"Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 383-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"ДАЭКО" акционерлiк компаниясының импортталатын тауарларына кеден бажының ставкаларын және тиiсiнше 1995 жылдың 11 қаңтарына және 1 сәуiрiне дейiн қолданылған қосымша құн салығын салу тәртiбiн қолдану туралы Қазақстан Республикасының Кеден-тариф кеңесiнiң 1995 жылғы 19 шiлдедегi N 4 шешiмiне келiсiм берiлсiн.
Премьер-министр