"Байланыс қызметінің тарифтері туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 тамыздағы N 1201 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:
      "Байланыс қызметінің тарифтері туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік почтасына Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің келісуі бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге берілетін почта байланысы қызметтеріне Дүниежүзілік почта Одағының ұсынымына және пайдалана тұрудың арнаулы құқықтары (ПАҚ) негізіндегі Байланыстың Аймақтық Ынтымақтастығының шешімдеріне сүйене отырып, 1995 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тариф белгілеуге құқық берілсін".
      Екінші абзац үшінші абзац болып саналсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 мая 1995 г. N 732 "О тарифах на услуги связи"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 29 августа 1995 года N 1201. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 17 марта 2003 г. N 258

      Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      Внести в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 мая 1995 г. N 732 P950732_  "О тарифах на услуги связи" следующее дополнение:
      пункт 1 дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "Предоставить право Государственной почте Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан по согласованию с Государственным комитетом Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике устанавливать с 1 сентября 1995 года тарифы на услуги почтовой связи, предоставляемые за пределы Республики Казахстан, исходя из рекомендаций Всемирного почтового Союза и решений Регионального Содружества Связи на основе СПЗ (специальные права заимствования)".
      Абзац второй считать абзацем третьим.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан