Республикада валюталық бақылау ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 31 тамыз N 1207. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.19. N 753 қаулысымен.

      Республикада валюталық заңдардың және валюталық операцияларды жүргiзу тәртiптерiнiң сақталуына, мемлекеттiк органдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шетелдiк кредиттердi нысаналы пайдалануына және дар кезiнде өтеуiне, валюталық түсiмдердiң, шетелдiк валютамен басқа да мiндеттi аударымдардың мемлекет кiрiсiне толық және мерзiмiнде түсуiне қамтамасыз етуге бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Республикадағы валюталық бақылаудың мемлекеттiк органы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi болып белгiленсiн.
      2. "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z932100_ сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi жүзеге асыратын негiзгi орган болып табылатыны ескерiлсiн. Ол валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерiндегi қызметтерiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының Z952155_ 48, 56, 61 және 62-баптарына сәйкес жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      шетелдiк инвесторлардан тиесiлi мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерiнiң (бонустар, роялти және т.б.) республика кiрiсiне түсуiн толық есепке алуды және бақылауды қамтамасыз етсiн;
      сыртқы экономикалық қызметке байланысты кiрiстердiң бюджетке түсу жоспарын белгiлеп, олардың түсуiне бақылау орнатсын;
      банктерден басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң валюталық операцияларының бухгалтерлiк есебiнен және олардың есеп беруде көрiнiс табуының бiрыңғай әдiстемелiк негiздерiн белгiлесiн;
      халықаралық қаржы ұйымдары заемдарының бюджетке түсуiнiң жобалық сомасын айқындап, осы ұйымдардың бұдан бұрын алынған кредиттердiң толық есебi мен өтелуiн қамтамасыз етсiн;
      сыртқы қарыздарды таратуға, пайдалануға, соның iшiнде техникалық көмектiң сыртқы заемдары жөнiндегi келiсiмдердiң, тартылып отырған шетелдiк кредиттер бойынша қаржыландыруға ұсынылған жобалардың сараптамасына байланысты барлық мәселелердi шешуге қатысып отырсын;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шетелдiк капиталды пайдалану жөнiндегi комитетпен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесе отырып техникалық көмек жобаларын пайдалану бағыттарын айқындайтын болсын;
      мемлекеттiң сыртқы қарызының есепке алынуын қамтамасыз етiп, ол бойынша Үкiметке және Халықаралық қаржы ұйымдарына есеп берiп отырсын;
      Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шетелдiк кредиттердi пайдалану мен өтеу жөнiнде есеп беруiнiң қажеттi нысандарын бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп екiншi деңгейдегi банктердiң сыртқы қарыздар жөнiнде есеп беруiнiң қажеттi нысандарын бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен тартылатын шет мемлекеттер мен банктер заемдарының шеңберiнде жасалған барлық кредиттiк келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырсын;
      Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн рәсiмдесiн;
      кепiлдiктер берудiң және кредиттiк келiсiмдердi тiркеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықтарды бекiтсiн;
      мемлекеттiң сыртқы қарызын басқарудың бiрыңғай жүйесiн жасасын;
      шетелдiк кредиттiк желiлер бойынша мемлекет есебiне өтелген қарыздар жөнiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бюджет алдындағы борышын өтеуiнiң есебiн қамтамасыз етсiн;
      нақты тауар түрлерi бойынша экспорттық және импорттық баждардың ставкаларын жасауға қатыссын;
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келiсiмдер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепiлдiктерi бойынша берiлетiн шетелдiк валютадағы кредиттердi тиiмдi пайдалануға бақылау орнатсын;
      шетелдiк мемлекеттермен қаржылық және мүлiктiк талаптар қою iсiне қатыссын;
      мемлекеттiң кеден шекарасы арқылы заңды тұлғалар бажсыз тасымалдайтын тауарлардың көлемiн анықтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатыссын;
      тауарлар мен қызметтердi экспорттауды квоталау және лицензиялау тәртiбiн сақтауға бақылау жасауды қамтамасыз етсiн;
      импортталатын тауарлар бойынша акциздер мен қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерi бойынша ұсыныстар әзiрлесiн;
      шетелдiк iссапарларға жұмсалатын валюталық қаражаттың көлемiн жоспарласын және осы қаражатты пайдаланудың тәртiбi туралы ұсыныстар әзiрленсiн;
      шетелдiк iссапарларға жұмсалатын шығындардың мөлшерiн бекiтсiн және осы қаржының аванстық есебiн анықтау тәртiбiн айқындасын;
      Қазақстан Республикасының шетелдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiн қаржыландырудың негiзгi принциптерiн жасасын және осы мекемелердiң есеп және есеп беру тәртiбiн анықтасын, сондай-ақ жергiлiктi жерлерге барып осы мекемелердiң аталған қаржыны нысаналы пайдалануына бақылау жасасын;
      валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiндегi нормативтiк құжаттар әзiрлеуге, шетелдiк инвестицияларды тартуға, аталған мәселелер бойынша заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар даярлауға қатыссын;
      4. Осыған орай:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орталық аппаратының құрамында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жергiлiктi басқару органдары үшiн белгiленген жалпы лимит шегiнде Сыртқы борышты реттеу, валюталық және экспорттық бақылау департаментi құрылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi 1 машинаға арттырылсын.
      6. Сыртқы борышты реттеу, валюталық және экспорттық бақылау департаментi директорының лауазымы дәрiгерлiк және тұрмыстық қамсыздандыру, көлiктiк қызмет көрсету шарттары бойынша Қазақстан Республикасы министрiнiң орынбасары лауазымына теңестiрiлсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiне республиканың кеден шекарасынан өткен кезде заңды және жеке тұлғалардан тәргiленiп алынған валюталық құндылықтарды есепке алуға, бағалауға және оларды нысаналы пайдалануға бақылау жасауды қамтамасыз ету мiндетi жүктелсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Сыртқы борышты реттеу, валюталық және экспорттық бақылау департаментi туралы Ереженi бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Об организации валютного контроля в республике

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 августа 1995 г. N 1207. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 июня 1996 г. N 753 ~P960753.

      В целях усиления контроля за соблюдением валютного законодательства и правил ведения валютных операций в республике, целевым использованием и своевременным погашением иностранных кредитов государственными органами и хозяйствующими субъектами, обеспечением полноты и своевременности поступления валютной выручки, других обязательных отчислений в иностранной валюте в доход государства Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить государственным органом валютного контроля в республике - Министерство финансов Республики Казахстан.
      2. Учесть, что Национальный Банк Республики Казахстан в соответствии с Законом Республики Казахстан Z932100_ "О валютном регулировании" является основным органом, осуществляющим валютное регулирование в Республике Казахстан. Функции в вопросах валютного регулирования и валютного контроля осуществляются им в соответствии со статьями 48, 56, 61 и 62 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона Z952155_ "О Национальном Банке Республики Казахстан".
       3. Министерству финансов Республики Казахстан:
      обеспечить полноту учета и контроль за поступлением в доход государства всех видов обязательных платежей, причитающихся от иностранных инвесторов (бонусов, роялти и т.д.):
      определить план поступлений в бюджет доходов, связанных с внешнеэкономической деятельностью и установить контроль за их поступлением;
      определить единые методологические основы бухгалтерского учета и отражения в отчетности валютных операций хозяйствующими субъектами кроме банков;
      определить проектную сумму поступлений в бюджет займов международных финансовых организаций и обеспечить полноту учета и погашения ранее полученных кредитов от этих организаций;
      участвовать в решении всех вопросов, связанных с привлечением, использованием внешних займов, включая экспертизу соглашений по внешним займам технической помощи, проектов, предложенных для финансирования по привлекаемым иностранным кредитам;
      совместно с Комитетом по использованию иностранного капитала при Кабинете Министров Республики Казахстан и Министерством экономики Республики Казахстан определить направления использования проектов технической помощи;
      обеспечить учет внешнего долга государства и представлять отчеты по нему Правительству и международным финансовым организациям;
      утвердить совместно с Государственным комитетом Республики Казахстан по статистике и анализу необходимые формы отчетности хозяйствующих субъектов по использованию и погашению иностранных кредитов;
      утвердить совместно с Национальным Банком Республики Казахстан необходимые формы отчетности по внешнему долгу банков второго уровня;
      осуществлять регистрацию всех кредитных соглашений, заключенных в рамках займов иностранных государств и банков, привлекаемых под гарантии Республики Казахстан;
      оформлять гарантии Республики Казахстан;
      утверждать инструкции о порядке выдачи гарантий и регистрации кредитных соглашений;
      создать единую систему управления внешним долгом государства;
      обеспечить учет погашения хозяйствующими субъектами задолженности перед бюджетом по долгам погашенным за счет государства по иностранным кредитным линиям;
      участвовать в разработке ставок экспортных и импортных пошлин по конкретным видам товаров;
      установить контроль за эффективным использованием кредитов в иностранной валюте, предоставляемых Республике Казахстан на основе международных договоров и соглашений, а также по гарантиям Республики Казахстан;
      участвовать в процессе регулирования финансовых и имущественных претензий с иностранными государствами;
      участвовать в разработке предложений по определению объемов беспошлинно перевозимых товаров физическими лицами через таможенную границу государства;
      обеспечить контроль за соблюдением порядка квотирования и лицензирование экспорта товаров и услуг;
      готовить предложения по размерам акцизов и налога на добавленную стоимость по импортируемым товарам;
      планировать объемы валютных средств на заграничные служебные командировки и разрабатывать предложения о порядке использования этих средств;
      утверждать нормы расходов на заграничные командировки и определять порядок представления авансовых отчетов;
      разработать основные принципы финансирования посольств и представительств Республики Казахстан за рубежом и определить порядок организации учета и отчетности этих учреждений, а также осуществлять проверки целевого использования этих средств с выездом на место;
      участвовать в разработке нормативных документов по валютному регулированию и валютному контролю, привлечению иностранных инвестиций, подготовке предложений по совершенствованию законодательства по данным вопросам.
      4. В связи с этим:
      образовать в составе центрального аппарата Министерства финансов Республики Казахстан Департамент регулирования внешнего долга, валютного и экспортного контроля в пределах общего лимита численности, установленного для местных органов управления системы Министерства финансов Республики Казахстан.
      5. Увеличить Министерству финансов Республики Казахстан лимит служебных легковых автомобилей на 1 единицу.
      6. Приравнять должность директора Департамента регулирования внешнего долга, валютного и экспортного контроля по условиям медицинского и бытового обеспечения, транспортного обслуживания к должности заместителя Министра Республики Казахстан.
      7. Создать Таможенный комитет при Кабинете Министров Республики Казахстан обеспечить должным образом учет, оценку и контроль за целевым использованием конфискованных валютных ценностей, изъятых у юридических и физических лиц при прохождении таможенной границы республики.
      8. Министерству финансов Республики Казахстан в месячный срок утвердить Положение о Департаменте регулирования внешнего долга, валютного и экспортного контроля.
    Премьер-министр
  Республики Казахстан