Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.13 № 930 Қаулысымен.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң кейбiр санаттарын қызметтiк тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
"Қызметтiк үй-жай берiлетiн қызметкерлер тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 455 P930455_ қаулысымен бекiтiлген Қызметтiк үй-жай берiлетiн қызметкерлер санаттары тiзбесiнiң 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 21, 262-бап) "совхоз жұмысшылары" деген сөздерден кейiн "шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың шекара және көлiктiк ветеринарлық бақылау пункттерiнiң бастықтары, мал дәрiгерлерi, ветеринар фельдшерлерi, ветеринар санитарлық және күзетшiлерi" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi