1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарманың мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiлген Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармаға қарасты Қазақ гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институтын (ҚазҒМҒЗИ) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасының Қазақтың қоршаған орта және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты (ҚазҚОҚМҒЗИ) етiп қайта құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақтың қоршаған орта және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары бекiтiлсiн:
қоршаған ортаның кешендi мониторингiн енгiзу әдiстерiн әзiрлеу және оның табиғатқа тигiзер техногендiк әсерiне баға беру;
озон қабаты мониторингiн жүзеге асыру, оның бұзылуы мен қалпына келу процестерiн зерттеу, озон қабатына адамның әсер етуiн болдырмау шараларының жүйесiн әзiрлеу;
табиғи ортаның ластануы мониторингi ұйымын және қоршаған ортаның ластану процестерiн зерделеу, оны сауықтыру жөнiнде ұсынымдар дайындау;
гидрометеорологиялық процестер мен климат өзгерiстерiнiң заңдылықтарын зерделеу, ауа райын, өзен сулары мен су қоймаларындағы тоспа суларды, ауыл шаруашылығы дақылдары мен жемдiк дақылдардың, жайылымдар мен мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi болжау әдiстерiн әзiрлеу және жетiлдiру;
климаттық, гидрологиялық және агрометеорологиялық ресурстарды, олардың табиғи және антропогендiк факторларының әсерiнен болуы мүмкiн өзгерiстердi зерттеу, осыларды еске ала отырып, республика шаруашылық салаларының мiндеттерiн шешу кезiнде ұсынымдар әзiрлеу;
Арал теңiзiнiң, Каспий теңiзiнiң солтүстiк-шығыс бөлiгiнiң, Балқаш көлiнiң, Семей ядролық полигонының, Байқоныр ғарыш айлағының және соларға iргелес аумақтардың гидрометеорологиялық режимiн кешендi зерделеу, гидрометеорологиялық шараларды ескере отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану үшiн ұсынымдар әзiрлеу;
тосын гидрометеорологиялық құбылыстарды, сел процестерiнiң және қар көшкiнiнiң механикасын, оларды есептеу модельдерi мен болжау әдiстерiн жасау, сондай-ақ жер бетiндегi радиациалық жағдайды зерделеу;
қоршаған орта мониторингiнiң және гидрометеорологиялық қызмет көрсету жүйесiнiң экономикасы, оларды басқару және ұйымдастыру;
ауа райын және климатты болжаудың дәстүрлi емес әдiстерiн зерделеу;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы бөлiмшелерiнiң жедел-өндiрiстiк қызметiн ғылыми-әдiстемелiк басқару.
3. Қазақтың қоршаған орта және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты заңды тұлға болып табылады және оның дербес балансы болады деп айқындалсын.
4. Қазақтың қоршаған орта және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты басшы және ғылыми қызметкерлерiнiң жалақысы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң басшы және ғылыми қызметкер санаттарына сәйкес деңгейде белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы шығыс сметаларын жасаған кезде Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақтың қоршаған орта және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды көздесiн.
6. "Қазақ гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институты туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 19 мамырдағы N 443 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1992 ж. N 20, 321-бап) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi