Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 455 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 қыркүйектегі N 1240 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 930 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.13 № 930 Қаулысымен.

      Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң кейбiр санаттарын қызметтiк тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      "Қызметтiк үй-жай берiлетiн қызметкерлер тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 455 P930455_ қаулысымен бекiтiлген Қызметтiк үй-жай берiлетiн қызметкерлер санаттары тiзбесiнiң 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 21, 262-бап) "совхоз жұмысшылары" деген сөздерден кейiн "шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың шекара және көлiктiк ветеринарлық бақылау пункттерiнiң бастықтары, мал дәрiгерлерi, ветеринар фельдшерлерi, ветеринар санитарлық және күзетшiлерi" деген сөздермен толықтырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады