 Қосымша             

  "Электрэнергетика" саласындағы республикалық
мемлекеттiк кәсiпорындардың
Тiзбесi

      "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикалық жүйесi, Алматы қаласы
     "Алматыэнерго" Алматы энергетикалық жүйесi, Алматы қаласы
     "Алтайэнерго" Шығыс Қазақстан энергетикалық жүйесi, Өскемен
қаласы
     "Атырауэнерго" Атырау энергетикалық жүйесi, Атырау қаласы
     "Запказэнерго" Батыс Қазақстан энергетикалық жүйесi, Ақтөбе
қаласы
     "Қарагандыэнерго" Қарағанды энергетикалық жүйесi, Қарағанды
қаласы
     "Қостанайэнерго" Қостанай энергетикалық жүйесi, Қостанай
қаласы
     "Павлодарэнерго" Павлодар энергетикалық жүйесi, Павлодар
қаласы
     "Целинэнерго" Тың энергетикалық жүйесi, Ақмола қаласы
     "Южказэнерго" Оңтүстiк Қазақстан энергетикалық жүйесi,
Шымкент қаласы
     Ермак ГРЭС-i
     Қапшағай ГЭС-i
      Ескерту. 1-шi қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
09.19. N   1268 , 1995.08.11. N  1118 , 1996.01.26. N   102 , 1996.11.29. N   1453   қаулыларымен.

      

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1995 жылғы 28 шiлдедегi       
N 1033 қаулысына          
2 қосымша             

  "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикалық
жүйесiндегi еншiлес кәсiпорындардың
Тiзбесi

      Қазақстанның энергия жүйелерiн бiрiккен диспетчерлiк басқару
(Қазақстан БДБ)
     Екiбастұз 1-ГРЭС-i
     Екiбастұз 2-ГРЭС-i
     Жамбыл ГРЭС-i
     Қарағанды 2-ГРЭС-i

     Ескерту. 2-шi қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
09.19. N 1268   қаулысымен .
      ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 30 мамырдағы   N 663  қаулысын қараңыз 
(4 тармақ).  

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады