Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Ескерту. Мәтіндегі сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.17. N 258 қаулысымен .
      Байланыс қызметiне баға белгiлеу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясына Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттігiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге берiлетiн (халықаралық) телефон-телеграф байланысының қалааралық қызметiне Халықаралық телефон және телеграф жөнiндегi консультативтiк комитетiнiң ұсынымына және алып пайдаланудың арнаулы құқықтары негiзiндегi Байланыстың Аймақтық Ынтымақтастығының шешiмдерiне сүйене отырып, 1995 жылғы 1 маусымнан бастап тариф белгiлеуге құқық берiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік почтасына Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің келісуі бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге берілетін почта байланысы қызметтеріне Дүниежүзілік почта Одағының ұсынымына және пайдалана тұрудың арнаулы құқықтары (ПАҚ) негізіндегі Байланыстың Аймақтық Ынтымақтастығының шешімдеріне сүйене отырып, 1995 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тариф белгілеуге құқық берілсін.
      Валюталарды теңгеге есептеу байланыс қызметi көрсетiлген айдың басында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолданылып жүрген ресми бағамы бойынша жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1995.08.29. N 1201 қаулысымен .
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттігi барлық тұтынушылар үшiн Қазақстан Республикасы iшiнде көрсетiлген байланыс қызметi негiзiндегi тарифтердi реттейдi деп белгiленсiн.
      3. "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясы байланыс кәсiпорындарын техникалық құралдармен жабдықтау шаралары бойынша жергiлiктi сөйлесулердiң уақытына қарай құнын есептеудi енгiзудi жүзеге асырсын.
      4. <*>
      Ескерту. 4 тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады