Валюталық реттеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 14 сәуiр N 2141-XII. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 55-1 Заңымен. ~Z960055


      Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында валюта операцияларын жүзеге асыру қағидаттарын, валюталық қатынастар субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, валюталық заңдарды бұзғандық үшiн жауаптылықты белгiлейдi. Валюталық реттеу жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi:
      - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есеп

 

айырысулар үшiн белгiленген тәртiптi қолдау;

     - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы үшiн нарықтық

айырбас құнын әзiрлеп, енгiзу;

     - ағындағы валюта операциялары бойынша айырбастылықты енгiзу

және сыртқы төлемдер мен түсiмдер жасаудың тиiстi тәртiбiн

қамтамасыз ету болып табылады.


                    I бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


     1-бап. Негiзгi ұғымдар

     Осы заңда қолданылатын ұғымдар мынадай мағына бередi:


 
       1. "Валюта" - заңды төлем қаражаттары ретiнде мемлекеттер қабылдаған әртүрлi ақша бiрлiктерi немесе құнның банкнот және теңге, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған (айналымнан алынған немесе алынып жатқан, бiрақ айналымдағы ақша белгiлерiне айырбастауға жататындарын қоса алғанда) түрiндегi ресми стандарттары, сондай-ақ есепшоттардағы, оның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттар.
      2. "Қазақстан Республикасының валютасы" - өз аумағында заңды төлем қаражаты ретiнде қабылдауға мiндеттi ақша бiрлiгi.
      3. "Шетел валютасы" - шет мемлекеттердiң ақша бiрлiктерi (заңды төлем қаражаттары).
      4. "Айырбасталатын шетелдiк валюта"- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi (бұдан әрi - Ұлттық банк) жариялайтын айырбасқа қабiлеттi валюталар тiзiмiне кiретiн басқа мемлекеттiң валютасы.
      5. "Резиденттер":
      а) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi бар, оның iшiнде уақытша шет елде жүрген нақты адамдар;
      б) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылып, Қазақстан Республикасында орналасқан барлық заңды ұйымдар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;
      в) Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық, сауда және өзге ресми өкiлдiктерi, сондай-ақ заңды ұйым мәртебесi жоқ және шаруашылық немесе өзге коммерциялық қызметтi жүзеге асырмайтын өзге де өкiлдiктерi.
      6. "Резидент еместер" - "резиденттер" ұғымында көрсетiлмеген Қазақстан Республикасындағы немесе шет елдегi барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерi.
      7. "Валюталық қазыналар":
      а) валюта;
      б) чектердi, вексельдердi, жол чектерiн, аккредитивтердi, депозитивтiк сертификаттарды, акцияларды, облигацияларды, жарна туралы куәлiктердi және басқаларды қоса алғанда, бiрақ тек осылар ғана емес, шетелдiк және ұлттық валюта түрiндегi бағалы қағаздар мен төлем құжаттары;
      в) қымбат металдар - алтын, платина және платина тобының тiс дәрiгерлiк техникасында қолданылатыннан басқа құймалар, ескi шекiме теңгелер, шала өнiмдер түрiндегi металдары, сондай-ақ осы металдардан жасалған зергерлiк және басқа да тұрмыстық бұйымдардан басқа бұйымдар.
      ЕСКЕРТУ. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.04.21.
               N 2229 жарлығымен.
      8. "Валюта операциялары":
      а) меншiк құқығының және өзге де құқықтардың валюталық қазыналарға көшуiне байланысты операциялар, оның iшiнде төлем қаражаты ретiнде шетелдiк валюталар мен шетелдiк валютадағы төлем құжаттарын пайдалануымен байланысты операциялар;
      б) валюталық қазыналарды Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ кез келген әдiспен Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;
      в) халықаралық банк және почта аударымдарын жүзеге асыру.
      9. "Ағымдағы валюта операциялары":
      а) тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi сыртқа шығару мен сырттан әкелу бойынша төлемдi кейiнге қалдырмай есеп айырысулар үшiн Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан аударымдар;
      б) әкету-әкелу операцияларына 180 күннен аспайтын мерзiмге кредит берумен байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
      в) 180 күннен аспайтын мерзiмге қаржылай кредит беру және алу;
      г) салымдар, инвестициялар, заемдар және өзге де операциялар бойынша дивидендтердi, проценттердi және өзге де табыстарды аудару мен алу;
      д) Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан жалақы, зейнетақы, мұра, алименттер және басқалар сомасының аудандарын қоса алғанда, сауда сипатындағы емес аударымдар жасау.
      10. "Капитал қозғалысына байланысты валюта операциялары":
      а) тiкелей инвестициялар (негiзгi мақсаты заңды ұйымға тiкелей немесе жанама бақылауды сатып алу болатын күрделi қаржы жұмсау);
      б) портфельдiк инвестициялар (негiзгi мақсаты жұмсалған күрделi қаржыға табыс алу болып табылатын күрделi қаржы жұмсау);
      в) қозғалмайтын мүлiктерге мүлiктiк және өзге де құқықтарға төлемге қаржы аудару;
      г) тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi сыртқа шығару мен сырттан әкелу бойынша төлемдi 180 күн мерзiмге кейiнге қалдыруды беру және алу;
      д) 180 күннен астам мерзiмге қаржылай кредит беру және алу;
      е) ағымдағы валюта операциялары болып табылмайтын барлық өзге валюта операциялары.
      11. "Уәкiлеттi банкiлер" - валюта операцияларын жүргiзуге Ұлттық банкiнiң рұқсатын алған банкiлер мен өзге де кредит берушi мекемелер.
      12. "Айырбастау пункттерi" - қолма-қол валютамен айырбас операцияларын жүзеге асыруға Ұлттық банкiнiң рұқсаты бар заңды ұйымдар.
      13. "Валюталық реттеу" - қалыпты құжаттар әзiрлеудi, ақпарат

 

жинауды, валюталық заңдардың сақталуын бақылауды және валюталық

заңдарды бұзуға жол берген тараптарға жаза қолдануды қамтиды.


     2-бап. Заңның қолданылу аясы

     Осы Заң:

     а) Қазақстан Республикасының валютасымен, сондай-ақ

Қазақстан Республикасында шетелдiк валютамен операциялар бойынша

есеп айырысулармен;

     б) Қазақстан Республикасында орын алатын, сондай-ақ

Қазақстан Республикасының резиденттерi шет елде жүргiзетiн валюта

операцияларымен байланысты туындайтын қатынастарды реттеу үшiн

қолданылады.


          II бөлiм. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ


     3-бап. Мемлекеттiк өкiмет органдарының валюталық

            реттеу саласындағы өкiлеттiктерi


 
       1. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi өз құзыреттерi шегiнде валюталық реттеу саласында осы Заң ережелерiне қайшы келмейтiн қалыпты құжаттар қабылдайды.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес валюталық реттеу функциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының валюталық реттеу органдары болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.04.21.
               N 2229 жарлығымен.
 
      4-бап. Қазақстан Республикасында шетелдiк
             валютамен жасалатын операциялар
      1. Резиденттер арасындағы барлық шарттасулар мен операциялар Валюта операциялары туралы ережелерде көзделгеннен басқа жағдайларға тек Қазақстан Республикасының валютасымен жасалып, жүзеге асырылуы тиiс.
      2. Резиденттер арасындағы есеп айырысулар Қазақстан Республикасының валютасымен шектеусiз жүзеге асырылады.
      3. Резиденттер шетелдiк валютаны Қазақстан Республикасының iшкi рыногында Ұлттық банк белгiлеген тәртiп пен мақсатта сатып алуға құқылы.
      4. Қазақстан Республикасында шетелдiк валютаны сатып алу мен сату Ұлттық банк белгiлеген тәртiпте уәкiлеттi банкiлер мен айырбастау пункттерi арқылы жүргiзiледi.
      Шетелдiк валютаны уәкiлеттi банкiлер мен айырбастау пункттерiн айналып өтiп сатып алу мен сатуға жол берiлмейдi.
      5. Қазақстан Республикасы аумағында резиденттер мен резидент еместер арасындағы есеп айырысу операциялары тараптардың келiсiмiмен кез келген валютада Валюта операциялары туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
 
      5-бап. Резиденттер мен резидент еместерден
             банкiлердегi есепшоттары
      1. Резиденттердiң уәкiлеттi банкiлерде Ұлттық банк белгiлеген тәртiппен шетелдiк валютадағы есепшоттары болуы мүмкiн. Егер осы заңды ұйым алған ұлттық банкiнiң рұқсатында өзгеше көзделмеген болса, резиденттер алатын шетелдiк валюта олардың уәкiлеттi банкiлердегi есепшоттарына мiндеттi түрде есепке алуға жатады.
      2. Ұлттық банкiнiң рұқсаты болған жағдайда шетелдiк банкiлерде резиденттердiң шетелдiк валютадағы есепшоттары болуы мүмкiн.
      3. Резидент еместердiң уәкiлеттi банктерде ұлттық банк белгiлеген тәртiппен шетелдiк валютадағы және Қазақстан Республикасы валютасындағы есепшоттары болуы мүмкiн.
 
      6-бап. Валюталық қазыналардың шекара арқылы қозғалысы
      1. Резиденттер немесе резидент еместер валюталық қазыналарды әкелудi шектеусiз жүзеге асырады.
      2. Әкелiнетiн валюта, осы құндылықтардың Ұлттық банк белгiлейтiн ең аз мөлшерiнен артқан жағдайда, кеденде декларациялауға жатады.
      3. Резиденттер шетелдiк валютаны Ұлттық банк белгiлеген ережелерге сәйкес әкете алады.
      4. Резидент еместердiң валютаны әкетуi әкелген кезде жасалған мәлiмдеуге сәйкес жүргiзiледi. Әкелген кездегi мәлiмдеуде көрсетiлген сомадан асып кеткен жағдайда тарап әкетiлiп бара жатқан соманың заңдылығын растап уәкiлеттi банкi берген құжатты көрсетуi тиiс.
      5. Ұлттық валюта түрiндегi бағалы қағаздарды әкелу мен әкету Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
      6. Ұлттық және шетелдiк валюта түрiндегi валюталардан немесе бағалы қағаздардан басқа валюталық құндылықтарды әкелу мен әкету Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi және толықтырылды - ҚР
               Президентiнiң 1995.04.21. N 2229 жарлығымен.
 
      7-бап. Жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық
             банкiсiнде алдын ала тiркеу талап етiлетiн операциялар
      Ұлттық банкiде алдын ала тiркеу мына операцияларды жүргiзген кезде талап етiледi:
      - капиталдың қозғалысымен байланысты, Қазақстан Республикасының валютасын, шет ел валютасын, шет ел валютасы түрiндегi бағалы қағаздарды, шет ел валютасы түрiндегi төлем құжаттарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операциялар.Шет ел инвестицияларымен байланысты операциялар Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қабылдайтын жеке қалыпты құжатпен реттеледi.
      - шет елде резиденттердiң шетелдiк валютамен несиелер және кредиттер беруi мен алуы.
      ЕСКЕРТУ. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.04.21.
               N 2229 жарлығымен.
 
      7-1-бап. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар
               жөнiндегi ұлттық комиссиясында алдын-ала
               тiркеу талап етiлiп жасалатын операциялар
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық

 

комиссиясында алдын-ала тiркелу мынадай операцияларды жасаған

кезде талап етiледi:

     - капиталдың қозғалысымен байланысты Қазақстан Республикасының

Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы эмиссиясын тiркеген

бағалы қағаздар қолданылып жүзеге асырылатын операциялар;

     - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық

комиссиясы Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысқа рұқсат еткен

бағалы қағаздар қолданылатын операциялар.



     ЕСКЕРТУ. Заң жаңа 7-1-баппен толықтырылды - ҚР Президентiнiң

              1995.04.21. N 2229 жарлығымен.


          III бөлiм. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

                     АЙЫРБАС ОПЕРАЦИЯЛАРЫ


     8-бап. Айырбас құны


 
       1. Қазақстан Республикасы валютасының шет мемлекеттер ақша бiрлiктерiне шаққандағы құнын нарықтық валюта айырбастау операциялары негiзiнде Ұлттық банк анықтап, баспасөзде жарияланады.
      2. Қазақстан Республикасының валютасына бағаналы шетелдiк валютаны сату және сатып алу үшiн айырбас құнын сатып алушы мен сатушы өздерi белгiлейдi.
 
      9-бап. Айырбас операциялары
      1. Өз есепшоттары бойынша жүргiзiлетiн айырбас операцияларына қатысты әрбiр уәкiлеттi банк шетелдiк валюта жөнiндегi өз жағдайын негiзге ала отырып, шетелдiк валютаны Қазақстан Республикасында да, шет елде де еркiн сатып алады және сата алады.
      2. Шетелдiк валютаны сатып алу-сату жөнiндегi операцияларды уәкiлеттi банкiлер мен айырбастау пункттерi ғана жүзеге асырады.
      3. Уәкiлеттi банкiлер шетелдiк валютаны сатып алу-сату жөнiндегi операцияларды Ұлттық банк арқылы да жүзеге асыра алады.
      4. Уәкiлеттi банкiлер мен айырбастау пункттерiн айналып өтiп, Ұлттық банкiнiң рұқсатынсыз шетелдiк валютаны сатып алу мен сатуға жол берiлмейдi.
 
      10-бап. Шетелдiк валютаны сатып алу
      1. Шетелдiк валюта Ұлттық банк белгiлеген тәртiппен шет елде немесе Қазақстан Республикасында ағымдағы валюта операцияларын жүзеге асыру үшiн қажет болған жағдайда әрбiр резиденттiң Қазақстан Республикасы валютасының баламалы сомасына шетелдiк валюта сатып алуға қақысы бар.
      2. Қазақстан Республикасында шетелдiк валюта үшiн төлем кезiнде пайдаланылатын қаражат резидент еместiң Ұлттық банк белгiлеген есепшоттар режимiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттен алған ағымдағы төлемнен келтiрген табысы болып табылған жағдайда, оның шетелдiк валюта сатып алуға құқығы бар.
 
      11-бап. Шетелдiк валютаны сату
      1. Резиденттер мен резидент еместердiң Қазақстан Республикасында Ұлттық банк белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi банкiлер және айырбастау пункттерi арқылы Қазақстан Республикасы валютасының баламалы сомасына айырбасқа шетелдiк валюта сатуға құқығы бар.
      2. Шет елден немесе Қазақстан Республикасындағы резидент еместен валюталық түсiм алатын әрбiр резидент шетелдiк валютада алған сомасын уәкiлеттi банкiнiң валюталық есепшотына салып, Ұлттық банкiнiң рұқсаты болған ретте шет елде ағымдағы төлемдер үшiн өз билiгiнде ұстап отырғаннан басқа жағдайларда, осы сияқты кез келген түсiмнен шетелдiк валютада келтiрген табысының сомасын Ұлттық банк белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасы валютасының баламалы сомасына айырбасқа сатады.
 
           IV бөлiм. СЫРТҚЫ ТӨЛЕМДЕР ТӘРТIБI
 
      12-бап Ағымдағы төлемдер және табыстарды аудару
      1. Резиденттер мен резидент еместер арасында ағымдағы валюта операциялары жүзеге асыру шектеусiз жүргiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасының валютасымен, шет ел валютасымен жасалатын ағымдағы операциялар және капиталдың қозғалысымен байланысты, Қазақстан Республикасының валютасы, шет ел валютасы, шет ел валютасы түрiндегi бағалы қағаздар пайдаланылатын операциялар Ұлттық Банк дүниежүзiлiк практиканы ескере отырып белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Бағалы қағаздарды төлем құжаттары ретiнде пайдалану Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының келiсуiмен, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың нормаларын және дүниежүзiлiк практиканы ескере отырып белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi және 3-тармақпен
               толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.04.21. N 2229
               жарлығымен.
 
      13-бап. Шет елдегi есепшоттар
      1. Уәкiлеттi банкiлердiң өз есепшоттары да, резиденттер мен резидент еместер есепшоттары да бойынша жүргiзiлетiн операциялар үшiн шетелдiк банкiлерде қатынас есепшоттары болуы мүмкiн.
      2. Ұлттық банк шет елдегi есепшоттар арқылы жүзеге асырылатын төлемдер мен түсiмдер жөнiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау үшiн қажет деп есептейтiн кез келген ақпаратты талап ете алады.
 
      14-бап. Тауарларды, көрсетiлетiн қызметтер мен капиталды
              сыртқа шығару шарттарын төлеу жағдайы
      1. Қазақстан Республикасынан тауарларды, көрсетiлетiн қызметтер мен капиталды сыртқа шығару үшiн төлемдер алушы банк ретiнде уәкiлеттi банкiлердiң бiрi арқылы сыртқа шығару табысын аудару жолымен жүзеге асырылады.
      2. Алушы сыртқа шығару табысы ретiнде шетелдiк валютаны алған

 

бойда осы Заңның 11-бабына сәйкес бұл қаражатты уәкiлеттi

банкiлер арқылы аударуы тиiс.

     3. Ұлттық банк сыртқа шығару операциясының валютасы осы

баптың 1-бөлiгiне сәйкес айырбасталатын валюта болсын деген

ұйғарым беруi мүмкiн.


     V бөлiм. УӘКIЛЕТТI БАНКIЛЕР МЕН АЙЫРБАСТАУ

              ПУНКТТЕРIНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАР БЕРУ


     15-бап. Лицензия беру

     1. Техникалық және бiлiктiлiк талаптар сақталған жағдайда,

сондай-ақ ұйымдық құрылымдар болған ретте Ұлттық банк шетелдiк

валютамен операциялар жасау құқығына лицензия мынадай

субъектiлерге:

     а) уәкiлеттi банк ретiнде кез келген банкiге;

     б) айырбастау пунктi ретiнде кез келген заңды ұйымға бередi.


 
       2. Уәкiлеттiк банк мәртебесiн алу үшiн банкiлерге қажеттi

 

жарғылық қордың ең аз мөлшерiн Ұлттық банк белгiлейдi.

     3. Ұлттық банк уәкiлеттi банкiлер тiзбесiн жүргiзiп, оны

баспасөзде жариялайды.


     16-бап. Лицензияларды шектеу және қайтып алу

     Егер уәкiлеттi банк немесе айырбастау пунктi өздерi лицензия

алған шарттарды орындамайтын болса, Ұлттық банк шетелдiк

валютамен операциялар жүргiзу құқығын шектеуi немесе бұл құқықты

толық жою мүмкiн.


     VI бөлiм. ЕСЕП БЕРУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ

               БҰЗҒАНДЫҚ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ


     17-бап. Валюта операциялары туралы есеп

             беру және ақпарат табыс ету


 
       1. Валюта операциялары жөнiнде есеп жүргiзудiң және есеп берудiң тәртiбi мен түрлерiн Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасында барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.
      2. Қазақстан Республикасындағы барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдар Ұлттық банк пен уәкiлеттi банкiге осы Заңның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оларға қажеттi ақпарат пен құжаттарды беруге мiндеттi, олар жария етуге жатпайды.
      ЕСКЕРТУ. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
               1995.04.21. N 2229 жарлығымен.
      18-бап. Валюталық заңдарды бұзғандық үшiн жауаптылық
      Валюталық заңдарды бұзуға кiнәлi заңды ұйым-резиденттердiң, оның iшiнде уәкiлеттi банкiлердiң лауазымды адамдары, сондай-ақ нақты адамдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық және азаматтық заңдарының қалыптарына сәйкес жауапты болады.
 
      19-бап. Халықаралық мiндеттемелердi орындау
      Халықаралық мiндеттемелердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Президентi кез келген валюта операцияларын шектеу немесе тоқтату жөнiнде Ұлттық банктiң орындауы үшiн мiндеттi шешiм қабылдауға құқылы.
 
      20-бап. Сыртқы қарыз
      1. Жыл сайын Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiн бекiтер кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан Республикасы сыртқы қарызының ең жоғары шегiн және Қазақстан Республикасы сыртқы қарызға беретiн кепiлiнiң (егемен кепiлiнiң) ең жоғары шегiн белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасындағы басқа қарыз алушыларға Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн қарыздар туралы бекiтiлген мөлшер шегiнде келiссөздер жүргiзу және халықаралық шарттарға қол қою өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне немесе өзге уәкiлеттi органға беруге Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқығы бар.

 

     Мұндай тәртiп Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен

алынатын өзге де қарыздарға қолданылады.


     21-бап. Дауларды шешу тәртiбi

     Валюталық қатынастар субъектiлерi арасында валюталық реттеу

саласында пайда болатын даулардың бәрi Қазақстан Республикасының

заңдары мен халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiнен шешiледi.



     Қазақстан Республикасының

             Президентi







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады