"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ күшi бар Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының
кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру
тәртiбi туралы Ереже;
патенттер негiзiнде жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызмет
түрлерiнiң Үлгi тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Кәсiпкерлiк қызмет түрлерiмен айналысатын жеке тұлғалар
үшiн осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы салық
инспекциясы органдарының патенттерi негiзiнде жүзеге асырылатын
жеке кәсiпкерлердiң кәсiпкерлiк қызметi түрлерiнiң Үлгi тiзбесiне
сәйкес патент алу, сонымен бiр мезгiлде оларды кәсiпкерлер
ретiнде тiркеу болып табылады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 16 тамыздағы
N 1126 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының
кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға
патенттер беру тәртiбi туралы
Е Р Е Ж Е
1. Заңды тұлға құрмай, жеке кәсiпкер ретiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тiлек бiлдiрген азаматтар өздерiнiң тұрақты тұратын орыны бойынша салық органына өздерiн салық есебiне қою туралы жазбаша арыз бередi.
2. Салық органдары өздерiне есепке қою туралы түскен арыздарды 10 күн iшiнде қарайды.
3. Салық органдары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес патенттiң негiзiнде немесе декларацияның негiзiнде табыс салығын төлеудiң тәртiбiн айқындайды.
4. Егер жеке кәсiпкер айналысуға ниет бiлдiрген қызмет қолданылып жүрген заңдарға сәйкес лицензияланатын болған жағдайда, онда салық төлеу тәртiбiн айқындау мақсатында оған патенттер беру мен мұндай кәсiпкердi салық есебiне қою ол белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттiк органнан лицензия алған соң жүзеге асырылады.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.12.31.
N 1746 қаулысымен. P961746_
5. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысуға арналған патент "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығының 138-бабына сәйкес қолма-қол ақшамен жұмыс жасайтын адамдарға берiледi.
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi патенттер негiзiнде жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнiң Үлгi тiзбесi негiзiнде жергiлiктi жағдайларға сүйене отырып, кәсiпкерлiк қызметтiң осындай түрлерiн белгiлейдi және қызмет түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы бекiткен әдiстеме бойынша патент мөлшерiн бекiтедi.
6. Патенттiң бiр салық жылы шегiнде күшi бар деп есептеледi. Лицензияларда бiр жылдан кем мерзiм көрсетiлген жағдайларда патент осы лицензия күшiнде болатын мерзiмге берiледi.
7. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысу тоқтатылған кезде және басқа аудандағы немесе қаладағы тұрақты тұрғылықты орынға қоныс аударғанда патент осы құжатты берген салық органына тапсырылуы тиiс.
Күнтiзбелiк жыл iшiнде кәсiпкерлiк қызметпен қайтадан айналысқанда, сондай-ақ осындай қызметпен айналысудың түрi өзгергенде патент белгiленген жалпы тәртiпте қайтадан алынуы тиiс.
8. Патент қайтарып алынбайды, оны басқа адамға беруге тыйым салынады.
9."Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығының 34-бабының 4-тармағына сәйкес мыналар патент үшiн төлеуден босатылады:
жылына 480 еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде табысы бар Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер және бала кезiнен мүгедектердiң ата-аналарының бiрi;
жылына 240 еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде табысы бар III топтағы мүгедектер.
ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09.
N 987 қаулысымен. P960987_
10. Азаматтар патенттердi толық емес жылға алған жағдайларда патент ақысы жеке тұлға кәсiпкерлiк қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға ниеттенген толық айлардың санына қарай алынуы тиiс. бұл орайда 15 күннен асатын қызмет толық күнтiзбелiк ай iшiндегi жұмыс ретiнде қарастырылады.
11. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығына арналған патентi бар азаматтар осы қызмет түрiмен айналысудан түскен табыстардан алынатын табыс салығын төлеуден және декларация беруден босатылады.
12. Патент үшiн төленетiн сома жеке тұлғалардан алынатын
табыс салығын есептеу үшiн белгiленген тәртiпте жергiлiктi бюджет
кiрiсiне есептеледi.
13. Кәсiпкер патентiн жоғалтып алған жағдайда дәлелдi себебi
бар болса, салық инспекциясы оған патенттiң көшiрмесiн бередi.
14. Патенттiң нысанын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы бекiтедi.
15. Патент бланкаларын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы орталықтандырылған тәртiпте
дайындап, облыстық және Алматы қалалық салық инспекцияларының
тапсырыстары бойынша олармен барлық салық органдарын қамтамасыз
етедi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 16 тамыздағы
N 1126 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы салық инспекциясы
органдарының патенттерi негiзiнде жүзеге
асырылатын жеке кәсiпкерлердiң кәсiпкерлiк
қызмет түрлерiнiң
ҮЛГI ТIЗБЕСI
1. Халық тұтынатын тауарлар өндiру және сату жөнiндегi қызмет:
киiм және басқа тiгiн бұйымдарын тiгу және сату;
мех бұйымдарын тiгу және сату;
тоқыма бұйымдарын тоқу және сату;
аяқ киiм тiгу және сату;
галантерея бұйымдары мен бижутериялар жасау және сату;
ойыншықтар мен кәдесыйлар жасау және сату;
жасанды гүлдер мен азагүлдер әзiрлеу және сату;
қаңылтыр бұйымдар жасау және сату;
жиhаз және басқа ағаш бұйымдарын жасау және сату;
кiлем және кiлем бұйымдарын тоқу және сату;
2. Жеке тұлғалардың халыққа тұрмыстық қызмет көрсету
саласына қатысты қызметтер:
металл бұйымдарын, тұрмыстық машиналар мен приборларды
жөндеу;
радиотеледидар аппаратураларын жөндеу;
сағат жөндеу;
киiм, аяқ киiм, бас киiм, мех, тiгiн және галантерея
бұйымдарын жөндеу;
кесу аспаптарын жөндеу және қайрау;
суретке түсiру және басқа фото жұмыстары;
автомобильдерге және басқа көлiк құралдарына техникалық
қызмет көрсету және жөндеу;
химиялық тазартулар;
монша-кiр жуу қызметтерiн көрсету;
шаштараз, сондай-ақ емдеумен немесе хирургиялық қызметпен
байланысы жоқ массаж жасау және косметикалық қызметтер;
жеке автомобильдер және басқа көлiк құралдары иелерiнiң
азаматтарға көлiк қызметiн көрсету;
салтанаттар мен салт-дәстүр жиындарына музыкалық қызмет
көрсету;
мәтiндердi аудару;
машинка басу жұмыстары;
музыка аспаптарын жөндеу және күйге келтiру;
қашап жазу жұмыстары;
дыбыс жазу.
3. Жеке тұлғалардың әлеуметтiк-мәдени саласына қатысты
қызметтерi:
репетитор ретiнде сабақ өткiзу;
дене шынықтыру-сауықтыру қызметi;
медициналық және дәрiгерлiк қызметпен айналысу.
4. Басқа қызмет түрлерi:
бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызмет;
тауар биржаларындағы кәсiби қызмет;
Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген кеден режимдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызмет шеңберiндегi кеден қызметiн (кеден делдалдары) көрсету;
инновациялық, консультациялық (заң консультациясын қоса) және оқытушылық қызметпен айналысу;
әншi құстар мен басқа құстар өсiру және сату.