1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң және Қаржы министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң бас сауда басқармасын және оған бағынысты әскери саудаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мекемелерiнiң кредиттiк-есеп айырысу қызметiнде қалдыру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң бас сауда басқармасының айналым қаражатын толықтыру үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн ұстауға республикалық бюджет бойынша көзделген қаражат есебiнен қайтарым негiзiнде 50 (елу) млн. теңге бөлуге рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi